Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жұмысты сАпАлы АтқАрАмыз 

– мерзімінде тАпсырАмыз

Біз «Кәсіп» айдарында компаниямызда жұмыс істеп жатқан түрлі кәсіп пен мамандық өкілдері жайында әңгімелеп 

келеміз. Бізде әр түрлі маман еңбек ететін ерекше бригадалар бар. Бүгін біз сіздерді Алматының жұмысшылары ең көп 

бригадаларының бірімен таныстырмақпыз. Қазір олар 12 000 орынға арналған Мұзды аренада жұмыс атқаруда. Ол 

– Андрей Борисович Самородовтың бригадасы. Оның жетекшілігімен бригадада бетон құюшылар, арматурашылар, 

қалып орнатушылар, ағаш ұсталары, дәнекерлеушілер жұмыс істейді. 

Құрылыста кім ең маңызды

–  Андрей  Борисович,  бригадаңызда  түрлі 

мамандық иелері жұмыс істейді. Бригадаңыз-

дың құрылымы мен мамандардың міндеттері 

жайында кеңірек айтып берсеңіз. 

– Біздің бригадамыз үлкен. Қазір тізім бой-

ынша 88 адам бар, 80-і жұмыста – бірнешеуі 

демалыста, бірнешеуі сырқат. Бригадада негіз-

гі жұмыс істейтін адам саны – 40-45, олардың 

әрқайсысы компанияда 10, 15, 20 жылдан бері 

еңбек етіп келеді.

Монтаждаушы-бетон  құюшылардың  жұ-

мысы  ауыр.  Біз  ауа  райы  қандай  болса  да  – 

жаңбыр, қар, күн шыжып, жел ұйытқып соғып 

тұрса да жұмыс істей береміз. Барлық участок-

тардағы  тас  қалаушылар,  әрлеушілер,  элек-

триктер  секілді  өзге  мамандардың  жұмысы 

біздің  жұмысымыздың  сапасы  мен  жылдам-

дығына  байланысты.  Егер  монтаждаушылар 

кестеден кешігетін болса – сәйкесінше, қалған 

мамандар  да  кешеуілдейді.  Егер  кемшілікке 

жол берсе – кейінгі жұмыстардың барлығы да 

кері кетеді. Арматурашылар мен бетон құюш-

ылар  өз  жұмыстарын  тез  әрі  мінсіз  атқаруы 

тиіс,  себебі  олар,  бейнелеп  айтқанда  –  «БА-

ЗИС» мұзжарғышының тұмсығы іспетті. 

Бригадамыз  арматурашылар,  жабын  пли-

талары  қалыбын  орнатушылар,  қабырға  қа-

лыптарын  орнататын  қалып  орнатушылар, 

бетон құюшылар, ағаш ұсталары мамандықта-

ры бойынша звенолардан тұрады. Дәнекерле-

ушілер звеносы бар. Әр звенода орташа алған-

да 10-12 адамнан бар. Әр звеноның өз звено 

жетекшісі  бар,  олар  сызбаны  жақсы  білетін 

жоғары  квалификациялы  маман.  Жұмысы-

мыздың ауқымы үлкен және адам саны да көп 

болғандықтан  мен  бригадир  ретінде  тапсыр-

маны  әр  қызметкерге  жеке-жеке  бере  алмай-

мын. Прораб маған тапсырма береді, ал, мен 

таңертең звено жетекшілеріне бүгін атқаратын 

жұмыстарымызға  қатысты  нақты  міндеттер 

жүктеймін, ал, олар ары қарай оны қарамағын-

дағыларға түсіндіреді. 

Жұмыс  процесі  былай  жүреді:  алдымен 

арматурашылар звеносы кіреді де қабырғалар 

конструкциясы мен жабын бойынша арматура 

жұмыстарын  атқарады.  Егер  қабырға  жұмы-

стары болса – арматурашылар арматуралауды 

жоба бойынша жасайды. Мұнан соң қалып ор-

натушылар  звеносы  келіп,  қабырға  қалыбын 

орнатады. Ағаш ұсталары звеносы қалыптар, 

терезе  мен  есік  ойықтары  жабындарының 

едендерін жасайды. Одан кейін бетон құюшы-

лар звеносы оларды қабылдап алады да бетон 

құяды, оны қалайды, тегістейді және басқа да 

жұмыстарды  атқарады.  Барлық  жұмыс  қатар 

жүреді. Егер бір жерде арматурашылар жабын 

жасап жатса, келесі жерде арматурашылардың 

тағы бір звеносы қабырғаны арматуралап жа-

тады. Мұны тұрғын үйдің құрылысынан көру-

ге болады: бірінші участок – арматуралау және 

ауыртпалық  түсетін  қабырғаларды  монолит-

теу жүріп жатады, екінші участок – қалыпты 

орнату және жабындарды арматуралау, оларды 

құю  жұмыстары  атқарылады.  Участоктарға, 

звеноларға  бөлу  арқылы  жұмыстың  қажетті 

атқарылу жылдамдығына қол жеткізіледі.

– Осы жұмыстардың ең жауаптысы қайсы? 

– Бізде барлық процесс жауапты. Армату-

рашы арматураны тек жоба бойынша ғана бай-

лауы тиіс. Ал бұл үшін адам сызбаны оқи алуы 

тиіс, арматуралардың ара қашықтығын, оның 

диаметрін білуі қажет. Сызбаны, арматураның 

қандай  түрін  пайдалану  қажеттігін  (әр  арма-

тураның өз орны және міндеті бар), күшейту 

қай жерде жүргізілетінін, қамыттар қай жерде 

екендігін білуі тиіс. Қыры мен сыры өте көп. 

Кемшілікке жол бере алмайсың. Арматурашы-

лар, қалып орнатушылар, бетон құюшылар аса 

жауапты болуы тиіс. 

Қалыпты  орнату  мен  конструкцияларды 

арматуралау кезінде бізге геодезистер беретін 

қада белгілер мен қауіптерді ескереміз. 

Қалып  орнатушылар  өздерінің  жұмыста-

рына  өте  жауапты  қарауы  тиіс.  Егер  қалып 

орнатушылар әлденені геодезиялық белгілер-

ден басқаша жасаған болса, жазаланады. Бізде 

– Александр Морозов, Арман Көпбаев, Сәкен 

Мұхаметжанов секілді кәсіби біліктілігі жоға-

ры  қалып  орнатушылар  еңбек  етеді.  Қалып 

орнатушылар  звеносының  жетекшісі      жұ-

мысқа  асқан  жауапкершілікпен  қарауы  тиіс, 

қалыпты жұмысты уақытында аяқтап, ең ба-

стысы,  оны  сапалы  атқаратындай  етіп  қалай 

орнатуға болатындығын ойлануы керек. Ағаш 

ұсталарының звено жетекшісі  Андрей Бори-

сович Алексеев пен жабындар қалыбын орна-

тушылар звено жетекшісі Сычев Василий аса 

сауатты адамдар. Бұл лауазымда жігіттер 5-ші 

дәрежемен  жұмыс  істейді,  олардың  жұмыс 

тәжірибесі үлкен және сызбаны өте жақсы оқи 

алады. 

Бетон  құюшылар  бетонның  қандай  мар-



касын  алып  келгенін  алғаш  қарағаннан-ақ 

анықтай  алуы  тиіс.  Звено  жетекшісі  Медет 

Біттібаев — тәжірибелі бетон құюшы. Ол бе-

тонды қабылдау, қабылдамау қажеттігін бірден 

көре алады – бетон сұйық, қиыршық тастары 

немесе құмы тым көп болуы мүмкін. Тіпті, ол 

қоспаны  ұстап  көріп-ақ  әкелінген  бетоннның 

нақты осы нысан мен конструкцияларға қажет-

ті  консистенцияға  сәйкес  келеді  ме,  келмей-

ді ме, соны бірден түсінеді. Өйткені, зауытта 

кез-келген нәрсе болуы ықтимал – белгісіз се-

бептерге байланысты автоматика істен шығуы 

мүмкін  немесе  жоба  бойынша  қажет  бетон 

маркасының орнына басқасын алып келеді. 



(Жалғасы 6 бетте)

5

BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015



4

КӘСіП



жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау