Орта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша Қазақстан тарихы пәнінен тест спецификациясы
1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.
2.Тест мазмұны:
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 10, екінші деңгейде – 6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Тас және қола дәуірі
|
01
|
Тас және қола дәуірі
|
01
|
Палеолит. Мезолит. Неолит. Энеолит. Қола дәуірі
|
02
|
Темір дәуіріндегі Қазақстан
|
02
|
Темір дәуіріндегі Қазақстан
|
01
|
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы. Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
|
02
|
Сақтар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.
Үйсіндер: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.
Қаңлылар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.
Ғұндар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.
Сарматтар: деректер, саяси тарихы, қоғамы, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, археологиялық мәдениеті.
|
03
|
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан өңірі
|
03
|
Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан
|
03
|
Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан
|
01
|
Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздар, қимақтар: қоғамдық-саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қарахандар, қарақытайлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар: қоғамдық-саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
04
|
VI-XVII ғғ. мәдениеті
|
04
|
VI-XVII ғғ. мәдениеті
|
01
|
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
VI-ІX ғғ. мәдениеті. VI-XIII ғғ. қалалық мәдениет, сәулет өнері, қолөнер, сауда. Рухани мәдениет: дін, білім, ғылым.
XIV –XV ғғ. Қазақстан мәдениеті.
XVI-XVII ғғ. Қазақстанның мәдениеті.
|
05
|
XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан
|
05
|
XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан
|
01
|
Монғол дәуірі, Алтын Орда: құрылуы, қоғамдық құрылысы, күшеюі, ыдырауы.
Қазақстан территориясындағы XIII-XV ғғ. мемлекеттер.
Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір. Әмір Темір мемлекеті.
|
02
|
Қазақстан территориясындағы этникалық өзгерістер.
Қазақ хандығының құрылуы.
Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясаты.
XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының дамуы:
Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан.
|
06
|
XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
06
|
XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
01
|
XIII-XV ғғ. мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының басқару жүйесі.
XIV-XV ғғ. Қазақстанның экономикалық жағдайы
XVІ-XVII ғғ. Қазақ хандығының экономикалық жағдайы
|
07
|
Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
07
|
Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
01
|
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасы. ХІХ ғ. 2-жартысындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
|
08
|
XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
|
08
|
XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
|
01
|
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
|
02
|
Қазақтардың 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Хандық биліктің жойылуы.
1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
1837-1847 жж. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс.
ХІХ ғ. 50-жж қазақ шаруаларының азаттық үшін күресі.
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
1860-1890 жж. Қазақстандағы реформалар.
Қазақ халқының XIX ғ. 60-70 жж. ұлт-азаттық көтерілістері
|
09
|
ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
|
09
|
ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
|
01
|
XX ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуы.
«Әскери коммунизм саясаты».
ЖЭС жылдарындағы Қазақстан.
Индустрияландыру кезіндегі Қазақстан.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
ҰОС кезіндегі Қазақстанның экономикалық қуатының артуы
|
02
|
XX ғ. басындағы Қазақстанның саяси жағдайы
Ұлт-азаттық қозғалыстар мен олардың негізгі бағыттары.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан Ақпан, Қазан төнкерістері жылдарында. Саяси партиялар, қозғалыстар және автономиялар. Азамат соғысы және оның қорытындылары.
Қазақ АКСР-нің құрылуы.
Қазақ АКСР территорияларының құрылуы. Қазақстанның 20-40 жж. қоғамдық-саяси өмірі.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы.
|
10
|
XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті
|
10
|
XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті
|
01
|
XVIIІ ғ. мәдениеті.
XIX ғ. І жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
|
02
|
ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстанның мәдени дамуы.
ХХ ғ. ІІ жартысындағы (1946-1980 жж.) мәдениет
|
11
|
ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан
|
11
|
ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан
|
01
|
ХХ ғ. 50-80 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
|
02
|
ХХ ғ. 50-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
|
12
|
Құжаттардағы тарих
|
12
|
Құжаттардағы тарих
|
01
|
Тарихи оқиғалар туралы жазба деректер
1. Тас және қола дәуірі
2. Темір дәуіріндегі Қазақстан
3. Ерте және дамыған ортағасырлардағы (VI-XIII ғғ.) Қазақстан
4. VI-XVII ғғ. мәдениеті
5. XIII-XVІІ ғғ. Қазақстан
6. XIII – XVII ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
7. Қазақстанның XVIIІ - ХІХ ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы
8. XVIIІ - ХІХ ғғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
9. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан
10. ХХ ғ. екінші жартысындағы (ХХ ғ. 50-80 жж.) Қазақстан
11. XVIIІ - ХХ ғғ. Қазақстан мәдениеті
|
3. Тест жоспары: Ежелгі Қазақстан (01-02 тақырып) – 3 тапсырма
Орта ғасырлардағы Қазақстан (03-06 тақырып) – 4 тапсырма
Жаңа және қазіргі кезеңдегі Қазақстан (07-11 тақырып)
– 7 тапсырма
Құжаттардағы тарих (13 тақырып) – 6 тапсырма
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Ежелгі Қазақстан: жыл мен ғасыр арақатынасы, оқиғаның реті мен ұзақтығы, тарихтағы жыл санау; ежелгі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
Орта ғасырлардағы Қазақстан: орта ғасырлар тарихының хронологиясы, қоғамындағы адамның жағдайы; қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы; қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күресі.
Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шеңбері; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмысы, даму ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы Қазақстан: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы.
Құжаттардағы тарих: тарихи құжаттармен жұмыс
5.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындауға берілетін уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.
6. Нұсқа және тапсырмалар саны:
Бір тест 20 тест тапсырмасынан тұрады.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
7.Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
8. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған кезде оқушы 20 балл алады
Достарыңызбен бөлісу: |