Органикалық байланыстырғыш заттар жəне олардың негізінде өндірілген материалдар органикалық байланыстырғыш заттар



жүктеу 38,05 Kb.
бет5/9
Дата18.03.2023
өлшемі38,05 Kb.
#41823
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9-дәріс.Органикалық байланыстырғыш заттар (1)

Қара май бетон асфальт сияқты материал, айырмашылығы, байланыстырғыш зат ретінде қара майдың минералды ұнтақпен
қоспасы пайдаланылады. Бұл бетон өндіру үшін асфальт-бетондағыдай (жарықшақ немесе малта тас) қолданылады. Техникалық қасиеттері
бойынша қара май бетон, асфальт-бетоннан нашар, оның суға, жылуға
төзімдігі төмен, əрі ол тезірек ескіреді. Ол тек жолдар жасау үшін
пайдаланылады (таскөмір өндіретін аудандарда да).


0рганикалық байланыстырғыш заттар негізінде жасалған
рулонды жабындық материалдар

Рулонды материалдар – негізді немесе негізсіз болып бөлінеді.


Негізді рулон материалдар: негізге – картонға (қалың қатырма қағазға) асбест қағазға, шыны матаға, т.б. битумды немесе қара майды сіңіру
арқылы жасалынады. Негізсіз рулонды материалдар – битум немесе
қара май, минералды ұнтақ пен үстемеден (антисептиктен, пластифкатордан) құралған қоспаны (араласпаны) каландрдан өткізіп, қажетті қалыңдығы бар полотно (мата, рулон) ретінде өндіріледі.
Негізі бар рулонды жабындық материалдар бірнеше қабатты болып
жасалынады. Жабындының астары (астыңғы қабаты) ретінде жұмсақ (оңай
балқитын) битум (қара май) сіңірілген негіз, ал тысы (беттік қабат ретінде
қатты (қиын балқитын) битум (қара май) жағылған негіз қолданылады да, оның бетіне минералды түйіндер себіледі.
Рубероид дегеніміз – жабындық картонға жұмсақ битумды (мысалы, БНК-45/180) сіңіріп, онан соң қиын балқитын битум (мысалы, БНК-90/40) жағып, бетіне минералдық түйірлер сеуіп
жасалған рулонды жабындық материал. Жабындық картон ескі-құсқы
шүберек, қағаз макулатурасы мен ағаш целлюлозасы қоспасынан
жасалады. Себінді материалдар (посыпка) ретінде мынадай
минералдық түйірлер пайдаланылады: ірі дəнді (К-крупнозернистая
посыпка), уақ дəнді (М-межозернистая), тозаңды шаңды (П -
пылевидная) жəне қабыршықты (Г-чешуйчатая).
Қолданылатын орнына байланысты рубероид: жабындық
(тыстық К-кровельный) жəне төсемдік (астарлық - П-подкладочный) болып бөлінеді. Рубероид орағанда ол жабыспауы үшін жабындық
рубероидтың астыңғы бетіне, ал төсемдік (астарлық) рубероидтың
асты-үстіне де тозаңды материал себіледі. Себінді материалдар
(түйірлер), мысалы түрлі-түсті ірі дəнділер жабындықтың
атмосфералық төзімділігін арттырып қана қоймай, оған тартымды
(сүйкімді) түр береді, яғни əдемі түрлендіреді.
Рубероидты өндіру үшін оңай жəне қиын балқитын битумдар
100-200°С дейін қыздырылып, оңай балқитын битум сіңіру
ваннасында картонға сіңіріледі. Одан əрі картон талқыдан (важи)
өткізіліп (ерсілі-қарсылы айналатын валдардың арасына салып
сағымдау, жаншу арқылы), артық битумнан ажыратылады. Осылай
жұмсақ битум сіңірілген картон келесі қатты битум балқытылған
ваннадан өткізіледі де, оған қиын балқитын битум сіңіріледі; келесі
поста битумдалған картонның асты-үстіне немесе тек үстіне
минералдық түйірлер себіледі. Ең соңында лента цилиндрден өткізіліп
суытылады да (сумен немесе басқа əдіспен), ұзындығы стандартық
рулонға оралынады.
Рубероид мынадай маркаларға бөлінеді: РКК-500А, РКК-400А,
РКК-400Б, РКМ-350Б, РКМ-400В, РПМ-300А, РПМ-300Б, РПМ-300В,
РПП-350Б, РПП-350В, РПП-300А, РПП-300Б, РПП-300В. Мұндағы
алғашқы əріптер: біріншісі (Р) - рубероид, екіншісі – оның түрі (К немесе П)
жабындық (К - кровельный) немесе төсеніш (астарлық - П подкладочный),
үшішісі – себіндік материалдардың, түйірлердің түрі (К – ірі дəнді, М – уақ
дəнді, П - тозаңды); цифрлар – негіз ретінде пайдаланылатын жабындық
картоның 1 м2-нің салмағы (граммен), цифрлардан кейінгі əріп (А,Б,В),
картоның сорты.

жүктеу 38,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау