ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МӨЖ Студенттік отбасының типологиясы - Орындаған: Ш.М. Рахимова
- 6М072800- “Өңдеу өндірісерінің технологиясы”
- Отбасы ұғымының баламасы ретінде баспасөзде, қоғамдық өмірде жанұя деген сөз де қолданысқа енген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «жанұя» өзіне «неке мен қандас туыстыққа негізделген шағын топ» деп анықтама беріледі. Оның мүшелері тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғам мен бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, жанұя – қоғамдық өмірге қарағанда, адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Жанұя адам баласының тарихи дамуының барысында қалыптасқан және үздіксіз даму үстінде. Ол – алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі және ол қоғаммен, оның көп салалы қатынастарымен, рухани байлығымен тығыз байланыста өмір сүрген.
- Неке дегеніміз – ерлер мен әйелдердің бір-біріне, балаларына, қартайған ата-аналарына, сондай-ақ қоғамға қарым-қатынасы жөніндегі міндеттер мен құқықтарын тудыратын, қоғам қабылдаған одағы.
Отбасы қызметтері - Қайта өндіру –
- ұрпақ келтіру
- Қарым –қатынас
- құру
- (коммуникативті)
- Қайта қалыпқа келу
- (рекреативті)
Отбасының түрлері - Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере;
- Екі әулетті отбасы:ата-ана, бала;
- Бір балалы;
- Көп балалы;
- Толық емес (ата-ананың біреуі жоқ);
- Перзентсіз;
- Отбасы тұрмысы және даму жағдайына байланысты(жарасымды және қисыны кеткен);
- Отбасылық тәрбие стиліне қарай (әкімшіл, либералды, адамгершілікті).
- Некеге және отбасы өміріне даярлық жасау қажеттігіне себепкер факторлар: отбасын құру үрдісінің күрделілігі, отбасы өмірі мен қызметінің өзгеруі, отбасындағы шаруашылық-экономикалық қарым-қатынастардың жаңа сипаты, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар, туған-туыстар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінің күрделенуі, ерлер мен әйелдердің жаңа рөлі. Отбасын құруға қажетті білім мен қабілеттілікті игеру – жеке адамның жан-жақты дамуының маңызды саласы.
- Некеге тұруға әлеуметтік даярлықтың мәні: жалпыға бірдей міндетті білім алу, белгілі бір мамандыққа ие болу, еңбек жолының басталуы, экономикалық тәуелсіздік, азаматтық және психологиялық жағынан жетілу, адамның отбасын құруға даярлығының болуы керек. Болашақ отбасы үшін, болашақ балалар үшін жауапкершілікті, бір-бірінің алдында белгілі бір міндеттемелер алатындығын жастарға түсіндіріп, некенің адамгершілік және құқықтық негіздерін түсіну дұрыс және бақытты отбасын құруың елеулі шарттарының бірі екендігін ескерген жөн.
- Некеге тұру адам өміріндегі жаңа маңызды кезең. Некеге дейін қалыптасқан үйреншікті өмір салты өзгеріп, бір-бірін танып, білу кезеңі басталып, «Біз» деген ортақ сезім пайда болып, ерлі-зайыптылар өмірінің алғашқы жылдарындағы оқу, жұмыс және бос уақытты өткізу жолдарын үйренуі керек.
- Жас жұбайлар қарым-қатынасындағы үйлесімділік шарттары: жас жұбайлар құнды бағдарларының бір-біріне сай келуі, отбасылық өмірге адамгершілік және психологиялық жағынан дайын болу, ержүректілік пен нәзіктіліктің үйлесімділігі, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі шектей білу, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген төзімділігі, отбасы өмірін ұйымдастыру жауапкершілігі, өзара түсіну қасиеті, некеде сүйіспеншілік сезімін сақтап, қамқорлықпен қарау, бір-бірінің жеке-дара мүдделеріне, талғамдарына, әдеттеріне, жеке басының ерекшеліктеріне құрметпен қарау, ерінің, әйелінің әке-шешесімен, туған-туыстарымен әдепті қарым-қатынас жасау сияқты қасиеттердің барлығы жастардың бойынан табылып, оның бәрін іс жүзінде қолдануы керек.
- Отбасының тәрбиелік мәселері, біріншіден, ғасырлар тоғысында тұлғаны тәрбиелеу міндеттеріне, екіншіден, оның өмір сүру барысындағы отбасы тәрбиесінің үрдісіне, үшіншіден, қазіргі тәрбие құралы мен құрылысына байланысты.
- Халық тарихына тереңірек үңілсек, ұрпақ тәрбиесі әр елдің қай кезеңде болсын өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселе ғасырлар бойы жинақталған халық тәжірибесіне, даналығына сүйенгенде өзіндік жемісін беріп, шешімі табылып отырған. Қай халық болмасын ұрпақ тәрбиесінің өз ұлтына тән, оның тектілігін сақтайтын қағидалары мен ережелерін өздері жасаған.
- Статистикалық мәліметтер бойынша, көбіне жастар студентдік кезеңдерінде отбасын құрады. Сонымен қатар, осы кезеңде отбасын құрушылар арасында ажырасу мәселесі басым. Яғни, студент жастардың отбасын құруларына әлі де болса тәрбие жетіспейді. Әрине, бұл мәселе тікелей жоғары оқу орындарының міндеті емес, бірақ тәрбие мәселесі педагогикалық үрдістің құрамдас бөлігі екендігіне ешкім дау тудырмас.
Пайдаланылған әдебиеттер: - 1. 1.Ахметова Г.К., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С.Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006.
- 2. Азаров Ю.П. Семейная педагогика. – М.: АиФ, 1993, 605 с.
- 3. Мустаева Ф.А. Основы социальной педагогики. – М.: Акад.проект, Екетеринбург: Делавая книга, 2002, 416 с.
Достарыңызбен бөлісу: |