Тапсырмалар, сұрақтар: № 1-ші әдебиеттің 76-80 беттеріндегі жаттығулар, этюдтар мен шығармаларды ойнау.
Есеп беру нысаны (формасы): жеке ойнап көрсету.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады: 1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау
керек. 2. Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремололар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен, тремоло штрихының
бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |