Әдістемелік нұсқау: Төкпе дәстүрдегі перне басу кезіндегі негізгі заңдылықтарды әрдайым есте ұстаған ләзім. Олар мыналар: а) Астыңғы
ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда, кварта, квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту арқылы басылады; ә) Квинта, секста интервалдары (немесе керісінше) бармақ пен 4-ші саусақ арқылы
басылады. Осындағы 4-ші саусақ білезік буынының көмегімен жылжуы тиіс. б) 4-ші саусақты бір пернеде басып тұрып, ре ішегіндегікүй тақырыбын 1, 2,
3-ші саусақтармен басып орындау кезінде бас бармақты домбыра мойнына тіремей, оның үстінде бос ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |