Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;
9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
-
Санаты
|
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109932
|
148242
|
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., 308 Қызыл тулы полк көшесі, 37 үйі, анықтама телефоны: 8(7152) 42-34-33, факс 8(7152) 42-34-33, электрондық поштасы depsocsko@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялайды:
№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы – (С-О-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімді басқарады, бөлім мамандарының жұмысын және олардың Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауын бақылау, департамент басшысымен және басшының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарымен бөлімге жүктелген тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету; Бөлімнің жұмысын жоспарлау, бөлімге жүктелген ұйымдастыру және әдістемелік іс-шараларды әзірлеу және орындау, әлеуметтік заңнама мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, БАҚ-да, кәсіпорындарда және ұйымдарда (жұмыс жоспарына сәйкес) түсіндірме жұмыстарын өткізу, ЗТМОБ-не әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету; зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер және олар бойынша шаралар қабылдау мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарауды қамтамасыз ету; департаменттің басшылығымен өткізілетін алқа жиындарының, отырыстарының және кеңестерінің жұмысына қатысу; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру туралы ақпараттық-аналитикалық анықтамалар дайындау; зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. ЗТМО-дан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға макет істерін бекітуді және бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Құқық» (юриспруденция) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (социология, экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы – (С-О-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері:
Мүгедектер мен ауруларды мүгедектік топтары себептерінің және еңбек қабілетінен айрылу деңгейін, мүгедектіктің, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мерімі мен уақытын белгілеу үшін куәландыруды өткізеді,қорытындының негізсіз болған жағдайында дұрыс қорытынды қабылдау үшін ұсыныс береді. МОМБ ААЖ-не мүгедектердің медициналық-эксперттік құжаттарының дұрыс енгізілуін қадағалайды. МӘС бөлімдерінің мамандарына, денсаулықсақтау мамандарына МӘС мәселелері бойынша және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша (ауруларды қабылдайды, медициналық істерге сараптама өткізеді) кеңестік, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. МӘС бойынша, мүгедектерді оңалту бойынша нұсқаулық-әдістемелік жеңілдіктерді дайындайды. Заңнамалық актілердің, ҚР Президентінің Жарғыларының, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, басқа да құқықтық нормативтік актілердің, ҚР ЕХӘҚМ бұйрықтарының, Министрлік басшылығының, Департамент басшылығының бұйрықтарының уақытында орындалуын ұйымдастырады. МӘС және мүгедектерді оңалтуға қатысты бағдарламалардың және басқа да құқықтық нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысады. Департаментте және денсаулық сақтау ұйымдарында (келісім бойынша) МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар дайындайды және ұйымдастырады. Мүгедектік, мүгедектіктің алдын-алу мәселелері бойынша БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізеді Денсаулық сақтау ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен (мекемелермен, кәсіпорындармен) мүгедектерге оңалту іс-шарасының өткізілуіне бақылау жасайды. Бөлім қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзған және өзінің міндеттерін орындамаған мамандарды тәртіптік жазаға тарту бойынша ұсыныстар жасайды. МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша және басқа да мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді, азаматтардың, ұйымдардың хаттарына жауап береді. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы мен дайындалуын бақылайды. Қажетті жағдайларжа мүгедектерге ОЖБ дайындайды. Мүгедектікті алғаш рет белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау бойынша композиттік қызмет көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медицина) бейіні бойынша.
№3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы – (С-О-4 санаты, 1 бірлік)

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
_________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |