«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет85/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   146

 
 
175 
 
жақсы қасиет екенін ескерсек, бұл қасиеттен жақсы ұстаз құр қалмауы тиіс. Ендеше Жамбыл 
облысы, Қордай ауданы, №43 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 
ұстаздары  да бұл жаңалықтан шет қалып жатқан жоқ.Педагог мамандардың кәсіби деңгейін 
ұдайы  көтеріп  отыру,  олардың  теориялық  білімі  мен  әдістемелік  білігін  үздіксіз  жетілдіру, 
оқытудың  озық  әдіс-тәсілдерімен  қаруландыра  отырып,  шығармашылық  жұмыстарына  жол 
көрсету,  мұғалім  мамандығын  жетілдіру  –  нәтижеге  бағытталған  әдістемелік  жұмыстың 
негізгі  міндеті    болып  табылады.  Оның  дәлелі  ұжымның  30  пайызы  «Тиімді  оқыту»  білім 
беру бағдарламасы бойынша курстарын аяқтап, сертификатталды. 
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл 
бөлудің  маңызы зор.  ХХІ ғасыр дағдылары  мұғалімдер  арасындағы ынтымақтастық аясын 
кеңейтуді  көздейді.Ол  жағдайда  мұғалімдер  бірлесіп  жұмыс  істеп,инновациялық,тиімді 
идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданатын оқыту мен оқудағы 
тәсілдердің ықпалын күшейте түседі [3] 
Мектептерде  көптеген  өзгерістер  болып  жатқандықтан,  мектеп  көшбасшылары 
мұғалімдер мен оқушыларға болып жатқан өзгерістерді тиімді еңсеруге мүмкіндік берулері 
керек.  Өз  кезегінде,  мектеп  көшбасшыларына  педагогикаға  өзгеріс  енгізу  үшін  жаңаша 
оқыту  тәжірибесін  жүргізуге  мүмкіндік  алу  мақсатында  педагогиканың  жаңа  нысандарын 
игеруге  тура  келеді.  Осы  орайда,  мектебіміздегі    І  (ілгері)    деңгейдегі    көшбасшы  
мұғалімдерөз    жұмыс  жүйесін    жүйелі  ұйымдастырып,  мұғалімдер  тобынан    «Даму», 
«Ынтымақ»,  «Сириус»  кәсіби    қоғамдастығын  құрды.  Қоғамдастықтың  мақсаты: 
мектебіміздегі  білім  берудегі  оқыту  сапасын  инновациялық    бағыттағы  әдіс-тәсілдермен 
жетілдіру. Аталған қоғамдастықтың   мүшелері  мектебімізде өзара ынтымақтастықты орната 
отырып,  жаңа    идеялармен,тәжірибелерімен  алмасу  арқылы  мұғалімдердің  кәсіби  
дағдыларын  дамытуға  өз  үлестерін    қосып  келеді.  Қоғамдастық    құрамындағы 
«Ұйымдастырушы»,  «Дамытушы»,  «Үйлестіруші»  топтар  өз  қызметтеріне  сәйкес  коучинг, 
тәлімгерлік  қызметтермен  бірге,сындарлы  оқытудағы  жеті  модульді  сабақтарына    қолдану 
және тарату жұмыстарын тиімді атқаруда. «Даму»  қоғамдастығының бағыты мектебіміздегі 
білім  сапасын  мониторингілеу    болса,    «Ынтымақ»    тобы    дарынды  оқушылармен  жұмыс 
жүйесін жетілдіру, «Сириус»  тобы  диалогтік оқытуды оқу үдерісіне тиімді қолдану аясында 
жетілдіру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда.  
Әpбірмұғaлiм  өз  ic-тәжірибeciндекөптeгeнқиындықтaрға  кездeceді,  сондықтан  зaман 
көшiнe  iлecy  үшін  үнемі  ізденісте  жүріп,  өз  бiлiмiн  жетiлдiріп  oтыpyы  қажет.  Ал,  білімді 
жетілдіру  үшін  мектептегі  тәлімгерліктің  алатын  орнының  ерекше  екенін  сеніммен  айтуға 
болады.Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің 
бірі.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыруда   мектебіміздегі  І  (ілгері),  ІІ  (негізгі)    деңгей  
мұғалімдері тәлімгерлікжұмыспен айналысуда.Тәлім алушыларәріптестерімен бірге коучинг 
пен тәлімгерлік арқылы  жаңа  тәсілдерді  пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 
дағдыларды игереді.  
Тәлімгерлік-бұл тәлім алушыға оның тәжірибесінің тиімділігін жақсарту мақсатында 
тәлімгер мен тәлім алушысының арасындағы  сенімді  қатынастарды орнатудың ұзақ үдерісі 
[1] 
Тәлімгерлік пен коучинг- бұл  «жұмыс тәсілі»,олар оқушылар үшін оқыту мен оқуды 
жақсарту  мақсатында  бірлескен  кәсіби  дамуға  қолдау  көрсетеді.  Мектебімізде  тәлім 
алушылардың  кәсіби  дамуындағы  оң  өзгерісті  бақылау  мақсатында  «Ашық  есік  күні  »яғни 
жаңа форматтағы үздік сабақтар анықталып,педагогтардың әдістемелік қорына ықпал етуде.  
Мектеп  мұғалімдері  жаңа  инновациялық  бағытта  «Үздік  бейне  сабақ»,  «Жаңа  форматты 
ұстаз» «Шебер тәлім алушы» т.б. байқауларға  қатысып,  кәсіби шеберлігін шыңдауда.Үздік 
деп  танылған  сабақтарды  тәжірибе  алмасу  мақсатында  әдістемелік  жинаққа  енгізіп,  тарату 
көзделді.  Мектепте  әрбір  іс-шара:сынып  сағаттары,  ата-аналар  жиналысы,  семинарлар,  
әдістемелік отырыстарды жаңаша түрде  өткізу дәстүрге айналған. Сындарлы оқытудың оқу 


 
 
176 
 
үрдісінде  қолданылу  аясының  кең  таралғандығының  дәлелі,  мұғалімдердің  авторлық 
бағдарламалары мен шығармашылық тәжірибелері жұмыстарында да көрініс тауып келеді. 
Атқарылып  жатқан  әдістемелік  жұмыстардың    барысында  мұғалімдердің  кәсіби 
деңгейін дамыту үшін келесі  талаптарды басшылыққа аламыз: 
-        мұғалімнің педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; 
-        оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновацияларын, әдіс-тәсілдерді зерттеп, меңгеру 
және оны өз сабағында қолдана білу; 
-        өз  білімін  көтеруге,  шығармашылық  жұмыс  атқаруға  ынталандыру,  қажетті 
жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық және әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз ету; 
-         авторлық  бағдарламалар,  курстар,  мақалалық  ізденістер  жасауға  ұмтылдыру, 
жан-жақты қолдау көрсету; 
-        педагог  мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық 
білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру,  
-  пән  бойынша  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  оқу  мақсаттарына  қол 
жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін меңгеруін және қолдана білуін қамтамасызету; 
  Сындарлы оқыту теориясы ХХІ ғасырда оқушылардың сыни тұрғыда ойлау, өзін-өзі 
ынталандыру,  өзін-өзі  реттеу,  оқи  білу  дағдыларын  белсенді  ,  әрі  табысты  қолдануға 
дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім  ортасын  құруға мүмкіндік  береді. 
Бақылау  баланың  мінез-құлқын  әр  түрлі  жағдайларда  көруге  мүмкіндік  береді. 
Бақылау  арқылы  мұғалім  өте  құнды  материалдар  алады.  Байқағыштық-педагогикалық 
біліктіліктің  көрсеткіші.  Л.Н.Толстой  «Мұғалім  баланы  үнемі  бақылап,  ол  туралы 
көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек»  деген. Ал педагог К.Д.Ушинский: «Біз жан-
жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек» деген 
еді.Осындай  зерттеулердің  бірі  «Іс-әрекеттегі  зерттеу»,  «Lesson  stydu»  тәсілдері.Бұл 
тәсілдерБатыс  елдерінде  және  Жапонияда  өздерінің  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік  беретіндігін  дәлелдеген.  Бүкіл  әлемге  танылып  отырған  «Іс  әрекеттегі  зерттеу», 
«Lesson  study»  сияқты  тәсілдер  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдіруде  маңызды  рөл 
атқарады. Оның тиімді тұстарын өз іс-тәжірибемізге енгізу арқылы көріп отырмыз. Ғылым өз 
пәнін  үнемі  зерттеп  отырмайынша  дами  алмайды.  Бүгінгі  танда  осы  ой  мұғалім  әрекетінің 
тұжырамдамасы  іспестес.  Соған  байланысты  оқушының  тұлғалық  құрылымымен  басты 
белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.  
Әсіресе білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының міндеттерінің бірі критериалды 
бағалау жүйесін қолдана білу мұғалімге қойылған басты талаптардың бірі.  Оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінің орны ерекше. Критериалды 
бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында 
қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уәжін оятып, 
дамытатын құрал болып табылады.  Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып 
жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген 
және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына 
сәйкес үрдіс [1] 
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі 
(сипаттама) [1] 
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы [1]  
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:  
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; 
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға 
мүмкіндік береді; 
- Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз 
етіледі [2] 
 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, 
түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау