Есеп беру нысаны (формасы): жеке ойнап көрсету.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Бағдарлама бойынша семестр бойы өткен барлық шығармаларды жәй екпінде бірнеше рет қайталап ойнап, соңынан біртіндеп өзінің белгіленген екпінінде де бірнеше қайтара ойнап машықтану керек. Ойнау кезінде қол қойылымдарына, қағыстарға, динамикалық белгілерге ерекше көңіл бөлу керек. Соңында концертмейстрмен ойнап машықтану керек.
Керек-жарақ материалдар: домбыра аспабы және барлық оқулықтар.
Пайдалынатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы,
«Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
1-ші курс, 2-ші семестр
№ 1-ші тақырып: «Қос ішекте 1 октавалы гаммалар және олардың арпеджиоларымен жұмыс жасау».
Мақсаты: Қос ішектегі гаммалар мен арпеджиоларды дұрыс қол қойылымдарымен, дұрыс аппликатурамен, біргелкі ырғақта ойнап үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |