Статикалық электрден қорғану шаралары
Өндірістегі жабдықтарда, өңделетін заттарда, адамдардың үстінде электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, пайда болған статикалық электр зарядтарының қауіпсіз ыдырауын қамтамасыз ететін келесі шаралар қарастырылады:
1) жабдықтар мен коммуникацияларды жерлендіру арқылы зарядты ауытқыту, адам денесін тұрақты түрде жерлендіргішпен электр арқылы түйістіруді қамтамасыз ету;
2) меншікті сиымдылықты және беттік электрлік кедергіні азайту арқылы зарядтарды ауытқыту;
3) радиоизотопты, индукциялы және басқа да бейтараптандыруларды қолдана отырып зарядтарды ыдырату.
Статикалық электр зарядының пайда болу жиілігін азайту үшін:
1) барлық, технологиялық мүмкін жерлерде, жанғыш газдарды түйіршікті сұйық және қатты бөлшектерден, ал сұйықтықтарды – ерімейтін қатты және сұйық қоспалардан тазалау;
2) өндіріс технологиясы қажет етпейтін жерлерде шашырау, майдалау, бүркіп шашуды болдырмау;
3) аппараттар мен тасымалдау магистралдарындағы материалдардың қозғалу жылдамдығын, жобада көрсетілген мөлшерлерден аспайтындай етіп таңдау керек.
Пайда болған зарядтардың бейтараптануын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, аппараттар ішіндегі ортаның разряд ұшқынынан тұтануын болдырмау үшін, олардың ішінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болмауын қамтамасыз ететін жабық жүйелерді пайдалану қажет немесе аппараттарды, ыдыстарды, жабық тасымалдау жүйелерін және басқа да жабдықтарды, олардағы тез тұтанатын сұйықтықтарды, майдаланған және түйіршік материалдарды пневмотасымалдау және жабдықтарды іске қосар алдында үрлеп тазалау үшін инертті газдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Статикалық электр заряды пайда болуы мүмкін жарылыс қауіпті өндірістерде технологиялық және тасымалдау жабдықтары (аппараттар, ыдыстар, машиналар, коммуникациялар және тағы басқалары) электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен артық емес материалдардан жасалады.
Егер заттарды шашпай және бүркіп сеппей өңдеу және тасымалдау кезінде, электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен кем болатын материалдардан жасалған электрлі өткізгіш жабдықтар қолданылған болса, онда бұл жағдайда статикалық электрден қорғану шараларын қарастырмауға болады.
№30 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |