Орындаған: физика пәні мұғалімі Калиева К. Т. «Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» кмм



жүктеу 97,51 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі97,51 Kb.
#8943




Орындаған: физика пәні мұғалімі Калиева К.Т.
«Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ

2016-2017 оқу жылы

«Білім беру мен басқарудың дәстүрлі мазмұнын өзгертіп,жаңа мыңжылдық мектебіне түбірлі бетбұрысқа батыл қадам жасауға тура келеді.Біреулер оны ертеңге қалдырады,біреулер бүгін бастайды.Кей баланың бағы бүгін жанады,басқасына 100 жылдан кейін сәті түседі»

( Д. И. Менделеев)


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев.


Мен 2003 жылдан бастап физика пәнінен ҰБТ-ке дайындап келемін. Қазіргі кезде мұғалімнің пән бойынша ҰБТ-тегі көрсеткіші сол мұғалімнің жеткен жетістігі немесе нәтижеге бағытталған оқу сапасы деп те айтылып жүр.Менің жылдар бойы ҰБТ-ке дайындаудың өзіндік қалыптасқан жұмыс жүйем бар.Осы жүйе бойынша көптеген оқушыларды дайындап,жоғарғы оқу орындарының оқу гранттарын иелендік.Жоғарғы көрсеткішке жету үшін мен мынадай мәселелерге назар аудардым:

  1. Пән бойынша базалық білімді меңгеру.

  2. Алған білімді жүйелеу.

  3. Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру.

  4. Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Жылдар бойы қалыптасқан оқу технологиялары: Шаталовтың тірек-сызба конспектісі,семантикалық карталар немесе В-кесте деп атаймын,комплексті сатылай талдау технологисы,Қараевтың дифференциалды оқыту жүйесі немесе деңгейлеп оқыту және АҚТ технологиясы, оңайдан күрделіге қарай оқыту жүйесін ұстанамын.

Қолданатын әдіс-тәсілдерім: жекелей оқыту,топтап оқыту,бір-бірін оқыту,қатемен жұмыстар,қателерге талдау жасату,оза оқыту,тақырыптарды топтап алып оқыту,бір-бірлеріне сұрақтар дайындау жауаптарымен,тест құрату тақырып бойынша,өз бетінше оқу т.б.

Жылдар бойы қалыптасқан оқушыға қоятын менің мынадай талаптарым бар.Олар келесідей:

1.Әр оқушыда негізгі үш өте қалың дәптерлер болуы керек.Біреуі теориялық дәптер,екіншісі жұмыс дәптер,үшіншісі тест дәптерлер.Теориялық дәптерге барлық тарау бойынша ең негізгі және қосымша оқу материалдарды Шаталовтың тірек-конспектісін қолданады.Ал физикалық процестер мен құбылыстарды сатылай комплексті талдау технологиясын қолдана отырып,өз бетінше дайындалады.Бұл дәптерде барлық заңдар мен тұжырымдамалар анықтамалар,графиктер болады. Ал екінші жұмыс дәптерде оқушылар әр тарау бойынша 20-30 негізгі сұрақтарды жауаптарымен дайындайды.Оларды үнемі қайталап отыру керек және толықтырып отыруы тиіс.Егер толықтырып,өздері ізденіп,жүйелі жазып дайындалса,білім деңгейі өсіп отырады.Ал осы жұмысты бастап,ҰБТ-ке дайындықтың соңына дейін апарса,онда нәтижесін береді.Үшінші дәптерде тест жинақтарды,байқау-тесттерді, әр апта сайын шығаратын тесттерді жүйелі жазып,шығарады және қателерді сұрыптайды.Қате болған тесттердің жауабын тауып,шығарып,өңдеп,қайта-қайта соған ұқсас тесттерді іздеп,дағдыланғанша шығарып,ерінбей жаттығу керек.Сонда ғана оқушы нәтижеге жетеді.

2. Физикада 150-дей формула бар.Оларды бір жүйеге келтіріп,ерінбей семантикалық карта немесе В-кесте жасайды.Бұл жұмысты мен 7-сыныптан 11-сыныпқа дейін жүйелі түрде жасатамын және жаттауға ұсынамын.Бірақ менің практикамда формула жаттау өз дәрежесінде емес.Кейде оқушының зейіні,еске сақтау қабілеті жоғары болса, бұл тапсырманы орындай алады. Ал егер оқушы ұмытшақ ,зейіні тұрақсыз,ойы шашыраңқы болса,онда В-кестені жаттау мүмкін емес.Ал формуласыз тест шығару мүмкін емес.

3.Қалыптасқан жүйе АҚТ технологиясын қолданып,тренажер-тесттерді шығарту,тест жинақтарды әр жылдардағыны сатып алып шығару т.б.



Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1. 11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау;


2. пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру;
3. ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау;
4. жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау;
5. байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру;
6. байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру;
7. байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау;
8. мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.
Ұйымдастырушылық кезең:

  1. оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,

  2. ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу;

  3. 5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру;

жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті
қойылуына бақылау жасау;

  1. аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.

ІІІ. Психологиялық кезең:

1. пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
2. оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
3. оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу;
VІ. Технологиялық кезең:


  • 1. курстар мен үйрету семинарларына қатысу;
    2. тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру;
    3. күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану;
    4. оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету;
    5. пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру;
    6. мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу


Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- Психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;
- Проблемасы бар балаларды жан – жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;
- Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
«Ұмытудың пайызын азайту үшін не істеу керек?

Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» – дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.


1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық – еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 – 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі – кешкі 19. 00 дейін.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Мақсаттар:
1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс;
2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру;
3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады

1-кезең.Диагностикалық:


ü бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау
ü өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
ü ҰБт-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең.Практикалық:
ü тест жинақтарымен жұмыс,
ü күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
ü топтық және жеке дайындық;
ü тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдердіқолдану.
3-кезең.Синтетикалық (анықтаушылық):
ü тақырыптар бойынша бақылыу тестілері;
ü мониторинг;
ü қатемен жұмыс парағын жүргізу;
ü психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
1.Үш түстің пайдалану ережесі

  •  Үш түрлі қаламсап алу: көк, жасыл және қызыл!

  • Көк сиялы қаламмен өзің жауабын білетін сұрақтардың тұсына белгі соқ!
    Ал қиналып болса да жауап беретін, жауабыңа сенімсіз қарайтын сұрақтар тұсын жасыл сиялы қаламмен белгіле.

  • Өзің мүлде білмейтін сұрақтар тұсына қызыл сиялы қаламды қолдан.

  • Егер онлайн түрінде тапсырсаң, сұрақ нөмірін жазып ал. Ал бақылау кітапшаларына келетін болсақ, міндетті түрде  белгі қоюды ұмытпа?!

  • Әртүрлі түстегі жауаптар арқылы, сен өз деңгейіңді көресің. Әрі осал тұстарыңды анықтап аласың.

  • Осылардан соң қайталауға көшуге болады. Қызыл сиямен белгіленген сұрақтарды үсті-үстіне қайталап, осы орайлас тақырыптарды жан-жақты қарастыр. Әрі қарай  өзің білетін тақырыптарға көз қырын  салсаң да жеткілікті.

  • Қауіп тудыратын күмәнді сұрақтарды әр күнгі жоспарға  белгілеп қойып, тиянақты және тыңғылықты жұмыс атқар.

  • Ми клеткаларын жақсы жұмыс істету үшін мынаны да ескер. Әр 40 минуттық оқу аралығында 10 минуттық үзіліс жариялап тұру керек. Таза ауада тыныстап алған да дұрыс.

  • Аяғында оқу жоспарын бір қарап шық. Сол арқылы сенің қызылды-жасылды түстегі сұрақтарға деген жауапкершілігің көрінеді. Бұл сенің болашақтағы ұмытып қалмауың үшін жасалған қадам.


3.Тақырыпты топтап алып оқыту

  • Мысалы: Физика курсын үлкен 14 топқа бөлдім:

  • 1.Қозғалыс түрлерін (Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс, түзусызықты айнымалы қозғалыс, қисықсызықты қозғалыс, горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, вертикаль жоғары, вертикаль төмен...).

  • 2.Күштер. (Ауырлық, үйкеліс,серпімділік, теңәрекетті күш, гравитациялық күш, ядролық күш, кулондық күш, Лоренц күші, Ампер күші... ). (7-11 сынып )

  • 3.Тізбектей, параллель жалғаулар (өткізгішті, конденсаторды, серіппені).

  • 4.Тербелістер (еркін, еріксіз, электромагниттік, автотербелістер, механикалық резонанс...).

  • 5.Жұмыс ( механикадағы,термодинамикадағы, электростатикадағы,токтың жұмысы, жұмыс пен кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, ПӘК, қуат т.б. арасындағы байланыс формулалары.). т.б.


Материяның қозғалыс заңдарын сипаттайтын кинематикалық түсініктер

1. Қозғалыс теңдеуі

2.Қозғалыс траекториясы

3.Қозғалыс жылдамдығы

4.Қозғалыс үдеуі













Орын ауыстыру векторының уақытқа байланысты өзгеріс теңдеуі

Қозғалып бара жатқан дененің таңдап алған санақ жүйесіне қатысты жасаған үздіксіз сызығы

Орын ауыстыру векторының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама

Жылдамдық векторының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама


Денелердің қозғалысының түрлері және олардың анықтамасы


Траекториясына сәйкес

Түзу сызықты

Траекториясы түзу сызықты болатын қозғалыс

Қисық сызықты

Траекториясы қисық сызық болатын қозғалыс

Жылдамдығына сәйкес

Бірқалыпты

Жылдамдығы тұрақты болатын қозғалыс ϑ=const

Бірқалыпты айнымалы

Өзара тең уақыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс

Траекториясына сәйкес

Шеңбер бойымен

Траекториясы шеңбер болатын қозғалыс

Жылдамдығына сәйкес

Бірқалыпты

Бұрыштық жылдамдығы тұрақты қозғалыс, w=const

Бірқалыпты айнымалы

Өзара тең уақыт аралығында бұрыштық жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс, ᵋ=const


Мониторинг ҰБТ


Оқу жылы

2003-2004

2004-

2005

2005-

2006

2006-

2007

2007-

2008

2008-

2009

2009-

2010

2010-

2011

2011-

2012

2012-

2013

2013

2014

Білім

сапасы,

% -бен


0


25


50


30


100


25


100


100


100


25


100


Соңғы жылдардың мониторинг ҰБТ


Оқу жылы

2014-2015

2015-2016

Білім

сапасы,

% -бен

100



100

жүктеу 97,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау