3. Қазақстандық мектептер мен ЖОО-лардың үш тілде білім беруге дайындығы | 49
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
Оқытушылардың 57%-ы ағылшын тілін орта деңгейде (В1-В2)
меңгерген
Оқытушылардың 31%-ы ағылшын тілін меңгерудің бастапқы
деңгейінде (А1-А2), бұл деңгей ағылшын тілінде сапалы түрде сабақ
беру үшін жеткіліксіз. Алайда, бұл оқытушылар жаратылыстану-
ғылыми бағыттағы пәндерден ағылшын тілінде сабақ береді
Қатысушылардың 41%-ы үш тілде қатар оқыту нәтижесінде қа-
зақ тілі мәртебесінің төмендеуіне алаңдаушылық білдіреді
ЖОО үш тілде білім беруді жүзеге асыруда белсенді. Жыл
сайын көптілді білім беруге тартылған мамандықтар, студенттер
мен ПОҚ саны артып келеді
Нақты оқу-әдістемелік қор (үштілді сөздіктер, оқулықтар) құ-
рылды; үш тілде білім берудің өзіндік моделдері (тілдер арақаты-
насы, пәндер тізімі және т.б.) қалыптасты; көптілді топтарда сабақ
беретін ПОҚ ынталандыру шаралары бар (жүктемені азайту және
материалдық ынталандыру)
Үш тілді білім беруді жүзеге асырудың озық тәжірибесі бар
ЖОО-да (1) көптілді топтарда сабақ беретін ПОҚ үлесі ЖОО-дағы
барлық ПОҚ үлесінің 15-30%-ын құрайды; (2) химия, физика, био-
логия және информатика мамандықтары бойынша көптілді топ-
тарда білім алатын студенттердің үлесі осы мамандықтағы барлық
студенттердің 25-75%-ын құрайды; (3) көптілді топтарда сабақ бере-
тін ПОҚ ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2-C1 құрайды; (4) көптілді
топтарда білім алатын студенттердің ағылшын тілі меңгеру деңгейі
А2-ні құрайды; (5) пән мазмұнын ағылшын тілінде оқытуда CLIL
әдістемесі белсене қолданылады.
50 | 4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы
4.1. Көптілді білім берудің негізгі қағидалары
Көптілді білім беру таңдаулы болып табылмайды: барлық
оқушылар көп тілді білім беру бағдарламасы бойынша білім ала
алады [95]
Ана тілі өзге тілдердің дағдыларын үйретудің негізі болуы тиіс
[96]
Ана тілін жақсы меңгерген оқушылар өзге тілдерден мықты
жазылым және оқылым дағдыларын көрсетеді [96]
Канадалық профессор Джим Камминстың «Ортақ жасырын
білім» теориясына сәйкес, белгілі бір тілді үйрене отырып, бала өз-
ге тілді үйрену кезінде сүйенуге болатын дағдылар мен жасырын
металингвистикалық білімдерге ие болады [97]
Ортақ жасырын білім екінші және үшінші тілдерді дамытудың
іргетасы бола алады [97]
Тілді оқушыға қорқыныш сезінбейтін және тілді үйрену про-
цесіне белсене қатысатын қолайлы және жайлы тілдік ортада үйре-
ту керек [98]
Тілді үйреткен кезде, басты назар мәнге емес, нысанға аудары-
луы тиіс [99]
Тілді жай ғана тіл үшін емес, нақты білім алу үшін үйрену ке-
рек [99]
Тілдік дағдылар, өз кезегінде, тілдік пәндерде ғана емес, тілдік
емес салалар (мазмұн) арқылы да дамытылады [99]
Ортақ пәнаралық тақырыптарды тілдік және пәндік сабақтар-
да қатар оқыту пән мазмұны мен тілдерді тиімді оқып-үйренуге
ықпал етеді [100]
Билингвалды топтық оқыту да (сабақты екі мұғалім өткізеді:
біреуі Т2-де немесе Т3-де сабақ түсіндірсе, екіншісі Т1-де түсінуде
қолдау көрсетеді) көптілді білім берудің тиімділігін арттырады
[101]
4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы | 51
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
4.2. Халықаралық сарапшылардың кеңестеріне негізделген
ұсыныстар
Қазақстанда үштілділік және үш тілде білім берудің термино-
логия жүйесін біріздендіру керек
Үш тілде білім беру ұғымы ағылшын тілін үйренумен шектел-
меуі тиіс
Қазіргі уақытта қазақ және орыс тілдерін меңгерудің жоғары
деңгейін қамтамасыз етпейтін, қазақ және орыс тілдерін оқытудың
қолданыстағы тәжірибесін дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн
Қазақстандағы үш тілді білім берудің қолданыстағы жүйесі бі-
регей және өзге көптілді елдердің мысалдарына мүлдем ұқсамайды
Бұл
оның
ауқымдылығынан,
өңірлік
әлеуметтік-
демографиялық ерекшеліктерінен (бір өңірлерде қазақ тілі, өзге
өңірлерде орыс тілі басым қолданылады) және үш тілдің арасында-
ғы типологиялық айырмашылықтардан (қазақ тілі түрік тілдері
тобына, орыс тілі шығыс славян тобына және ағылшын тілі батыс
герман тілдері тобына жатады) көрініс табады
Сондықтан әрбір өңірдің жағдайына сәйкес келетін модельді
анықтауға сараланған әдісті қолдану қажет
Үш тілде білім беруді жүзеге асыруға қажетті ресурстары жоқ
ауылдық және шағын жинақты мектептерге ерекше назар аударған
жөн
Үш тілде білім беруді маңызды кезеңдер мен индикаторлары
бар ұзақ мерзімді процесс ретінде қарастырған жөн
Жалпы білім беретін мектептер қатарынан пилоттық мектеп-
тер бастапқы нүкте болуы мүмкін, олардың қызметіне жүйелі мо-
ниторинг жасалады, бұл үш тілде білім берудің қазақстандық мек-
тептерге арналған анағұрлым қолайлы моделін таңдауға мүмкіндік
береді
Өзге ұлттық тілдерде білім беретін мектептерде ұлт тілін ана
тілі, қазақ тілін мемлекеттік және ағылшын тілін шетел тілі ретінде
оқытқан дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |