|
Қосалқы әрекетТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
|
бет | 3/6 | Дата | 07.06.2022 | өлшемі | 380,57 Kb. | | #38859 |
| Машина жасау 20-271.3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
Технологиялық үдеріс түрлері. Технологиялық үдерістерді негізгі түрлерге мынадай белгілері бойынша жіктейді:
технологиялық үдерісті ұйымдастыру формасы, өндірістің қамтылатын заттарының немесе олардың конструктивтік элементтерінің санымен анықталады;
белгілі бір түрдегі технологиялық үдерістің игерілуі, нақты өндірістік жағдайларда үдерісті ұйымдастыру формасымен айқындалады.
Технологиялық үдерісті ұйымдастыру формасына байланысты технологиялық үдерістің үш түрін ажыратады: жеке, типтік және топтық (МЕСТ 3.1109-82).
Технологиялық үдерістің түрі үдеріспен қамтылатын бұйым санымен (бір бұйым, біртиптес бұйымдар тобы) айқындалады.
Жеке технологиялық үдеріс – бір аталым, типмөлшер және жасалымдағы бұйымды өндіріс типіне байланыссыз жасау немесе жөндеу технологиялық үдеріс. Жеке технологиялық үдерісті кәсіпорында жасалған бұйымдардың нышандарына ұқсас жалпы конструктивтік және технологиялық нышандары болмайтын түпнұсқалық бұйымдар (бөлшектер, құрастыру бірліктері) үшін құрастырады.
Типтік технологиялық үдеріс дегеніміз – операциялар мен әрекеттерінің мазмұны және оларды орындау тізбектілігінің ортақтығымен сипатталатын, конструктивтік және технологиялық белгілері жалпы болып келетін бұйымдар тобын жасаудың технологиялық үдерістері.
Типтік технологиялық үдеріс жұмыстық технологиялық үдерісті құрастыру кезінде – ақпараттық негіз ретінде, ал бұйымды өндіру үшіе қажетті бүкіл ақпарат болған жағдайда жұмыстық технологиялық үдеріс ретінде пайдаланылады. Мұндай технологиялық үдерістердің негізінде типтік технологиялық үдерістер үшін кәсіпорынның стандарттарын құрастырады.
Топтық технологиялық үдеріс – конструктивтік нышандары әртүрлі, алайда технологиялық нышандары ортақ болып келетін бұйымдар тобын тез қайта реттелетін біртекті икемқұралдарды пайдалану арқылы өңдеумен сипатталатын технологиялық үдеріс.
Сонымен бірге топтық технологиялық үдеріс деп бір топтың (немесе бірнеше топтың) әртүрлі бөлшектерін ортақ технологиялық маршрут бойынша жасауды ететін топтық технологиялық операциялардың жиынтығын атауға болады. Топтық технологиялық үдерістерді өндірістің барлық типі үшін кәсіпорын деңгейінде ғана құрастырады.
Өндірістің игерілуіне байланысты технологиялық үдерістің екі: жұмыстық және перспективалық түрін ажыратады.
Жұмыстық технологиялық үдеріс – өндірістің белгіленген жағдайында қабылданған талаптарға сәйкес жұмыстық технологиялық құжаттама бойынша бір немесе бірнеше бұйымды жасау үдерісі.
Жұмыстық технологиялық үдеріс жобалық, стандартты, уақытша болуы мүмкін.
Жобалық технологиялық үдеріс – технологиялық құжаттаманың алдын ала жасаған жобасы бойынша атқарылатын технологиялық үдеріс.
Стандартты технологиялық үдеріс дегеніміз- стандартпен бекітілен технологиялық үдеріс, мұндай үдерісті салалық стандарт, кәсіпорын стандартымен рәсімделген және нақты жабдыққа, кесу режимдері мен технологиялық құрал-жараққа тиесілі жұмыстық технологиялық және (немесе) конструкторлық құжаттама бойынша орындайды.
Уақытша технологиялық үдеріс деп кәсіпорында қажетті жабдықтың болмауына немесе апатына байланысты оны анағұрлым заманауи және үнемді жабдыққа алмастырғанша шектеулі уақыт кезеңінде қолданылатын технологиялық үдерісті атайды.
Перспективалық технолгиялық үдеріс – анағұрлым жетілдірілген өңдеу әдістерін, технологиялық жабдықтаудың анағұрлым өнімді, әрі тиімді құралдарын қолдануды және өндірісті ұйымдастыру принциптерін өзгертуді қарастыратын өндірісті техникалық және ұйымдастырушылық қайта жарақтау кезіндегі жұмыстық технологялық үдерістерді жобалау үшін ақпараттық негіз ретінде жасалатын технологиялық үдеріс.
Үдеріс мазмұнының нақтылану дәрежесіне байланысты технологиялық үдеріс маршруттық, операциялық, маршруттық-операциялық болып сипатталады.
Маршрутттық технологиялық үдеріс деп операция мазмұнында өңдеу әрекеттері мен режимдері көрсетілмеген құжаттамаға сәйкес орындалатын технологиялық үдерісті атаймыз.
Операциялық тенологиялық үдеріс дегеніміз – операция мазмұнында өңдеу әрекеттері мен режимдері көрсетілген құжаттама бойынша жүргізілетін технологиялық үдеріс.
Маршруттық-операциялық үдеріс – жекелеген операциялар мазмұнында өңдеу әрекеттері мен режимдері көрсетілмеген құжаттама бойынша атқарылатын технологиялық үдеріс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|