Орындаған: Назарханқызы Шапағат Мамандық: 6В01513 Биология Қабылдаған: Дина Қайсарбековна Алматы 2022 Биология кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары



жүктеу 125,92 Kb.
бет2/14
Дата23.12.2022
өлшемі125,92 Kb.
#40764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
бк 5 Назархан Шапағат

Эксперименттік әдіс- Белгілі бір тәжірбиелер жасау арқылы нақты қорытынды шығаратын әдіс. Бұл әдіс У. Гарвейдің атымен байланыстырылады. Себебі эксперимент әдісін қан айналымын зерттеу барысында қолданған болатын. Бірақ бұл әдіс 20 ғасырдан бастап физиологиялық прогрестерді зерттеу кезінде кеңінен қолданыла бастады.
Бақылау әдісі.Ағзалар мен оларды қоршап тұрған айналамызда кездесетін оқиғаларды бақылау, бейнелеу және анализ ету мүмкіндігін береді. Бұл әдіс көне замандардан бастап ғалымдар жағынан дәлелді материалдарды жинау және оны бейнелеу үшін кең қолданылған. XVIII ғасырда бұл әдістің көмегінде биолог ғалымдар жануарлар мен өсімдіктерді сипаттап, бейнелеу және жиналған материалдарды реттеумен шұғылданған.
Тарихи әдіс- бұрыннан белгілі факторларды ұғынуға және оларды бұрын белгілі нәтижиелермен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс 19ғасырдың 2-ші жартысынан бастап Ч.Дарвин жұмыстарының арқасында кеңінен қолданыла бастады. Ч.Дарвин тарихи әдістің көмегімен ағзалардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын ашқан болатын.
4.Тіршіліктің пайда болуы және оның мәнін түсіндіру жолдары .
Тіршілік ұғымына берілген түрлі-түрлі оншақты анықтамалар бар. Солардың барлығына дерлігі қанағаттандырғысыз болып шықты. Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» деген кітабында тіршілікке біршама сәтті анықтама берді: «Тіршілік дегеніміз белокты денелердің өмір сүру әдісі, ал бұл өмір сүру әдісінің мәнісі сол денелердің химиялық құрам бөліктерінің үнемі өзінен-өзі жаңарып тұратынында». Ф. Энгельстің анықтамасы екі бөлімнен тұрады. Ол бірінші бөлімде тірі денелердің өзіне ғана тән негізгі ерекшелігіне - оларда белоктың болуын көрсетеді. Белоктар қарапайым жәндіктерден бастап, ең жоғары және күрделі құрылысты жануарларға дейінгі бүкіл тірі жүйенің бәрінің де тұрақты құрам бөлігі болатынын білеміз. «Тіршілік бар жерлердің бәрінде де - деп жазады Ф. Энгельс, - біз оның қандай да бір белокты денемен байланысты екеніне тап боламыз, біз ыдырау процесіне ұшырамаған қандай да бір белокты дене бар жерлердің бәрінен де тіршілік құбылыстарын кездестіреміз».
Ерте кезден-ақ адамдарды мынадай сұрақ ойландырды: организмдер қайдан шықты? Көне уақытта және орта ғасырда биологияның даму деңгейі өте төмен болды. Осы кезеңдерде тірі организмдер өлі материалдан пайда болады деген көзқарастар таралып кетті. Тоғандағы бақа - тұнбадан, шыбын - кірден пайда болады дегенге әбден сенді. Орта ғасырдағы көрнекті ғалым Ван Гельмонт (1575-1640) өз кітабында тышқандар кір киімнен пайда болуы мүмкін деп дәлелдеді. Сол дәуірдегі екінші бір ғалым - дәрігер Парацельс (1485-1540) адамды («гомункулюс») қолдан дайындаудың әдісін жазып, жарыққа шығарды.
Тіршіліктің пайда болу мүмкіндігін дәлелдейтін биологияның дамуына байланысты ғалымдардың зерттеу әдістерін жетілдіру тұрақтандырылмады.
1661 жылы италия дәрігері Франческо Реди өз тәжірибесінің нәтижесін жариялады. Ол сегіз шыны ыдысқа жас ет салды. Төрт ыдыстың бетін ашық қалдырып, қалған төртеуінің бетін дәкемен мықтап жауып қойды. Бірнеше күннен кейін, беті ашық тұрған ыдыстағы етте құрт (шыбын личинкалары) пайда болған, бетін дәкемен жауып қойған ыдыстардағы ет құрттамаған. Демек, ол құрттар (қалыптасқан түсініктей) еттің өзінен емес, шыбын салған жұмыртқадан пайда болған. Бұл тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы ұғымға соққы болып тиді. Алайда,тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы көзқарас әсіресе микро- биологияда көпке дейін сақталып келеді.
5. Табиғатта әр түрлі патшалыққа жататын ағзалардың жасушаларының ерекшеліктері.
Жер бетінде тіршілік етіп жатқан ағзаларды ағзалық әлем деп атайды. Биология ғылымы барлық тірі ағзаларды бірнеше патшалыққа бөлді. Биология ғылымында 5 патшалық бар: Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бытыранықтар және вирустар. Тірі ағзалар тіршілік етуіне,қоректенуіне, өмір сүруіне
байланысты жіктелген.Жер бетіндегі тірі ағзалардың өмір сүруі адамзат баласына байланысты. Себебі адам
қазіргі кезде ойлай алатын, саналы приматтар тобына жатады. Барлық тіршілік иелерінің өсіп-өнуі, көбюіне кейбір адамдардың қолайсыз істері кедергі болып жатады. Сондықтан адамзат баласы өзінің табиғатпен тығыз байланыста екеніне көзін жеткізді.
Биология ғылымында табиғаттың тығыз байланысын зерттейтін ғылымды «экология»деп атады.
Экология терминін 1866 жылы ғылымға енгізген Эрнст Геккель болып саналады.Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды.19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе
кклиматтық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар
қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады. Экология - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу
заңдылықтарын, сондай-ақ ағза деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің- популяциялардың , организмдер қауымдастықтарыны , экожүйелердің , биосфераның
ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
6. Тірі жүйенің ұйымдасушылық деңгейінің маңызы.
Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:


  1. жүктеу 125,92 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау