М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Факультет деканы
Шайекенов.Ж.Ж
«___»__________2009 ж
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
« Қазақ орфографиясының негіздері»
(пәнінің атауы)
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 2 Семестр – 4
Кредит саны - 1
Дәріс – 15
Практикалық сабақ –
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –15
СӨЖ – 15
Емтихан – 4 -ші семестрде
Барлығы – 45 сағат
Орал 2009 жыл
1. Пәннің оқу әдістемелік кешені ___2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті дайындаған жоғарғы оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы(лар): ф.ғ.к, БҚМУ доценті А.Ә.Ниязғалиева, магистр Б.Е.Өмірзақов
_________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі: А.А.Какимова
“__ __“ ____ _____ 2009 ж. №_ _ хаттама
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к. А.Ы.Мамыров
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
“ __“ _________ 200 ж. № хаттама
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы: Г.Ж.Каримова.
1. Типтік бағдарлама
1 ғимарат 409 кабинет
2.Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Ақзия Әділқызы Ниязғалиева - Қазақ филологиясы кафедрасының доценті.
Бауыржан Есенжолұлы Өмірзақов – қазақ филологиясы кафедрасының магистрі
Пән туралы мәлімет
Сабақ кестесі:
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 1 кредит - сағат жоспарланады, оның әрбір кредит - сағат бір байланыс сағатынан (дәрістен) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
-
|
50 мин.
|
СМЖӨЖ
1 сағат
|
50 мин.
|
СӨЖ
1 сағат
|
50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
2
|
4
|
1
|
15
|
-
|
15
|
15
|
45
|
емтихан
|
Кіріспе. Курстың қысқаша сипаттамасы: « Қазақ орфографиясының негіздері » пәні – 2-ші курстарда оқытылып жүрген пән. Бұл курста студенттер оқытушының жетекшілігімен ғылыми ізденушілік бағытта қазақ тілінің негізгі орфографиясынан мәліметтер алып, ғалымдардың ой-тұжырымдары мен зерттеулері т.б. мәселелерді кеңінен қарастырады.
Курстың мақсаты:
Қазақ орфографиясы мен пунктуациясының зерттеу бағыттары, негіздері қарастырылады;
Жазудың шығу тарихы, жүйесі, саны, таңбасы, маңызы, қазіргі жазу түрлері туралы мәлімет беріледі;
Графика ұғымы туралы түсінік, мақсаты мен маңызы, қазіргі қазақ графикасы, графиканың басты мәселелері сөз болады;
Алфавит, оның пайда болуы, таралуы, бас әріптің графикадағы ролі, әріптің негізгі және жанама мағыналарынан түсінік беріледі;
Сингармонизм заңының қазақ графикасына қатысы, орфография мәселесі, қосымшалардың жазылуы, фонетикалық принциптің ықпалы туралы айту;
Морфологиялық принциптің қазақ жазуында негізгі рол атқаратындығы;
Қазақ пунктуациясының негізгі ережелерін меңгерту;
Курстың міндеттері: Қазақ орфографиясының зерттелуі, зерттеуші ғалымдар, олардың еңбектерін оқып – үйрену, қазақ орфографиясының негізгі ережелері, қолданылу ерекшеліктері, жазуда басшылыққа алынатын негізгі принциптер, алған білімдерін сауатты жазуда қолдана білуге дағдыландыру.
Курстың мазмұны: Қазақ орфографиясының негізгі ережелері, негізгі морфологиялық-фонематикалық және фонетикалық, дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер, пунктуация және сауаттылық жайлы мәлімет беру.
Оқыту әдістемесі: Сабақты мұғалімнің жанды сөзімен түсіндіруі қадағаланады. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікір таластыру сағатында арнайы тапсырмалар беріледі. Бүкіл ақпараттық білім мұғалімнің жетекшілігімен іске асады. Студенттердің өз бетінше ізденісі университеттің немесе қалалық, облыстық ғылыми көпшілік кітапханаларында бар кітап қорынан алынып жабдықталады. Электрондық яки интернет арқылы жинақталған білім көздері мұғалімнің нақты нұсқауымен анық бағыттар арқылы беріледі. Пән өтетін семестрде 2 рет рейтинг өткізіледі. Рейтингтік балл тестілеу немесе жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қойылады. Әрбір семинар сабағы ауызша жауап немесе өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис, жазу тарихы, тіл біліміне кіріспе, т.б.
Постреквизиттер: курсты меңгере отырып студенттер жазудың адамзат мәдениеті тарихындағы ролімен, қазақ орфографиясының негізгі принциптерімен, негізгі пунктуациялық ережелерімен таныса отырып, сауатты сөйлей және жаза білуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |