«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет59/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146

 
 
120 
 
Сонымен қатар, оқушылардың дарындылығын арттыру мақсатында аудандық «Ақыл» 
ғылыми  қоғамы  құрылды,  оның    бағыттары:  Гуманитарлық  бағыт  «Ғұлама»,  «Алгорифм» 
математикалық-жаратылыстану және «Өнер»- ақындар,көркемсурет, спорт бағыты. Ғылыми 
қоғамның  мақсаты:  мұғалімдер  мен  мамандардың  жетекшілігімен  оқушылардың  оқу  пәні 
белгілі  ғылым  саласы,  өнер  және  техника  бойынша  зерттеу,  шығармашылық,  тәжірибе,  іс-
әрекет  білімі  мен  іскерлігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасау,  олардың  танымдық 
қызығушылығын  арттыруға,  шығармашылық  қабілеттерін,  ақыл-ойларын  дамытуға 
ұмтылдыру. 
Дарынды балаларды анықтау 4 саты бойынша жүргізіледі: 
• Бастауыш –бұл кезенде дарынды оқушылардың қандайда бір бағыттағы іс-әрекетінің 
жетістігін анықтаймыз. 
• 5-9 сыныптар- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктер мен икемділіктеріне сай 
жеке жұмыстар жүргізіледі. 
• 9 сынып -оқушыларды нақты жетістіктері бойынша іріктеу. 
• 10-11 сынып- оқушыны  болашақ мамандығына дайындау. 
Оқушыларымыздың  дарындылықтарын  дамыту  жолдары:  Олимпиадалық  резервке 
қою  арқылы,  оқушылардың  ғылыми  қоғамы,  әдістемелік  бірлестік,  әдістемелік  кеңесте 
қаралып,  мектеп  әкімшілігінің  бақылауында  болуы  керек.  Дарындылықты  дамытудың 
төмендегідей  әдістер  кешенін  ұсынамын:  шығармашылық  дарындылық  (ғылыми-
практикалық  конференциялар,  жобалар),  көркемдік  дарындылық  (ән,  би,  театр,  үйірме)  , 
интеллектуалдық  дарындылық  (интеллектуалдық  ойындар:  "Ақбота",  Пони"т.б.), 
психомоторлық  дарындылық  (спартакиадалар),  академиялық  дарындылық  (олимпиадалар, 
қолданбалы 
курстар,факультативтер). 
Танымдық 
іс-әрекеттерін, 
шығармашылық 
қабілеттіліктері мен дербестік қасиеттерін ынталандыру мақсатында ауданда түрлі үйірмелер 
ұйымдастырылып, жүргізіледі.       
Дарынды  балаларғабілім  беруді  әр  ғылымның  бүгінгі  дәрежесіне  сәйкес  жүргізу  бір 
жағынан  қоғамға  талантты  мамандар  даярлауда  тиімді  болса,  екінші  жағынан  қоғамға 
ерекше  дарынды  балалардың  тек  өзінің  интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз  етеді. 
Аудандық  білім  беру  бөлімінде  облыстық  «Дарын»    орталығымен  өткізілетін  іс-шаралар 
үнемі  басты  назарға  алынып,  бірлескен  түрде  түбегейлі  жұмыс  істеп  келеміз.  «Дарын»  
орталығы  тарапынан  өткізілген  облыстық,  республикалық,  халықаралық  сайыстарға  аудан 
мектептерінің  дарынды  оқушылары  қатысып,  өз  білімдерін  көрсете  білді.  Аудан  бойынша 
дарынды  оқушылар  саны-4651  болса,  оның  ішінде  «Алтын  белгі»  иегерлері-12,  «Үздік 
аттестат» иегерлері – 15.Облыстық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына қатысқан 26 
оқушының  19  оқушысы    жүлделі,  оның  ішінде  9  бала  –ІІ  орынды,  10  бала  -ІІІ  орындарды 
иеленді.  
Оқушылардың  ғылыми-жоба  жарыстарының    II  (облыстық)  кезеңіне  11  оқушы 
қатысты. Қатысқан 11 оқушының 7-уі жүлделі орын иеленді: І орын – 2 оқушы, ІІ орын - 1 
оқушы, ІІІ орын - 4 оқушы иеленді. 
Халықаралық  ғылыми  жоба  жарыстарына    Оңтүстік  Корея    мемлекеті,  Дэджон 
қаласында «Жас ғалым – 2016» байқауында Бұлақты ОМ-нің 11 сынып оқушысы Мухитова 
Айдана,  Үшарал  қаласының  №1  орта  мектебінің  оқушысы  Байтілесов  Аян  және    Қант 
зауыты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мугынова Амина – ІІІ жүлделі орынға ие болды.  
Облыстық    «Зерде»  байқауына  22  жұмыс  өткізілді.  Облыстық  кезеңге  14  жұмыс 
жіберіліп, оның біреуі –ІІ орын, 5-еуі –ІІІ орын иеленді. 
Республикалық «Ақбота» байқауына 1196 оқушы, оның 112-сі жүлделі орындарға ие 
болды. Халықаралық «Бритиш Бульдог» байқауына ауданнан 258 оқушы қатысып, оның 32 
оқушысы жүлделі  орын иеленді.  «ПОНИ»  байқауының 3 кезеңіне  ауданның 620 оқушысы 
қатысты.  «Золотое  руно»  байқауына  245  оқушы,  «Кенгуру  -  математик»  ойынына  487 
оқушы, «Русский медвежонок» ойынына 103 оқушы қатысты. 


 
 
121 
 
Облыстық  Абай  оқуларында  №2  Қабанбай  орта  мектебінің  5  сынып  оқушысы 
Қабылхамит  Абзал, Безродных орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жайырбай Жігер, Бескөл 
№14  орта  мектебінің  6  сынып  оқушысы  Айтмуханова  Айым  жүлделі  ІІІ  орын  иеленді. 
Облыстық  Махамбет  оқуларында  Жыланды  орта  мектеп  –  лицейінің  оқушысы  Абашов 
Айбол, Дзержинск орта мектебінің оқушысы Хузайыр Жаннұр жүлделі ІІІ орын иеленді. 
Ауданда жалпы білім беру мектептерінде 2015-2016 оқу жылындағы қазақ тілін, қазақ 
әдебиетін,  ағылшын  тілін,  математика  пәнін  тереңдетіп  оқыту  бағдарламасы  негізінде  7 
мектеп  пәндерді  тереңдетіп  оқытуда,  оның  ішінде  таза  орыс  1  мектепте  жұмыс  жүргізуде. 
Үшарал қазақ гимназиясында –ағылшын тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, Қабанбай 
№1 орта мектебінде, Ушинский атындағы орта мектебінде, Жанама орта мектебінде, Үшарал 
қаласы №2 орта мектебінде, Көктұма қазақ орта мектебінде, Талапкер орта мектебінде қазақ 
тілі мен әдебиеті пәні тереңдетіліп оқытылады. 
Ой өрісті қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларды анықтау мақсатында жыл 
сайын  «Кішкентай  дарындылар»  атты  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған  аудандық 
олимпиада өткізу дәстүрге айналса, балабақша 4-5 жас бүлдіршіндері арасында  «Балбөбек» 
байқау  ұйымдастырылып  отырады.  Ал,  Жыланды  орта  меткеп-лицейінде  2-4  сынып 
оқушыларына  математика  пәнінен    аудандық  олимпиада  өткізу  қолға  алынды.  Жоспар 
бойынша  «ХХІ  ғасыр  көшбасшысы»    интеллектуалдық  ойын,  «Умники  и  умницы»  орыс 
тілінен интеллектуалдық ойын, «Полиглот» ағылшын тілі бойынша, «Біз – Қазақстанның сау 
ұрпағымыз»  қалалық  үгіт  бригадаларының  конкурсы,  «Менің  сүйікті  ұстазым»  
шығармашылық презентация конкурсы, «Жыл оқушысы» байқауы, жас ақындар мүшәйрасы, 
оқулар, пресс-конференциялар өткізіледі. 
Бала  тәрбиелеу  –  болашаққа  ең  үлкен  инвестиция.  Бүгінгі  оқушы  –  ертеңгі  ел 
болашағы болғандықтан, оларға қолдау көрсетуде демеушілердің  орны ерекше.     Қазақстан 
Республикасының  Алматы  облысы  Алакөл  ауданында  тұратын,  мектеп  жасындағы, 
техникалық    жалпы  білім  беру  пәндерінен  /математика,  физика,  химия,  биология, 
информатика/  және  бейнелеу  өнері  мен  ақындық  өнерінде  жоғары  жетістікке  жеткен 
балаларды  және  оларды  оқытқан/  оқытатын/  мұғалімдеріне  материалдық  қолдау  көрсету 
мақсатында  «Алакөл  ауданының  білім  беру  қоры»  Қоғамдық  қоры  2007  жылы  құрылды. 
Материалдық  қолдау  екі  санатқа  бөлінеді.  Бірінші  санаттағы  материалдық  қолдау 
техникалық    жалпы  білім  беру  пәндерінен  математика,  физика,  химия,  биология, 
информатика/ және бейнелеу өнері мен ақындық өнерінде олимпиада, ғылыми жарыстарда, 
турнир,  байқау  және  басқадай  шараларда  жоғары  жетістіктерге  ие  болған  балаларға    және 
оларды  оқытқан /оқытатын / мұғалімдерге көрсетіледі. 2007-2016 жылдар арасында бірінші 
санаттағы  көмек  176  оқушымен  117  мұғалімге  көрсетілді.  Екінші  санаттағы  материалдық 
қолдау екі техникалық  жалпы білім беру пәндерінен 2 оқу жылы қатарынан  үздік бағамен 
оқитын  сонымен  қатар  мектеп-интернаттың  немесе  аз  қамтылған  жанұяның 
тәрбиеленушісіне көрсетіледі. 
 Дарынды  балалармен  жұмыс  барысында  дарынды  балаларды  және  оларды  оқытқан 
/оқытатын/  мұғалімдеріне  материалдық  қолдау  көрсетушілердің  бірі  -  «Жерсу» 
корпорациясы  бақылау  кеңесінің  төрағасы,  Жыланды  орта  мектеп-лицейінің  қамқоршылық 
кеңесінің төрағасы Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы. Жыл сайын ұйымдастырылатын аудан 
көлемінде  өткізілетін,физика  және  математика  пәндерінен  аудандық  олимпиадада  І  орын 
алған оқушыларға ұялы телефондар, ұстаздарына 25 000 тенге, ІІ орын алған оқушыларға –
планшет,  ұстаздарына  15 000  тенге,  ІІІ  орын  алған  оқушыларға  МР3,  ұстаздарына  10 000 
тенге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ физика, математика пәндері 
бойынша аудандық олимпиадада жалпы командалық есеп бойынша 1-орын алған – Жыланды 
ОМЛ  –  1000  $  (мың  доллар  көлемінде)  ақшалай  сыйлық,  2-орын  алған  -  Үшарал  қазақ 
гимназиясына -700$ ақшалай сыйлық, 3-орын алған - Бескөл №14 ОМ-500$ ақшалай сыйлық 
берілді. 
Сонымен 
қатар, 
облыстағы 
дарынды 
балаларға 
арналған 
физика, 
математикапәніндерінен  олимпиада  өткізу  дәстүрге  айналды.  Олимпиада  жеңімпаздарына  І 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау