«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет61/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146

 
 
124 
 
1-мысал.    Ыдыс.  Параллелепипед  пішінді  ыдыс  берілген.  Басқа  ешқандай  ыдыссыз 
және өлшемей ақ ыдыстың көлемінің тең жартысын сумен толтыру қажет.   
1-сұрақ.  Суретін  салып  көрсетіңіздер  және  түсіндіріңіздер.    Шығарылуы:  1.  Егер 
ыдыстың  біржақ  басын  судың  беті  параллелепипедтің  диагональді  қимасымен  сәйкес 
келгенше көтерсе, сонда ыдыстың дәл жартысы болады (1-сурет) 
 
1-сурет 
2-мысал.  Еуропаның  ең  биік  сарқырамаларының  бірі  –  Утигард  сарқырамасы  610 
метр биіктіктен құлап ағады.   
Сұрақ. Мұндай биіктіктен су қанша уақытта құлайды?  
 А. 18 с.  В. 6 с.  С. 11 с.  20   
Жауап. Судың құлау уақыты кедергі күші жоқта 11 с тең болады.    
3-мысал.  Ең  батыл  өсімдікке  «құтырған  қияр»  жатады.  Бұл  «артиллерист»  жабайы 
түрде  Қырымда  жиі  кездеседі.  Оны  кәдімгі  қиярдан  үстін  жапқан  қылқаншалар  арқылы 
айыруға  болады.  Жапырақтары  да,  жемісі  де    кәдімгі  қиярдікіндей.  Ол  толық  піскен  соң 
«құтыра» бастайды. Өзінің мінезімен адамды да, жануарды да шошытуы мүмкін. Қияр өзінің 
аяқшаларынан  сықырлай  босап,  секіріп,  айнала  бастайды.  Жемістің  аяғы  болған  өзектен 
тұқым  аралас,  жабысқақ  шырын  сорғалап,  6-8  метрге  дейін  атқылайды.  Сөйтсе,  жеміс 
піскенге  дейін,  оның  ішінде  газдар  жинақтала  береді  екен.  Піскен  уақытында  оның 
қуысындағы қысым үш атмосфераға дейін жетеді.   
1-сұрақ.  6-8  метр  биіктікке  жету  үшін  тұқым  аралас  сорғалаған  шырын  қандай 
жылдамдықпен атқылауы тиіс. 
  А. 15,8 м/с.  B. 18,4 м/с.  С. 12,6 м/с.   
Жауабы. С.   
2-сұрақ. Осыған орай, энергия қалай өзгереді?   
Жауабы. Сорғалаған шырынның жылдамдығы 12,6 м/с, оның кинетикалық энергиясы 
потенциалдық энергияға айналады.   
4-мысал.  Түйенің  100-120  кг-ға  дейін  май  жинайды,  бұл  майлар  судың  көзі  болып 
табылады. Май ыдыраған кезде 40-50 кг су береді. Түйе бас алмастан 130 л су іше алады.   
1-сұрақ. Түйе судың қандай массасын іше алады?   
A. 50 кг.  B. 70 кг.  C. 130 кг. 
Жауабы. С.   
2-сұрақ. Осынша су ішу барысында түйеге әсер ететін ауырлық күші қалай өзгереді?  
A.  1100 Н-ға азаяды.  B. 1300 Н-ға ұлғаяды.  C. 2000 Н-ға ұлғаяды.  
Жауабы. В.   
3-сұрақ. 80 кг. май ерігенде қанша су береді (литр есебімен)?   
A. 55 л.  B. 84 л.  C. 32 л.   
Жауабы. С.   
5-мысал. Сым резистор арқылы өтетін ток күшінің тәуелділігін зерттеу үшін ондағы 
кернеуден  2-суретте  көрсетілген  электр  тізбегі  жиналды.    Сұрақ.  0,22А  ток  күшін  көбейту 
үшін кернеуді қаншаға жоғарылату қажет?    


 
 
125 
 
2-сурет 
6-есеп.  Құты.    Табанының  ұзындығы  48  см  болатын  цилиндр  тәрізді  құтының  ішкі 
қабырғасында  жоғарғы  ернеуінен  3,5  см  жерде  бір  тамшы  бал  жабысып  тұр,  ал  оған 
диаметрлік  қарама-қарсы  сыртқы  қабырғасында  шыбын  отыр  (3-сурет).  Шыбынның  балға 
дейін жылжып бара алатындай ең қысқа жолдың ұзындығын табыңдар.    
3-сурет 
Шығарылуы:  Цилиндр  тәрізді  құтының  бүйір  бетінің  жазбасын  қарастырамыз  (4-
сурет).    А  нүктесінен  В  нүктесіне  дейінгі  ең  қысқа  жол  ұзындығы  АВ
І
  кесіндісінің 
ұзындығына  тең  болатын  АСВ  жолы  болып  табылады.    АВВ
І
  үшбұрышының  АВ  катеті 
шеңбердің  ұзындығының  жартысына  тең,  ал  ВВ
І
  катеті  7  см-ге  тең  екенін  ескерсек,  онда 
іздеп отырған ең қысқа қашықтық 
 
4-сурет 
7-есеп.  Жас.    Әкесі  және  баласының  жасын  бірге  қосқанда  –  34  жас,  баласы  мен 
атасының жасын бірге қосқанда – 65 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 85 жас.   
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста?   
Жауабы: ___________.    
8-есеп. Қозғалыс.  Екі пойыз υ
1
=36 км/сағ және υ
2
=54 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне 
қарсы  жүріп  келеді.  Бірінші  пойыздағы  жолаушы  екінші  пойыздың  жандарынан  t  =  6  с 
уақытта өткенін байқады.  
Сұрақ. Екінші пойыздың ұзындығы қандай?   
Жауабы: ___________.    
9-есеп.  Қашықтық.    Мағжан  үйге  велосипедпен  қайтып  келе  жатыр.  Оның  үйінің 
жанында отырған ит Мағжанды көріп оған қарсы 10 м\с жылдамдықпен жүгірді. Мағжанды 


 
 
126 
 
орта  жолда  кездестірген  соң  қайтадан  кері  үйге  ғарай  жүгірді.  Сонан  соң  ол  тағы  қарсы 
жүгірді де оны жолдың -де кездестіріп кері бұрылып үйге ғарай қайта жүгірді бұл арада ол 
тура 50 м қашықтықты жүгіріп өтті [4] 
1-сұрақ. Ит Мағжанды қандай қашықтықтан көріп қалды?   
А. 98 м  В. 200 м  С. 120 м  D. 320 м   
Жауабы: ____________.   
2-сұрақ. Ит барлығы қанша метр жүгірді?  
 А. 300 м  В. 270 м  С. 400 м  D. 200 м   
Жауабы: ____________.   
3-сұрақ. Ит қанша секунд жүгірді?   
Жауабы: ____________.   
4-сұрақ. Мағжан мен иттің жылдамдығын салыстырыңдар?   
Жауабы: _________. 
Сөзімді  топшылайтын  болсам,  жоғарыдағы  келтірілген    іспеттес  тапсырмалар  мен 
есептерді  орындату  арқылы  келешек  буынды  теориялық  тұрғыда  болса  да  жағдаяттық 
мәселелерді  шешуге  даярлай  алатынымызға  сенемін.  Осы  арқылы  егеменді  еліміздің 
ертеңіне қажетті ұлттық кадрларды (инженерлер, сәулетшілер(архитекторлар), дизайнерлер, 
энергетиктер, өнертапқыштар, т.т.) қалыптастыруға ықпал ету әрбір педагогтың борышы деп 
білемін. Ол үшін оқушылардың ой қиялдарына ерік бере отырып, олардың алдарында жаңа 
көкжиектер бар екеніне иландырсақ болғаны. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1. 
«Математика және физика»  №2, 2015 жыл 
2. 
PISA-2015  зерттеуінің  әлеуетті  қатысушылары  –  15  жастағы  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  курсының  оқу  бағдарламасы.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы. Алтынсарин  атындағы 
ҰБА, 2014. – 36 б.  
3. 
http://www.inform.kz/ru/kazakstanda-oku-zhetistigin-bagalaytyn-timss-2015-pisa-2015-zhane-pirls-
2016-zertteuleri-ayaktaldy_a2772748 
4. 
PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз 
ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.  
 
 
Білім беру мазмұнын жаңартуда ағылшын тілін оқытудың  
мазмұны мен әдістемесі 
 
Немеребаев Е. С. 
Алматы облыстық әдістемелік  
кабинетінің әдіскері 
 
Әрбір  мемлекеттің  ең  басты  байлығы  –  адам  болса,  сол  елдің  келешегі  үшін 
жасалатын  игі  істер  мен  үміт  болашағының  иесі  бүгінгі  өскелең  ұрпағы  екені  даусыз. 
Мемлекетіміздің  қарқынды  дамып,  алға  қадам  басқан  тұста  білім  берудегі  әдістемелік 
жұмыстардың  рөлі  артып,  әлемдік  жаңалықтарды  жатсынбай  қабылдап,  жеке  тұлғаға  білім 
нәрін түрлі жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сіңірту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстандық 
білім  беру  жүйесіндегі  үлкен  реформаларды  жүзеге  асырудағы  басты  міндеттердің  бірі 
жалпы орта білім беру ұйымдарында үш тілді тиімді меңгеруге бағытталған ағылшын тілін 
оқыту. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Мен  бүгінгі  ұрпақтың  үш  тіл  білуін 
қолдаймын.  Мемлекеттік  тіл  –  мемлекетті  құрушы  ұлттың  тілі,  ал  орыс  тілін  білу  –  ұлы 
байлық.  Ағылшын  тілі  ілгерілеушілік  пен  технологиялардың  тілі  болғандықтан  біз  оны 
үйренуге  тиіспіз»  деді.  Яғни,  Елбасы  келешек  заманның  кілті  көп  тіл  білу  мен  керекті 
мамандыққа  еркін  қол  жеткізу  мүмкіндігінде  екендігін  болжап  отыр.  Себебі,  қазіргі  заман 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау