Қосалқы әрекет


-сурет. Өндіріс типтерінің жіктелімі



жүктеу 380,57 Kb.
бет5/6
Дата07.06.2022
өлшемі380,57 Kb.
#38859
1   2   3   4   5   6
Машина жасау 20-27

1.8-сурет. Өндіріс типтерінің жіктелімі

Жобалаудың алғашқы кезеңінде өндіріс типін бөлшек массасы мен өнім шығарудың көлеміне байланысты 1.2-кесте бойынша жуықталған шамада анықтауға болады.



1.2-кесте. Өндіріс типі бойынша бөлшек жасаудың жылдық бағдарламасы

Өндіріс типі

Бір атау және типмөлшердегі бөлшек жасаудың жылдық көлемі, дана

жеңіл, 20 кг-ға дейін

орташа, 20...300 кг

ауыр, 300 кг-нан жоғары

Жеке

100-ге дейін

10-ға дейін

1...5

Аз сериялы

101...500

11...200

6...100

Сериялы

501...5000

201...1000

101...300

Ірі сериялы

5001...50 000

1001...5000

301...1000

Жаппай

50 000-нан жоғары

5000-нан жоғары

1000-нан жоғары

Өндіріс типінің негізгі сипаттамасының бірі ретінде операцияны бекіту коэффициенті есептеледі. Операцияны бекіту коэффициенті бір айда орындалған немесе орындалатын түрліше технологиялық операция санының жұмыс орны санына қатынасын көрсетеді және төмендегі формуламен анықталады:



Мұнда O – бір айда орындалған немесе орындалатын технологиялық операция саны; Р – жұмыс орнының саны.

Жеке өндіріс – жасалатын немесе жөнделетін бұйымдар номенклатурасының кеңдігімен және оларды шығарудың аз көлемімен сипатталатын өндіріс типі. Жеке өндірісте конструкциясы немесе мөлшері бойынша әртүрлі болатын бұйымдар жекелеген данада жасалады және олардың қайталануы сирек кездеседі немесе мүлдем болмайды. Өндірістің аталған типіне бейстандартты жабдықтарды жасауды жатқызуға болады.
Өндірістің мұндай типіне әмбебап жабдық, икемқұралдар, және өлшеуіш аспап пайдаланылады, жұмысшылардың біліктілігі жоғары болып келеді, бұйымды құрастыру слесарьлық-қиюластыру операциялары көмегімен, яғни жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Станоктар өңдеудің біртектілік белгісі бойынша орнастырылады, яғни өңдеудің бір түріне арналған станоктар (токарьлық, сүргілегіш, фрезерлік, т.б.) учаскелері құрылады. Жеке өндірісте жасалған бұйымның өзіндік құны басқа өндіріс типтерімен салыстырғанда жоғары болып келеді.
Жеке өндірістегі операцияны бекіту коэффициенті-
Сериялы өндіріс номенклатура шектеулі бұйымдардың кезеңді қайталанатын серия немесе партиямен шығарылуы немесе жөнделуімен сипатталады. Әдетте, «серия» ұғымы – бұйым (машина) санына, ал «партия» ұғымы өндіріске бір мезгілде енгізілетін бөлшек санына қатысты қолданылады.
Партия немесе сериядағы бұйымдар санына және операцияны бекіту коэффициентіне байланысты мұндай өндірісті азсериялы, ортасериялы және ірісериялы өндіріс деп ажыратады.
Сериялы өндірісте операцияны бекіту коэффициенті мынадай шамаларға тең болады: азсериялы өндіріс үшін – ортасериялы өндіріс үшін - ірісериялы өндіріс үшін
Сериялы өндірістің негізге ерекшеліктері:

  1. станоктардың әртүрлі типтері қолданылады: әмбебап, арнайыландырылған, арнайы, автоматтандырылған;

  2. кадрлардың біліктілігі әртүрлі болып келеді;

  3. жұмыс бапталған станоктарда жүргізілуі мүмкін;

  4. жұмыс орындарының бекітілген бірнеше операцияны орындауға мамандандырылуы;

  5. бұйымды қарастыру қиюластырусыз жүргізіледі және т.б.

Өндірістің мұндай типінде жабдықтар жұмысты ұйымдастырудың заттық формасына сәйкес орналастырылады. Станоктар операцияларды орындаудың бірдей тәртібін қажет ететін бір немесе бірнеше бөлшектің технологиялық операциялары тізбектілігіне байланысты орнастырылады. Дайындамаларды өңдеу партиялар бойынша жүргізіледі. Экономикалық тұрғыдан сериялы өндіріс жеке өндіріске қарағанда анағұрлым үнемді болып келеді. Өндірістің бұл типіне ауылшаруашылық машиналарын жасау, станок жасау, сорап, компрессор, тоқыма машина өндірісі жатады.
Жаппай өндіріс ұзақ мерзім бойы үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін бұйымдардың үлкен көлемін шығарумен сипатталады. Жаппай өндіріс үшін операцияны бекіту коэффициенті етіп қабылдайды.
Жаппай өндіріс үшін мыналар сипатты болып келеді:

  1. бұйымдардың шектеулі номенклатурасы;

  2. жұмыс орындарының заттық мамандандырылуы;

  3. арнайы және арнайыландырылған жабдықтардың пайдаланылуы;

  4. өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігі;

  5. жұмысшылар біліктілігінің төмендігі;

Өндіріс типі бұйымды жасау технологиялық үдерістерін тұрғызуға және кәсіпорындағы жұмысты ұйымдастыруға едәуір дәрежеде ықпал етеді; Өндіріс типінің негізгі технологиялық ерекшеліктері 1.3-кестеде кетірілген.

жүктеу 380,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау