«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет62/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   146

 
 
127 
 
талабы  –  жас  ұрпақтың  барынша  көп  тіл  білуі.  Тілдерді  меңгерген  сайын  өмірдің  қай 
саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді.  
Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін еліміздің индустрия, ғылым салаларын 
дамытуға бар күшімізді салуымыз қажет. Осы орайда, жас ұрпақтың ағылшын тілін меңгеріп, 
мектеп   қабырғасынан-ақ  әлемдік  ғылым-білімнің  тілін  іс  жүзінде  қолдана  алатындай  даяр 
маман болып шығуы үлкен жетістік.  
Бүгінгі  күні  үш  тілді  білім  беру  бағытында  балабақшада  тәрбиеленіп  жатқан 
бүлдіршіндердің тақпақты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мүдірмей жатқа айтуы, қай 
тілде  білім  беретін  мектеп  болса  да  үш  тілдің  қатар  жүргізілуі,  өзге  ұлт  өкілдері 
балаларының  мемлекеттік  тілді  меңгеруге  талпынысы,  тіптен  барлық  оқушылардың 
ағылшын  тілін  меңгеруге  деген  ықыластарының  күшеюі  сияқты  маңызды  шаралар  іске 
асырылуда. 
Жасөспірімдердің  тілге  деген  қызығушылығын,  оқу-зерттеу  қабілеттері  мен 
интеллектуалдық  мүмкіндіктерін  ашуға,  оқушыларды  шығармашылық  ізденіске  баулу 
арқылы  тілді  білуге,  құрметтеуге  «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени  жобасын  іске  асыру 
аясында  «Туған  елге  тағзым»акциясын,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  меңгерген 
жасөспірімдер  (12-17  жас)  арасында  «Мәңгілікке  сүйікті  туған  өлке»  облыстық  сырттай 
олимпиада дәстүрлі түрде жүргізілуде. 
2015-2020  жылғы  үштілді  білім  беру  Жол  картасын  жүзеге  асыруда  облыс 
мектептерімен  өзара  ынтымақтастық  байланыста  тәжірибе  алмасуды  ұйымдастыратын, 
педагогикалық тың идеялар өзегі мен тартушы  нысан болып саналатын тірек (№25,14,9 ОМ)  
және  базалық  (№20,24  ДБАЛ,  ОМГ)  мектептер,  НЗМ  тілдік  ортаға  енгізу  тәжірибесін 
таратуда Талдықорған қаласындағы №11, №7 тірек балабақшалары жұмыс жасайды. 
ХХІ  ғасыр  –  интеграция  ғасыры.  Интеграция  –  ел  тәуелсіздігіне  еш  қауіп 
тудырмайды, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті 
арттырады,  бәсекелік  қабілетімізді  шыңдайды.  2014  жылдан  бері  облыстық  әдістемелік 
кабинеті  мен    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  Университеті  арасында 
ынтымақтастық  байланыс  орныққан.    Көптілділікті  дамыту  стратегиялық  жоспарын  іске 
асыруда  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  Университеті  мамандарымен  дарынды 
балаларға  арналған  үш  тілде  оқытатын  мектеп  лицейлері,  гимназиялары,  жалпы  орта  білім 
беретін  тірек  мектеп  педагогтеріне  «Организация  обучения  языковым  и  неязыковым 
предметам в школе по технологиям полиязычного образования» тақырыбында өткен оқыту 
семинары, Жетісу Мемлекеттік университетінің шет тілдері кафедрасымен бірлесіп «Сөйлеу 
дағдыларын  дамытудағы  тиімді  әдіс  –  тәсілдер»  тақырыбында  өткен  семинар  –  тренинг 
педагогтердің тәжірибе алмасуы мен кәсіби өсуіне серпіліс берді. Жоғары оқу орындарымен 
серіктестіктің жемісі ғылым мен білімді бірлесе дамытудың көрінісі. Сондықтан келешекте 
ағылшын  тілін  оқытудағы  оқу  бағдарламаларын  жасау,  пән  мұғалімдерінің  ғылыми  іс-
тәжірибелерімен  бөлісу,  әдістемелік  қолдау  көрсетуде  бірнеше  инновациялық  жобалар 
жоспарлануда.  
Көптілде  білім  беретін  мектеп    мұғалімдерін    дайындау  мәселесіне  келетін  болсақ,  
Қарағанды    қаласының  Букетов  атындағы  мемлекеттік  университетінің  мол  тәжірибесіне 
сүйене  отырып,  болашақта  тәжірибе  алмасу  мақсатында  іс-шаралар  ұйымдастыруды 
жоспарлап  отырмыз.  Облысымызда    жоғары  оқу  орындарымен  өзара  ынтымақтастық 
байланыс  арқылы  білім  мен  ғылым  саласындағы  бәсекелестік  қабілетті  арттырып,  маман 
даярлау  ісіндегі  мол  тәжірибені  бірлесіп  игеруге  қолжетімді    мүмкіндіктердің пайда  болуы 
сөзсіз. 
Жоғарыда  атап  өтілген  білім  беру  саласындағы  басым  бағыттарды  айқындауда 
облыстық  әдістемелік  кабинет  тарапынан    білескен  іс-шаралар    өткізу  дәстүрге  айналды. 
Атап  айтсақ,  1-11  сыныптарға  арналған  ағылшын  тілін  оқыту  бағдарламасына 
сәйкес Назарбаев зияткерлік мектебі  Британдық  кеңестің тренерімен бірлесе ағылшын тілі 
пәні  мұғалімдеріне Digital  Resorses тақырыбында семинар тренинг, облыстағы жалпы білім 


 
 
128 
 
беретін  мектептердегі  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдерінің  біліктіліктерін,  оқыту  әдістемесін 
жетілдіруде Маcmillan Publishers баспасының Қазақстандағы өкілдігімен бірігіп «Motivating 
teenage  learners»  тақырыбында  оқыту  семинары,  «Үш  тұғырлы  тіл»  бағдарламасының 
мектепке  дейінгі,  орта,  кәсіптік  –  техникалық  білім  беру  мекемелерімен,  жоғары  оқу 
орындары  арасындағы  ынтымақтастықты  дамытуда  «Күншуақ»,  №15  балабақшаларында,  
Қазақ-түрік жасөспірімдер, №24 Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын лицейлері, 
сондай-ақ  «Білім»  гуманитарлық-техникалық  және  Бизнес,  құқық,  жаңа  технологиялар 
колледж  базаларында  екі  күндік  «Тілдің  үштұғырлығы  көпмәдениетті  тұлға 
қалыптастырудың негізі»  тақырыбында облыстық ғылыми  – әдістемелік семинар өткізілді.    
Аталған  шара  көптілді  білім  беру  тәжірибедегі  жетістіктерімізді  ортаға  салып,  ой  бөлісуде 
ұйымдастырылған  «Билингвальді  және  көп  тілде  білім  беру:  мәселелер  мен  күтілетін 
нәтижелер»тақырыбында  Алматы,  Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  облыстарымен 
бірлесіп өткен өңіраралық семинарда жалғасын тапты.  
Облыстағы  жалпы  орта  білім  беру  мекемелеріндегі  нәтижелі  шығармашылық 
жұмыстардың  үлгісін  іріктеп  алу  арқылы  шығармашылықпен  еңбек  ететін  шетел  тілі  пәні 
мұғалімдерінің тәжірибесін насихаттауда кабинет тарапынан «Үздік инновациялық шет тілі 
сабағы» сырттай байқауы өткізіліп отырады. 
Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын 
жылжыту, фунционалды сауатты  мектеп оқушыларын өмірге даярлау  – жаңа  әлемде нақты 
қос  не  көптілділік  болып  табылады.  Дегенмен,  дарынды  балаларға  арналған  білім  беру 
ұйымдарында ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын іске асыруда және жалпы орта 
білім  беру  ұйымдарында  ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  үрдісінде  бірқатар  мәселелер 
туындады: 
- жаңартылған білім беру мазмұны аясында облыс бойынша тек 29,5 %  ағылшын тілі 
пәні мұғалімдері біліктіліктерін жетілдірді;  
- көптілде  білім  беру  мекемелері  арасында  ағылшын  тілін  тереңдетіп  оқыту 
бағдарламасын іске асыруда бірыңғай жұмыс жоспарын құру; 
- ерте жастан ағылшын тілін оқытуда тілді жетік меңгерту әдістемесін жетілдіру. 
Аталған мәселелерді шешуде жаңартылған білім беру мазмұны бағдарлама бойынша 
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен мобильдік топ құру арқылы әдістемелік десант, семинар-
тренинг,  әдістемелік  күндер  өткізу  жоспарлануда.  Сонымен  қатар,  Назарбаев  Зияткерлік 
мектептерінің  тәжірибелерін  жалпы  білім  беру  мекемелеріне  енгізу  мақсатында 
экспериментті  алаңдар  құрылып,  әдістемелік  тұрғыда  түрлі  шаралар  жүргізуде,  шалғай 
жатқан  мектептермен  байланыс  орнатуда  виртуалды  кабинеттер  арқылы  семинарлар, 
сабақтар өткізіледі.  
Қорыта  айтатын  болсақ,  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  аясында  үштілді  меңгеру 
тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Ол үшін пән мұғалімдері  өзара 
кәсіби  әрекеттестікте  ғылыми  байланыстарды  нығайтып,  шетел  тілдеріндегі  ақпараттық 
ресурс  көздерін  тиімді  пайдалануға  қол  жеткізуі  тиіс.  Көптілділік  заман  талабына  айналып 
отырған  кезеңде  ана  тілімізді  ардақтай  отырып,  өзге  тілдерді  білгеніміз  әлемдік  жаһандану 
үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. 
Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру, Біздерге қойылып 
отырған талап. Олай болса жас ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен 
ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беру біздің міндетіміз. 
Сапалы біліммен мектеп оқушыларын қамтамасыз етуде әдістемелік кабинеттің 
педагогикалық ұжыммен жаңашылдық іс-әрекеті 
 
Керімбекова Л.М., аға әдіскер 
Нургазинова Н.Ы., әдіскер 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау