«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет11/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146

 
 
22 
 
деңгейін,  типін  және  түрін  ауыстыру)  қамтамасыз  етеуде  педагогикалық  үдерісті 
ұйымдастыруға бағытталады. 
Қорыта  айтқанда,  білім  беру  ұйымдарында    Мәңгілік    ел  құндылықтары  негізінде 
педагогтардың  шығармашылық  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  әдістемелік  қызметтің  рөлі  зор. 
Әдістемелік қызмет заманауи талап деңгейінде ұйымдастырылса: 
- педагогтардың шығармашылығы үшін кеңістік; 
- жаңа педагогикалық ойлар; 
- «Мәңгілік  ел» құндылықтарына бағытталған білім беру; 
- басқару мәдениеті; 
- ұжымның жаңашылдық ізденіс стратегиясы
- шешім табуға қызығушылығы; 
- оқушылар мен мұғалімдердің ынтымақтастық принциптері; 
- ата-аналармен өзара әркеттестік механизмі; 
- ұжымның өзіндік даму идеялары қалыптасады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың    «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 17 қаңтар 
2. 
Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 
3. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  2014 жылғы  11 қарашадағы  "Нұрлы  Жол  -  болашаққа 
бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы 
4. 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
мектеп 
оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.  
 
 
Заманауи мектепте оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері 
 
Г.Т. Қажиева, ББЖКБАРИ,  Инновациялық даму  
және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығы 
Ә.Смағұлова, Алматы қаласы, Алатау аудандық  
әдістемелік кабинеттің бас маманы 
 
Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да  тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Қандай  да  бір  ұлт  өз 
алдына  дербес  өмір  сүруден  қаларда  ең  алдымен  ұлтгық  киімінен,  бітім  болмысынан,  одан 
кейін салт-дәстүрінен жеритін көрінеді. Ең соңында өзінің ана тілін ұмытады екен.  
Тәрбие  саласында  әр  халықтың  өзіндік  генетикалық,  этнопсихологиялық,  тарихи-
әлеуметтік  қалыптасу  ерекшеліктеріне  тән  туындап  отыратын  проблемелары  мен  ұрпақ 
тәрбиесіне арналған моральдық - этикалық ережелері бар.  
Бүгінгі  күнде  қоғамда  тәрбие  саласының  көптеген  шешімін  таппай  келе  жатқан 
проблемалары  бар.  Жасөспірімдер  арасындағы  жаман  әдеттер  –  нашақорлық,  ішімдік, 
шылым шегу, қыз балалардың әдепсіз қылықтары, жезөкшелік т.с.с.  қоғамымыздың айықпас 
дертіне айналды.  
Біз  бұл  жағдайлардың  өршуін  қоғамдық  құбылыстарға,  рухани  құндылықтардың 
алдыңғы  орыннан  шегерілуі  мен  материалдық  байлықтың  алдыңғы  қатарға  шығуы  тәрізді 
адами  құндылықтар  түсінігінің  өзгеруіне  тікелей  байланысты  деп  пайымдаймыз.  Сонымен 
қатар, жасөспірімдердің бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылмауы, қадағалаусыз қалуы, 
оларға компьютерлік ойындар мен ғаламтордағы атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің 
әсерінен деп білеміз. 
Білім  беру  жүйесіндеде  жас  ұрпақты  өмірге  даярлау  бойынша  қызмет  етіп  келе 
жатқан  тәрбие  саласы  бірқатар  тоқыраушылықтарды  бастан  кешіруде.  Бұған  әлеуметтік 
құрылылымдар:  қоғамдық  институттар,  діни  ұйымдар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 
мектеп, отбасы т.б. өзіндік әсерін тигізуде.  


 
 
23 
 
Тәрбиеленушілер  мен  ұстаздар  арасындағы  тәрбие  қарым-қатынасындағы 
бірізділіктің 
жеткіліксіздігі, 
қабылданып 
жатқан 
мемлекеттік 
құжаттардың, 
тұжырымдамалардың  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбиенің  ұлттық идеологиялық  ұстанымдары 
мен ұйымдастыру  тактикасын анықтауда маңызы зор болғанымен, білім беру мекемелерінде 
толыққанды  жүзеге  асырылып  жатпағандығы  ұлтымызға  тән  асыл  қасиеттерді 
жастарымыздың бойына дарытып, сіңіре алмауымызға ықпал етуде.  
Дегенмен  де,    балаға  ата-ананың,  қоршаған  ортаның,  мектеп  ұжымының  қарым-
қатынасын  дұрыс  жолға  қою  арқылы  бұл  мәселелердің  шешімін  табуға  болады  деп  айта 
аламыз.  Ұлдар  мен  қыз  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  ұйымдастырылған  маңызды 
шаралар,  тиісті  мамандар  жұмысы,  әкенің  ұлымен,  ананың  қызымен  жақын  сырласуы 
көптеген  мәселелерді  шешетіні  айқын.Балалардың  бойындағы  өзгерістерді  дер  кезінде 
байқай білу, оныңбойында, әңгімесінде байқалатын өзгешеліктерге мән беру көптеген оқыс 
оқиғалардың алдын алатыны шүбәсіз. 
Қазақ  халқындағы  тәрбиенің  қай  түрін  алсақ  та,  өскелең  ұрпақтың  ұлттық  сана 
сезімінің  өршіл  болып  қалыптасуына  әсер  етеді.  Рухани  адамгершілік  тәрбие  арқылы 
әдептілік,  ар  намыс,  шындық  пен  әділеттілік,  ынтымақ  пен  бірлік,  жолдастық,  достық, 
мейірімділік,  қайырымдылық  ізеттілік,  қонақжайлылық,  парасаттылық  тәрізді  қасиеттерді 
бала бойына дарыта аламыз. Эстетикалық тәрбие беру өнерге құштарлықты, сымбаттылық, 
сұлулық  пен  әсемдікті  сезінуге,  қабылдауға  баулиды.  Ақыл-ой  мен  сезім  тәрбиесі  арқылы 
дүниетанымы кеңиді десек, еңбек тәрбиесі арқылы ептілікке, шеберлікке, жауапкершілік пен 
ұқыптылыққа, табандылық пен төзімділікке үйренеді.     
Тәрбиенің түп қазығы имандылыққа  тәрбиелеу,  бұл  тәрбие  арқылы  баланың  бойына 
өзінің  жаратылысына  сай  салт-санасы,  әдет-ғұрыпы,  өмірлік  дағдылары,  адамгершілік 
қасиеттері қалыптасады. 
Оқушының бойында оның жеке басына тән қасиеттерін(еркіндігі,  дербестігі, тәуелсіз 
болуы,  өз-өзін  басқара    алуы,  денінің  саулығы,  ізеттілік,  инабаттылық  қасиеттері)  мен 
отбасы мүшесіне тән қасиеттерінің(өз отбасы мүшелерімен ізгі қарым қатыстар орнатуы, 
отбасын  қолайлы  тіршілік  ортасы  деп  түсінуі)  қалыптасуына  жүйелі  және  кешенді 
жүргізілген тәрбие жұмысының ықпалы тиері сөзсіз. 
Сонымен  қатар,  бала  бойында  қоғамға  қатысты  қасиеттері  (өзін  қоғамның  толық 
мүшесі  ретінде  сезінуі,  қоғамның  әл-ауқатына  ықпалы  барын  сезінуі,    өз  ісіне  берілу, 
шығармашыл  тұлға  болуы,  әлеуметтік,  рухани  құндылықтарды  бағалай  алуы)  мен 
азаматтық  қасиеттері  де  -  ұлтын,  елін,  жерін  сүюі,ұлттық  құндылықтарды  қастерлеуі, 
мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу,  отаншылдық  сезімінің  жоғары  болуы  берілетін  оқу-
тәрбие қызметінің мазмұнына ткіелей байланысты. 
Жоғарыда  аталған  қасиеттерді  оқушының  бойына  сіңіру  үшін  елін,  ұлтын,  Отанын 
сүюге  және  құрметтеуге  тәрбиелеу,  рухани  құндылықтарға  ізгі  қарым-қатынасты 
қалыптастыруды  қазақ  елінің  мәдениетін,  тарихын,  фольклорын,  салт-дәстүрлерін  үздіксіз 
оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдалану  арқылы  жүзеге  асыру,  насихаттауды  мектептің  ізгілікті 
дәстүрлерін  қалыптастыру,  отбасылық  құндылықтарды  кеңінен  насихаттау,  құқықтық 
сананы қалыптастыру және дамыту арқылы жүзеге асыру басты ұстаным болуы тиіс.  
Жалпы  адамзаттық  қасиеттердің  негізінде  жан  жақты  мәдениетті,    өзгермелі  өмір 
жағдайларына бейім тұлғаны қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын 
қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты жүйесін құруымыз қажет. 
Оқушылармен  жүргізілетін  жұмыстарда  білім  беру  ұйымдарындағытәрбие 
орталықтарын  құру,  оқу-тәрбие  мазмұнын  оқушының  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  бағыттай  құру  және    сыныптан  тыс  жүргізілетін  қолданбалы  курстар,  әр 
бағыттағы үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын құруды өрістету. 
Оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту үшін пән сабақтарында және сыныптан тыс 
шараларда,бастауыш  сыныптарда  –  тіл  ширату,    жаңылтпаштар,  санамақтар,  жұмбақтарды 
қолдану  арқылы,  орта  буын  оқушылары  үшін  –  мақалдар  мен  мәтелдер,  балалар  жырлары, 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау