Латын әліпбиі және ғалым Ә. Қайдар зерттеулері
Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір акад. Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” газетінде жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу “Жаңа түсінік” газетіне (09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРОдағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928ж. латын алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан кеңес басшылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті ғалым ендігі әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін таңдауда болатынын және ол “ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілерді” дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін пайымдайды.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ жатуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар:
- дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының толық тербелімі арқылы жасалады (тербелмелі);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады;
- дауысты дыбыстар буын құрайды.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы немесе тоғысуы арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар:
- дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының толымсыз тербелімі (дауыс шымылдығының тербеліссіз, жартылай тербелімі және мол тербелімі) арқылы жасалады (тербеліссіз немесе қатаң, тербеліңкі немесе ұяң, тербелімді немесе үнді);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады;
- дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінің әліпби тізімінің құрамына енген төл дыбыстарды әліпби дыбыстар деп атаймыз. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесі
Қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында былай таңбаланады: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е.
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У(w), Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай: қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі) және үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді.
3.Пайдаланылған әдебиеттер:
Аманжолов С. «Тіл және жазу». С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы. Скемен-2005ж.
https://moodle.enu.kz/pluginfile.php/181693/mod_resource/content/1/Дәрістердің%20қысқаша%20мазмұны%20%281%29-18-21.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |