|
«Оркестр » ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
|
бет | 1/88 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 398 Kb. | | #33588 |
| домбыра
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжат
|
ПОӘҚ
|
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
ПОӘҚ
«Оркестр» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
|
Баспа №
__.__.2015
|
5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
«Оркестр)»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2015
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
Баспа №__
__.__.2015.
|
Бет 2/41-ден
| Мазмұны:
1
|
1 Глоссарий
|
|
|
|
|
2
|
2 Тәжірбиелік сабақтар
|
|
|
|
|
3
|
3 Студенттің өздік жұмысы
|
|
|
|
|
|
4 Емтихан талаптары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
Баспа №__
__.__.2015.
|
Бет 3/41- ден
|
1 ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Акцент – дыбысты ерекше бөліп ойнау.
Аккорд – терция бойынша орналасқан үш және одан да көп дыбыстардың бір мезгілде естілуі.
Гамма – лад дыбыстарының биіктік тәртібі бойынша тоникадан тоникаға дейін орналасуы.
Гармоникалық арақашықтық (интервал) – бір мезгілде алынатын дыбыстар.
Гармоникалық мажор – негізгі мажордан алтыншы сатысы төмен. Гармоникалық минор – негізгі минордан жетінші сатысы жоғары. Домбыра – қазақтың 2 ішекті шертпелі музыкалық аспабы.
Диапазон – ең төменгі дыбыстан ең жоғарғысына дейінгі дыбыс қатарының жалпы көлемі.
Динамикалық реңкі – музыканы орындау кезіндегі дыбыс күшінің мөлшері.
Каденция – құрылымды бітірер кездегі жүйелі орналасқан бірнеше дыбыстар немесе аккордтар.
Кварта – берілген сатыдағы дыбыстың келесі жоғарғы немесе төменгі төртінші сатыды тұрған дыбыспен үйлесімі.
Квинта – берілген сатыдағы дыбыстың келесі жоғарғы немесе төменгі бесінші сатыды тұрған дыбыспен үйлесімі.
Қағыс – домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісі.
Құлақ - домбыра аспабының ішектерін тартатын бір бөлшегі.
Лад – өзара туыстық негізде жүйеге біріккен, тоникасы бар дыбыстар жиынтығы.
Мажор - тоникада мажорлы үшдыбыстық құрайтын лад.
Мелизмдер – кейбіреулері ерекше шартты белгілермен, басқалары ұсақ ноталармен белгіленіп, жиі қолданылатын әуендік фигуралар, әшекейлер.
Минор – тоникада минорлы үшдыбыстық құрайтын лад.
Мойын - домбыра аспабының пернелер орналасқан бір бөлшегі.
Модуляция – бір тональдықтан екіншісіне ладты ауыстырмай немесе ауыстырып көшу.
Оң бұрау – кварта арақашықтығындағы (интервалындағы) бұрау (строй).
Пентатоника – бір-бірінен үлкен секундалар және кіші терция аралығында орналасқан, бес дыбыстан тұратын дыбыс қатары.
Перне - домбыра аспабының мойынына байланған ішек.
Регистр - белгілі бір дауыстың немесе аспаптың барлық дыбыс ауқымының (диапазонының) өзгеше дыбыстық бояуымен ерекшеленетін бөлігі.
Саға – төкпе күй құрылымының шартты түрдегі бөлімі.
Секунда – берілген сатыдағы дыбыстың өзіне жақын тұрған жоғарғы немесе төменгі дыбыспен үйлесімі.
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
Баспа №__
__.__.2015.
|
Бет 4/41- ден
|
Синкопа – әлсіз үлестен басталып, одан кейінгі ауыр үлесте ұсталынатын дыбыс.
Такт – музыкалық шығарманың ауыр үлестен басталып келесі ауыр үлеспен аяқталатын қысқа бөлігі.
Терция – берілген сатыдағы дыбыстың келесі жоғарғы немесе төменгі үшінші сатыды тұрған дыбыспен үйлесімі.
Теріс бұрау - квинта арақашықтығындағы (интервалындағы) бұрау (строй).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|