Күрес кезінде мынадай бес қолайлы динамикалық сәт кездеседі:
1. Жығатын бағытта қарсыласты орнықтылық бұрышын жеңуге болатын сәт;
2. Жығатын бағыттағы қарсыластың орнықтылық бұрышы оның жалпы ауырлық центірінің тіреу аланының шетіне жақындау есебіне азайту сәт;
3. Қарсылыстың жалпы ауырлық центрі шапшаң жоғары жылжитын сәт;
4. Жалпы ауырлық центірін тіреуін оңай қағып жіберуге болатын сәт;
5. Қарсылас өлі нүктеде болатын сәт.
Әдетте, әдісті қолдануға дайындық пен әдісті орындау тұтаса келетін шабуыл палуанды жеңіске жеткізеді.
Кәсіптік-педагогиқалық қарым-қатынастарын игеру дербес шығармашылық деңгейде өту үшін жас спорт мамандары мен шәкірттердің мектеп жасындағыларымен жұмысты ұйымдастыруда төмендегі кезеңдерді басшылыққа алған жақсы нәтиже береді. Олар:
1) күрес өнерімен машықтанушы шәкірттер, жаттығу барысындағы әрбір қимыл-қозғалысына барлау жасап өзінеөзі талдау жасауға жеткен кезеңі;
2) өзқимылын өзі басқарып, кілем үстінде батылдық көрсету, бәсекелесінің абырой - атағын жасқанбай жаттығу нәтижесін жекпе-жек барысында іске асыруғажеткен кезең;
3) бапкерге қолайлы, әрі жағымды күрес техникасын шеберлік шегіне жеткізе білу;
ҚОРЫТЫНДЫ
Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен.
Белдесу барысында, ереже бойынша, қолды белбеуден босатуға болмайды. Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:
- Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек);
- Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру;
- Қарсыласын жамбасқа салып жығу;
- Іштен шалып жығу;
- Сырттан шалып жығу;
- Қарсыласын қырқа шалып жығу (артқа құлату).
Күрескен кезде, қолдануға рұқсат берілмейтін әдіс-тәсілдер:
- Белдесе күресу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды (тек әдіс қолданғанда ғана бір қолды босатуға рұқсат етіледі);
- Қарсыласын ұруға, итеруге болмайды; - Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды;
- Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді;
- Құлап түскен қарсыласының аяғын, қолын, т.б. мүшелерін бұрауға болмайды;
- Белбеуден басқа киімнен ұстауға рұқсат етілмейді;
- Астында жатқан қарсыласын тіземен, шынтақпен нығарлап басуға болмайды;
- Қарсыласына белбеуден ұстамай қолданған әдіс-тәсілді орынды деп есептемейді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |