Кіріспе
Уaқыт талабына сай білім мазмұнын жаңартy-басты міндетіміз. Егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыстaр жүргізyде. Қaзіргі білім мaзмұны деп жүргеніміз - мектепті жаңалay, білімді, тәрбиені әлемдік білім берy жүйесіне қарай ыңғайластырy. Бұл міндетті өмірге eндіріп, жүзеге асырyшы-мектеп мұғалімі, ұстаз. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгeрістер жүріп жатыр. Осы өзгерістeрді жүзеге асырy, әсіресе, ұстаздaрымыздың біліміне, кәсіби шеберлігінe көп байлaнысты. (Н.Ә.Назарбаев)
Теориялық тұрғыдан алған жаңа сипаттағы білім мазмұны қалай ашылады, оны сабақтарымызға қалай қолданамыз, игере аламыз ба деген ұстаз көңілінде қатталған сауалдар көп болды. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламаның негізгі философиясы-ашық қоғамда өмір сүретін тұлға қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Яғни, оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады. Сын тұрғысынан ойлау оқушыларды қауымдастырып жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады, барлық ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады. Сол мақсатта осы сабақтар топтамасына жазылған есептер мен таныстырылымдарды ұсынылып отыр. Болашақта осы бағдарламамен жұмыс істеуді мақсат еткен мұғалімдерге көмекші құрал ретінде құрастырылды.
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
7-сынып
Үшінші деңгейлік курстың бірінші бетпе бет кезеңіндегі теориялық білімдерді меңгеріп, мектептегі тәжірибелік кезеңін өткізуге барғанда алғашқы қадамым 7 сыныпты таңдап, орта мерзімді сабақ жоспарын құру болды. Осы жоспарда бағдарламаның ең басты түйінді идеяларын ықпалдастыра отырып, сабақ өткізу. Сыни тұрғыдa oйлaу қабілетiн aрттырy мақсaтында әр сабaққа oқушы тaнымын арттырaтын, мoдyльдeрдi бір-бiрiмен ықпaлдaстырa қoлданып сабaқ кезеңдерiн түрлeндіре отырып, өз oйларын еркiн жеткізетiндей, тoптық ынтымақтастық қарым-қатынaста тығыз бoлa aлaтындай тапсырмалaр құрaстырyға тырыстым.
Мeрсeрдің зeрттеуіне сәйкeс, әңгімелecy oқушылардың оқyының ажырaмaс бөлігі бoлып тaбылaды және әңгімелесyдің үш түрiн әңгiме дeбaт, тoптық әңгiмe және зерттеушілік әңгіме деп бөліп, осының ішінде зерттеушілік әңгіменің ролі зор екенін ескеріп топтық жұмыстарды құрдым. Осы тізбектелген сабақтар нәтижесінде оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезеңдерінде өздерін басқа қырынан көрсете алды. Көшбасшы үлгерімдері өте жaқсы oқушылар өз білгендерін басқамен бөлісе отырып тапсырмаларды орындауда түсінбеген оқушыларға көмек беру арқылы өз қабілеттерін шындай білді. Дәстүрлі сабaқ кeздерінде тапсырылған тапсырмаларды әр оқушы жеке орындап, тек өздері ғана баға алып өзін көрсеткенді жақсы көретін. Қазір олар өздерінің достарын, өзін-өзі бағалауға үйренді. Топпен жұмыс жүргізген кезде топтың жұмысын және өзге топтың бағалауын бақылайтын болды. Мұғалімдерге осындай бағытпен жұмыс істеу оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, алған білімдерін өмірде қолдана білетіндей, өз ойларын толық жеткізе алтындай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
|
1.Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары
|
2. Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
3. Математика
пәнінде
кездесетін
кедергілер
|
4. Оқып-үйренудің нәтижесі
|
5. Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
6. Барлығын қосқанда
(дарынды балалар,
басқаларға қарағанда
шапшаң оқушылар,
ерекше немесе
арнайы білімді
қажет ететін оқушылар)
|
1 сабақ
|
Тақырып:
Бүтін көрсеткішті дәрежелердің қасиеттері
Мақсат:
Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттері, қолдануын білу
Түсіну: Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттер орнының маңызын түсіну
Қолдану білу: Есептер шығаруда қасиеттерді қолдана білу
|
1.Психологиялық дайындық
«Үш жақсы қасиетіңді ата»
2.Топқа бөлу (фигуралар)
Білу және түсіну:
3.Конверт әдісімен натурал
және бүтін көрсеткішті дәреже анықтамаларын
тиянақтау
4.Қолдану:
Үй тапсырмасын
тексеру (жұппен)
5.Талдау:
Жигсо 2 (30-31бет)
(флипчартқа өз ойларын
жинақтап түсіру)
Жинақтау:
«Бүтін көрсеткішті
дәрежелердің қасиеттері»
таныстырылым (ойлау, сөйлеу, шығармашылық).
ОүБ және ОБ, рефлекция
|
Математикалық терминдердің дұрыс аталуын қадағалау, формулалардың мағынасына қарай қолдануына дағдыландыру
|
Бүтін көрсеткішті дәреже ұғымының сипаттамасын біліп береді, түсініп және қолдана білуді меңгереді, қорытындылайды
|
Бағалау парағы
Критериялды бағалау
Қалыптастырушы бағалау:
әр топ бір-бірін бағалайды
|
Дарынды ж/е талантты
оқушылар: өзі құрастырған
есептерін көрсетеді,
қасиеттерге сүйене
отырып есептеп топты
алға жетелейді.
Үлгерімі төмен оқушылар:
тек формуланы қайталайды,
жұмыс тақырыбына мысал
келтіреді
Оқулықпен жұмыс
32,33 бет (№143)
|
2 сабақ
|
Тақырып:
Бүтін көрсеткішті дәрежелердің қасиеттеріне есептер шығару
Мақсат:
Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін, натуралы көрсеткішті қасиеттерден айырмашылығын білу
Түсіну: Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттер орнының маңызын түсіну
Қолдану білу: Есептер шығаруда қасиеттерді қолдана білу
|
Ынтымақтық атмосферасын
қалыптастыру (тренинг)
Молекула ойыны
2.Өзін-өзі реттеу: Топқа бөлінеді (номерленген әртүрлі стикер)
Білу және түсіну:
3.«Бүтін көрсеткішті
дәрежелердің қасиеттері»
әр қасиеттерді сментикалық
карта бойынша тауып сөз
құрастырады (топпен жұмыс)
4.Қолдану:
Топтар үш деңгейдегі
тапсырмадан өздері үш
есептен таңдайды да,
жеке, жұпта және топта
орындайды. (таныстырылым)
Талдау:
5.Диалогтік оқыту топта
бір‑бірімен ақылдаса
отырып, жұмыс нәтижесін
басқа топтарға түсіндіреді
ЖИКСО 2
6.Жинақтау:
7.Тест жұмысы (әркім жеке
орындайды, бір бірін тексереді)
Бағалау
8.ОүБ және ОБ, рефлекция
|
Қасиеттерді өз беттерінше есептеулерде кеңінен қолдануға, математикалық тілде сөйлеуге үйретеді
|
Сабақтағы қасиеттерін ауада жазу бойынша ойларын толықтыру мақсатында ойлайды, айтады, талқылайды
|
Бағалау парағы
Критерийалды бағалау
Оқушыларды бақылау нәтижелері
|
Сабақ үстiнде үйге берген
тапсырмадан тыс
оқушылардың көпшiлiгiн
Қатыстырылғандығын
қамтамасыз етуi керек.
Топпен бірге жұмыс істеу
барысында, есептер
шығарған қабілеті төмен
оқушылар топтан көмек
сұрай алады.
Өз кезегiнде, дарынды
оқушылар өз білімдерімен
бөлісуге мүмкiншiлiк
алады.
|
3 сабақ
|
1. Сабақ тақырыбы: Санның стандарт түрі
Сабақтың мақсаты:
Есептер шығаруда сандарды стандарт түрге келтіре білу Жеке ойлана отырып, мақсатқа жетіп, топ құрайды. Сыни тұрғыдан ойланады, өте үлкен және кіші сандарды есептеуді білу және оны қолдану жолдарын игереді. Өмірлік тәжірибеде қолдану үшiн өз құзыреттiлiгiн жоғарлатады.
|
1. Ынтымақтық атмосферасын қалыптастыру (тренинг)
«Алдынғы - іс- әрекетті
қайтала»
2. Топқа бөлу (сөздер арқылы) 3. Интер белсенді тақтадан
сабақ тақырыбы мен мақсатын
ашуға негізделген таныстырылым көрсетіледі;
4.Топтық жұмыс Стандартты
сандардың физика пәніндегі
орнын көрсету (флипчартқа түсіру); 5.«Эстафеда» тапсырмасын
үлестіремін және сыныпты
«жұмыс» тобына бөліп
ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс принциптерін түсіндіремін; 6. Өз жауаптарын салыстырып
және бiр ортақ кестенi толтыруға жүйеленуге ұсынамын
7. «Шеңбер толтыру, мәртебесі
жоғары және төмен есептер
құрастыру;
8. Топтағы жұмысына өз
әрiптестерiнiң үлесiн бағалауға жүйеленемiз. 9.Рефлексия
|
Өте үлкен және кіші сандарды есептеуде стандарт түрге келтіріп есептеулерде кеңінен қолдануға, математикалық тілде сөйлеуге үйретеді
|
Санның стандарт түрі туралы түсініктерін топқа салып, әр оқушы өз білетіндерін талқылайды, жұмыстарын әкеп таныстырып өтеді ақпарат жинайды, шығармашылық қасиеттерін көрсетеді, диалог арқылы бір бірімен сөйлеседі
|
Формативті бағалау: оқушылардың бір-бірін қолпаштауы
Кері байланыс парағы арқылы ұсыныстарын білдіреді
|
Дарынды ж/е талантты
оқушылар: өзі
құрастырған
есептерін көрсетеді,
формулаға сүйене отырып
есептеп топты алға жетелейді.
Үлгерімі төмен оқушылар:
тек формуланы қайталайды,
жұмыс тақырыбына мысал
келтіреді
|
4 сабақ
|
1. Сабақ тақырыбы: Санның стандарт түріне есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Табиғат құбылыстарында кездесетін өте үлкен және кіші сандар туралы түсінік қалыптасады, сандардың түрленрін ажыратуға, есептеуде қолдануға үйренеді.
Жоба жасау арқылы танымдық белсенділікке қол жеткізе отырып, өз білімдерін саралауға талпынады. Топтық, жұптық,жеке жұмыстар барысында өзіндік жеке пікірлерін білдіруге ынталанады
|
Тренинг «Айнаға қарап
тілек тілеу»; Топқа бөлу 2.Білім деңгейі Интер активті
тақтадан үй тапсырмасын
тексеру (жұппен)
3.Түсіну деңгейі «Жалғасын тап» қолдарына берілген қасиеттерді
өз орнына жалғастыру 4.Қолдану деңгейі Кез-келген
түрдегі математкиалық тапсырманы таңдап, тәжірибеде қолданыңдар 5.Талдау деңгейі Өзгелердің
жауабын ескере отырып, өз
талқылаған тапсырманың
ерекшелігін атаңдар
6.Жинақтау деңгейі Өз
жұмыстарыңа арнап постер
даярлаңдар
7.Бағалау деңгейі Өзге топтың жұмысымен салыстырыңдар
8.Сабақты бағалау
9.Рефлекция
|
Өмірде, табиғатта кездесетін өте үлкен және кіші өлшемді заттарды есептеуге енгізіп есептеуде стандарт түрге келтіріп есептеулерде кеңінен қолдануға дағдыландыру
|
Алған білімдерін қолданып өз беттерімен топпен тапсырма құрастырып өзге топқа ұсынады, әр оқушы өз білетіндерін талқылайды, жұмыстарын әкеп таныстырып өтеді ақпарат жинайды, шығармашылық қасиеттерін көрсетеді, диалог арқылы бір бірімен сөйлеседі
|
Формативті бағалау: оқушылардың бір-бірін қолпаштауы, өздерін пайыздық арқылы саралау
Кері байланыс парағы арқылы ұсыныстарын білдіреді
|
Дарынды ж/е талантты
оқушылар:
өзі құрастырған мате
матикалық
тапсырмаларды көрсетеді,
формулаға сүйене
отырып есептеп топты
алға жетелейді.
Үлгерімі төмен
оқушылар:
тек формуланы
қайталайды,
жұмыс тақырыбына
мысал келтіреді
|
Достарыңызбен бөлісу: |