Орындаған: Назарханқызы Шапағат Мамандық: 6В01513 Биология Қабылдаған: Дина Қайсарбековна Алматы 2022 Биология кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары



жүктеу 125,92 Kb.
бет5/14
Дата23.12.2022
өлшемі125,92 Kb.
#40764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
бк 5 Назархан Шапағат

Макроэлементтер.Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды. Кальций
Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
16. Жасушаның химиялық құрамынағы ерекшеліктер.
Жасушаның химиялық құрамы — жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Жасушаның құрамында Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 86 элементі бар, оларың ішінде 25 элемент ағзаның өмірінің тіршілік әрекеті үшін керекті болса, 16-18 элемент зәру қажет.
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Əрбір жасушаның құрамы ағзалық жəне бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нəруыздар (белок), майлар, көмірсулар жəне нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су мен минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
Нəруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт жəне т.б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нəруыздар 45°С - 80°С ұйиды. Олардың құрамы 20 амин қышқылынан тұрады.
Майлар' үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глецерин мен май қышқылынан тұрады.
Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға əртүрлі суда тез еритін тəтті (кристалды) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануар крахмалы). гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.
17. Биологиялық өсу мен дамудың адам өміріндегі маңызы.
Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, өсу мен дамудың жалпы заңдылықтарын, қызмет атқаруын реттейтін физиологиялық механихзмдерді, тіршілік ету ортасындағы алуан түрлі өзгерістерге организмнің бейімделуінің қалай іске асатындығын, организмді құрайтын жүйелер (жүйке жүйесі, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу, сыртқа шығару, сенсорлық жүйе) қызметтерінің мәнісін, олардың денсаулыққа қатысты орындары мен маңызын зерттеп, зерделеп түсіндіреді.
18. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.
Жер бетінде өсімдіктердің алуан түрі өссе, жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Жыл сайын биолог ғалымдар олардың жаңа түрлерін ашуда. Өсімдіктердің, жануарлардың көптүрлілігін бағдарлайтын жүйелеу (систематика) ғылымының мақсаты — өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі топтарға жіктеу. Бұл жаңадан ашылған түрлерді жалпы жүйеде өз орнына орналастыруға көмектеседі. Демек, оларды топтарға біріктіреді — жіктейді.
Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудің негізгі бірлігі түр болып табылады. Жануарлардың жіктелуі — түрден типке дейінгі әртүрлі таксондардың бір-біріне тәуелділігі. Түр — құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы. Түр өз кезегінде популяциялардан тұрады. Популяция — белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды.
Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды. Әртүрлі мемлекеттердің зоолог ғалымдары қандай жануар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі — зат есім, ол жануардың белгілі бір туысқа жататынын (мысалы, «шағала») білдіреді, атаудың екінші сөзі — сын есім, түр анықтамасын («көл») береді. Нәтижесінде белгілі құстың — көл шаваласының түр атауы анықталады. Бұл атау тек соған ғана тиесілі, мұндай атаумен басқа жануар аталмайды.
19. Өсуге сыртқы және ішкі факторлардың әсері.
Өсімдіктің өсуі тіршіліктің активті кезінде күшті өтіп, ал өсімдік тіршілігі әлсіреген кезде баяулап, тіршілік тоқтаған кезде өсу де мүлдем тоқтайды. Өсімдік сыртқы орта жағдайларының өз тілегіне сәйкес келмеген кезінде: минералды элементтер, су, 02 жетіспеу немесе органикалық қосылыстарының синтезделуінің әлсіреуі, түзілген органикалық қосылыстардың бір орнынан екінші орынға жылжығанда немесе оның әлсірегенінде, өсімдіктің ішкі және сыртқы факторларының бірінің өзгеруі ақыры өсімдіктің өсуін тоқтатады. Міне, сондықтан да өсу — өсімдік организміндегі тіршілік процестерінің айқын бейнесі, сыртқы орта жағдайларының көрсеткіші болып саналады. Өсімдіктің кері кетпестей ұлғаюы — жаңа клеткалар мен ұлпалардың түзілу нәтижесінде өсуді қамтамасыз етеді. Ал түзілген (пайда болған) клеткалар көлемінің үлғаюы, оның өсуі тек қана клетка ішіндегі структуралық элементтерінің жаңадан күралу нәтижесінде өтпей, клетка су қабылдап, тургор қалпына келуінен де болады. Клетканың жаңадан күралуы — протоплазма массасының және клетка қабығының қүрам бөлшегінің артуына байланысты өсімдіктің салмағы артады. Өсімдік түқымы қараңғы жағдайда өскенде, өсімдіктің салмағы артпайды, бүл кезде жаңадан қүралған клетка қүрамы, түқымдағы қор заттарын биохимиялық айналысқа үшырауынан протоплазма мен клетканың қалған бөлшектерін қүрайды. Қор заттарының биохимиялық айналысы негізінен өсімдіктің, өсімдік мүшелерінің тыныс алу кезінде жүреді. Тыныс алудың аэробты фазасында протоплазма қүрамына енетін белок молекулалары және баскд қосылыстары синтезделетін алғашқы қосылыстар түзіледі. Міне, осыған байланысты өсімдікті ауасыз анаэробты жағдайда үстау олардың өсуін тоқтатады.
20. Дамуға сыртқы және ішкі факторлардың әсері.
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.


21. Жасуша биологиясының ғылымдағы орны.
Жасуша биологиясы (сонымен қатар жасушалық биология немесе цитология) -ның тармағы биология зерттеу құрылым және функциясы туралы ұяшық, сондай-ақ негізгі бірлігі ретінде белгілі өмір.Жасуша биологиясы екеуін де қамтиды прокариоттық және эукариотты жасушалар және зерттеуді қамтуы мүмкін көптеген ішкі тақырыптарға бөлуге болады жасушалардың метаболизміұялы байланысжасушалық циклбиохимия, және жасуша құрамы. Жасушаларды зерттеу бірнеше әдістердің көмегімен жүзеге асырылады жасуша мәдениеті, микроскопияның әр түрлі түрлері және жасушаларды фракциялау. Бұлар жасушалардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы зерттеулер мен зерттеулерге мүмкіндік берді және қазіргі кезде қолданылады, нәтижесінде үлкен ағзаларды түсінуге түсінік береді. Жасушалардың компоненттерін және жасушалардың қалай жұмыс істейтінін білу бәріне маңызды биологиялық ғылымдар сонымен бірге зерттеу үшін маңызды болып табылады биомедициналық сияқты өрістер қатерлі ісік, және басқа аурулар. Жасуша биологиясындағы зерттеулер басқа салалармен байланысты генетикамолекулалық генетикабиохимиямолекулалық биологиямедициналық микробиологияиммунология, және цитохимия.
22. Жасушадағы зат және энергия алмасудың ерекшеліктері.
1.Зат алмасу дегеніміз не, оның маңызы қандай?
Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.


Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

23. Жасушаға дейінгі және ядроға дейінгі формалардың ерекшеліктері.


Жасушаға дейінгі немесе жасушалық емес тіршілік формаларына вирустар мен бактериофагтар (фагтар) жа-тады. Вирустарды алғаш рет Д. И. Ивановский сипаттап жазған (1892 ж.). Мөлшері бойынша вирустар бакте-
риялардан кіші және тек электрондық микроскоппен ғана ажыратылады. Қазіргі кезде өсімдік, жануар және адамұлпасының жасушаларын зақымдайтын 3 мыңға жуық вирустар белгілі. Вирустар табиғатта барлық жерде тарал-ған. Олар жасушаішілік паразиттер болып табылады. Вирустарда типтік жасушаға тән құрылым жоқ. Вирустар
туралы ғылым вирусология деген атқа ие болған.
Бактериялар патшалығыНағыз бактериялар жәнеОксифотобактериялар (циа-
нобактериялар) деген екі патшалық тармағынан тұрады. Бактериялар - ағзалық әлемнің неғұрлым ерте-
дегі топтарының өкілдері. Споралары табылған түрлерінің жасы 3,5 млрд жылды құрайды.
Бактериялар микробиологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Бактериялар барлық тіршілік ортасына тарала отырып, бүкіл жерде кездеседі. Олардың ең көп мөлшері 3 км-ге дейін тереңдіктегі топырақта орналасқан (бір грамында 3 млрд-қа дейін). Бактериялар тұщы және тұзды судан
(мұхиттың 9 км тереңдігінен), мұздақтардан және ыстық бұлақтардан табылған. Олар ауада (120 км-ге дейінгібиіктікте), жануарлар мен өсімдіктер ағзасында (өлі және тірі күйінде) көп кездеседі. Бұл тізімге адам ағзасын да
қосуға болады.Бактериялардың тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар - ылғал мен қоректік заттардың, орта температурасының
+35… +40 оС болуы. Тура түскен күн сәулесі бактерияларды жояды.

24. Тірі ағзалардың жасушалық құрылысындағы өзгерістердің маңызы.


Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.
25. Жасушаның тіршілік циклі маңызы.
Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.
Ол 4 кезеңге бөлінеді:

  • пресинтетикалық

  • синтетикалық

  • постсинтетикалық

  • митоз

Пресинтетикалық кезеңде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының(көмірсу,май және белок) синтезделуі қажет.
Синтетикалық кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.
Постсинтетикалық кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді,себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.
Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.


26. Табиғатта әр түрлі патшалыққа жататын ағзалардың жасушаларының ерекшеліктері.
Тірі организмдер 5 патшалыққа бөлінеді: вирустар және фагтар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз және жасушалы болып екі топқа бөлінеді.
Тірі организмдердің патшалықтарына жалпы сипаттама
Вирустар бұл паразиттер, олар тек тірі жасушаларда ғана тіршілік етіп көбейе алады. Анығырақ айтқанда, жасуша өзінің қоректік заттарының есебінен вирустарды көбейтеді.
Бактериялар прокариоттар, жердің ең ертедегі қоныстанушылары, олар екі миллиард жылдан бері тіршілік етуде. Ғалымдарға олардың 2500-ге жуық түрі белгілі. Бактериялар — ядросы жоқ жасушалық құрылымды организмдер.
Саңырауқұлақтар- біржасушалы және көпжасушалы болады. Олардың барлығы эукариоттар болып табылады, яғни жасушаларында цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінген ядросы бар.
Өсімдіктер фотосинтез процесі барысында қоректенудің өзіндік тәсілімен және жер бетіндегі барлық тірі организмдерге қажетті оттекті бөліп шығаруымен сипатталатын организмдер патшалығы.
Жануарлар патшалығы 2 млн-ға жуық түрлері бар сансыз көп организмдер тобы. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлар мөлшері, дене пішіні бойынша алуан түрлі болып келеді. Жануарлардың басым көпшілігі — көпжасушалылар, алайда біржасушалы түрлері де (қарапайымдар) кездеседі.

27. Тірі жүйелер ұйымының деңгейлері және олардың иерархиясы. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.


Жүйелер теориялық түрле ашық немесе жабық болуы мүмкін - олардың сыртқы ортамен зат, энергия және ақпарат алмасуы үшін ашық немесе жабықтығына қарай бөлінеді. Биологиялық жүйелер барлық жалпы жүйелік сипаттарға жауап береді - құрылымдық, функционалдық, топологиялық т.б. Олар әдетте жақсы құрылымдалған, функциялық мамандандырылған, географиялық немесе экологиялық оқшауланған және күрделі көпдеңгейлік иерархиядан тұрады.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды.
Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды. Әртүрлі мемлекеттердің зоолог ғалымдары қандай жануар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі — зат есім, ол жануардың белгілі бір туысқа жататынын (мысалы, «шағала») білдіреді, атаудың екінші сөзі — сын есім, түр анықтамасын («көл») береді. Нәтижесінде белгілі құстың — көл шаваласының түр атауы анықталады. Бұл атау тек соған ғана тиесілі, мұндай атаумен басқа жануар аталмайды.
Жақын түрлерді бір туысқа біріктіреді. Мысалы, қарға, құзғын, шауқарға және ұзақ қарғалар туысына біріктірілген. Жақын туыстарды тұқымдасқа біріктіреді — қарға туысы, сауысқан туысы, жорғаторғай туысы, самырсын туысы қарғалар тұқымдасына біріктірілген. Өз кезегінде жақын тұқымдастарды отрядқа біріктіреді. Көкшымшық тұқымдасы, қарғалар тұқымдасы, қарлығаштар тұқымдасы торғайтәрізділер отрядына жатады. Жақын отрядтар класты құрайды — торғайтәрізділер отряды, жапалақтәрізділер отряды, қазтәрізділер отряды құстар класына жатады. Жақын кластар типке біріктірілген. Құстар класы, қосмекенділер класы, сүтқоректілер класы желілілер (хордалылар) типіне жатады.
28. Биосфера деңгейінде жүретін үрдістер және олардың ғаламшардағы тірі ағзалар үшін маңызы.
Сырттай қарағанда тірі организмдер мен өлі табиғат, ресурстарында үлкен айырмашылық бар ғой деп ойлайсыз. Зерттеп қараған кезде олардың бірінсіз-бірінің тіршілігі жоқ екенін көрсетеді. Қайта олар бір- бірімен жан-жақты және тығыз байланыста болатыны анықталды. Айналаны қоршаған өлі атмосфераның ресурсынсыз өмір сүре алмайды, себебі ол айналаны қоршаған ортаға да терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізеді. Тірі ағзалар (өсімдіктер қалдықтары, жан- жануарлардың өліктері және тағы басқа органикалық қалдықтар) топырақтың қара шірігін құраушы, тіпті топырақтың негізін құраушы, тіпті топырақтың негізін құрайтын фактор болып есептелінеді. Топырақ өлі дене емес. Ол тіршілік ортасы. Жерді қоршаған атмосфера, бір жағынан, тіршілік ортасы болса, екіншіден, оның қазіргі физикалық құрамы тірі ағзалардың әрекеті арқылы пайда болған.Жер бетін мекендейтін бүкіл тірі организмдердің жиынтығы сүретін ортасымен қосыла отырып, өзгеше қабат биосфераны құрайды.В.И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей келе биохимиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар», екінші тобы биогенді, үшіншісін — биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше категорияларға бөлді.
Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт жататынын В.И.Вернадский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі биоорганикалық қосылыстар жасап, көмірсулар, Жоғары молекулалы заттар-белоктар, нуклеин қышқылдар дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ), липиттерді синтездейді.Бұл биохимиялық қосылыстар биосферадағы тірі организмдері негізгі құрамы тіршілік тірегі.
В.И.Вернадский биосфераның пайда болу, даму және қазіргі кездегі жағдайында тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ол «Жердің сыртқы қабатында үнемі езгеріс енгізетін тірі организмдерден бас құдіретті химиялық күш жоқ» деп жазды өзінің «биосфера атты еңбегінде. Әсіресе тірі организмдер оған қоса адамзат баласының іс әрекеттерінің биосфера шетіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын биолог экологиялық және химиялық жүйе екенін делелдеді. Бір сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын планетамыздағы ең жоғарғы сатыдағы өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы күш. Сондықтан да жер бетіндегі неше түрлі құбылыстар осы тірі ағзалармен байланысты екенін толық түсіндіре білді. Шынына келетін болсақ тірі ағзалар ғарыштық энергияны биосферадағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдістер биосферадағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік зат пен энергияның алмасып отыратынына ең себепші құдіретті қозғаушы күш.
29. Азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар, майлардың болуын және олардың маңызын зерттеу.
Адам организмінде қарапайым заттардан күрделі заттардың түзілу процесі, сонымен қатар күрделі заттардың ыдырауы, тотығуы үздіксіз жүріп жатады. Мүшелердің жұмысы олардың үздіксіз жаңаруымен қатар жүріп отырады — жасушалардың біреуі тіршілігін жойса, басқалары оны алмастырады.
Организм жасушалары, егер организмге оттек және қоректік заттар үздіксіз түсіп отырса ғана өсіп, жаңарып отырады. Қоректік заттар бұл — организмді құрайтын құрылыс материалдары. Жаңа жасушалардың, мүшелердің түзілуі үшін, адам еңбек етуі үшін энергия қажет. Бұл энергияны организм органикалық заттардың ыдырауы барысында алады.
Адам денесі орташа алғанда 15 — 20% нәруыздан, 0,6% көмірсудан, 19% майдан, 60 — 65% судан, 5,8% тұздан тұрады. Толыққанды азық құрамында организмге қажетті заттардың барлығы, ең алдымен, көмірсулар, нәруыздар, майлар болуы қажет.
30. Нәруыздердің құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу (денатурация, ренатурация).
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды.

● Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

● Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.
Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады.
Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.

● кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);


31. Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.Заттар мен энергияның алмасу

Саңырауқұлақтарға қарсы бактериялар


Барлық тірі организмдер ДНҚ бар орнына сәйкес прокариоттар немесе эукариоттар болып жіктеледі. Прокариотты жасушаларда ядро ​​мембранасы болмайды, ал эукариотты ядро ​​мембранамен қоршалған. Бұл классификация бойынша бактериялар прокариотты, ал саңырауқұлақтар эукариотты. Алайда бактериялар мен саңырауқұлақтардың ұқсастықтары бар. Екеуінің де өмір сүру мен көбею сияқты ерекшеліктері бар. Олардың көпшілігі микроскопиялық. Кейбір бактериялар мен саңырауқұлақтар паразиттік.
Бактериялар
Бұл тірі организмдердің ең көне тобы. Олар өте қарапайым жасушалық құрылымға ие. Олардың көпшілігі біржасушалы, бірақ ерекшеліктері болуы мүмкін; тізбектер немесе кластерлер болуы. Негізінде оларда ядролық мембранамен қоршалған ядро ​​болмайды; сондықтан оларды прокариоттар деп атайды. Бактерияның ұзындығы 0,1 мкм -ден 10 мкм -ге дейін. Оларда гистон ақуыздарымен қапталмаған дөңгелек жалаңаш ДНҚ бар. 70 -ші жылдардағы рибосомалар белоктарды синтездейтін жасушалармен байланысты. Бактерия жасушаларында аздаған органеллалар байқалғанымен, олар мембранамен қапталмаған. Жасуша қабырғасы амин қышқылдары бар полисахаридтен тұратын муреиннен тұрады. Жасуша қабырғасының құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты бактерияларды грам теріс және грам оң деп екі топқа бөлуге болады. Көптеген бактерияларда флагелла бар және олар қозғалғыш.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
1. Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі –
қоректік заттардың ферменттік ыдырауы (0,5%).
2.Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
Анаэробты тотығу (5%).
3. Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы –
заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы (94,5%).
4. Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа
шығарылуы.


32. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері.

Нейтрализм -бір аймақтық тіршілік ететін екі түрдің (популяция) бір-біріне не оң, не теріс әсер етуі. Мысалы, тиіндер мен бұғылар бір-біріне айтарлықтай бір әсер етпейді.


Протокооперация-кезінде ағзалардың бір біріне пайдалы әсер ететін, бірақ бірге тіршілік етуге міндетті емес арақатынас түрі. Мысалы, таңқышаянның бақашығында актиния тіршілік ету үшін орнығуы мүмкін. Актинияның атпа жасушаларының ішінде у болады , сол арқылы актиния таңқышаянды жыртқыш балықтардан қорғайды. Ал таңқышаян актинияның таралуынакөмектеседі және қоректену аймағын кеңейтеді.
Комменсализм -бірлесіп өмір сүрудің нәтижесінде бір түрдің дарасы пайда табады, ал екінші түр бейтарап болады. Комменсализмнің екі түрін ажыратады : сииойкия және трофобиоз. Сииойкияға мысал – актиния мен кейбір тропикалық балықтардың түрі арасындағы қарым-қатынас түрі. Балықтар жыртқыштардың шабуылынан атпа жасушалары бар актиниялардың қармалауыштарының арасында тығылады. Трофобиозға жыртқыштар мен қалдықтарды жейтін ағзалар мысал бола алады. Мысалы, гиеналар арыстандардың жегеннен кейін қалдырып кеткен аң қалдықтарын жейді.
Жыртқыштық-бір жыртқыштың басқа жемтукту өлтіріп, қорек етуі. Мысалы, қоян мен қасқыр. Бір түрге жататын дараның өзі жататын түрдің басқа бір дарасын өлтіріп, қорек етсе бұл каннибализм деп аталады. Канибализм жыртқыштардың, қоңыр аюлардың, адамдардың арасында кездеседі.
Паратизм-бір паразит басқа бір ағзаны өлтірмей, ұзақ уақыт бойы қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттерге вирустар, ауру қоздырғыш бактериялар, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар, паразитті құрттар жатады.



33. Органикалық әлемнің көптүрлілігі.
Органикалық дүние – Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Палеонтолог ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда жойылып кеткен организмдердің тек 0,01%-ының ғана қаңқа қалдықтары сақталған. Тірі организмдерді құрылыс ерекшеліктеріне қарай алғаш рет өсімдіктер мен жануарлар деп бөлген грек ойшылы Аристотель, оның шәкірті Теофраст болды. Тірі организмдерді жүйелеуде К.Линнейдің, Ж.Ламарктің, Э.Геккельдің еңбектері зор. Ал өсімдіктерді жіктеуде көбінесе орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян (1910 ж. т.) ұсынған жүйелік топтар пайданылады.
Тірі организмдерді жүйелеуде қазіргі кезде ең жоғары жүйелік топ – империя деген ұғым қолданылады. Қазір осындай 2 империя бар:
клеткалық құрылысы айқын емес организмдер (Прокариоттар)
клеткалық құрылысы айқын организмдер (Эукариоттар).
Органикалық дүние бірнеше тіршілік деңгейлерінен құралады. Ең қарапайым тіршілік деңгейі – молекулалық, ал ең үлкен тіршілік деңгейі – биосфералық деңгей деп аталады. Органикалық дүниенің эволюциялық даму барысында ең жоғары, ең соңғы сатыда тұрғаны – саналы адам (Homo sapіens). Тірі организмдердің қазіргі биосфералық дамуы ноосфера деңгейіне көтерілгендігін дүниежүзі ғалымдары мойындайды.
34. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі.
Бейімделу — ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальт психология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік — индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейімделуге ықпал ететін адам қылығы.

жүктеу 125,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау