Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі.
Алматы, «Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
№ 6-шы тақырып: «Тремоло штрихына жаттығу».
Мақсаты: Тремоло штрихын еркін меңгеру.
Тапсырма: № 1-ші әдебиеттің 76-80 беттеріндегі жаттығулар, этюдтар мен шығармаларды ойнау.
Әдістемелік нұсқау: Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады: 1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек. 2. Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремололар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен, тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |