«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі негізгі жұмыскердің әлеуметтік демалыс мерзіміне «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 90000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй



Дата19.11.2018
өлшемі75 Kb.
#20918
түріКонкурс

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі негізгі жұмыскердің әлеуметтік демалыс мерзіміне «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды: 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, 1 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112)511279, факс 8-(7112)505206, электрондық адресі: Uralsk-otdpred.kz

1. Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы-есепшi, Е-R-4 санаты (№7.1-7.03), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты ­­­­­­­­73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік бағдарламаларды білу, материалдық-қаржылық мәселені жоспарлау. Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бас кітап жүргізу, зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру айналымын жүргізу. 1С бухгалтерлік бағдарламасымен жұмыс жасау. Баланс жүргізу.Мемориалдық ордерлер жүргізу. Жыл сайынғы қаржыландыру жоспарын айларға бөлу. Активтерге түгендеу жүргізу. Қалалық қаржы бөліміне шығын сметасының орындалуы туралы және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері туралы айлық есеп тапсыру.Салық комитетіне, статистика басқармасына, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөліміне тоқсандық, жылдық есеп тапсыру. Бөлімінің кадр жұмысын атқару. Тауарлық-материалдық құндылықтардың және басты қорлардың түгенделуін жүргізуді жүзеге асыруға қатысады. БҚО бойынша қазынашылық Департаментімен қаржылық операциялар бойынша жұмыс жасау. Орал қаласының аумағын дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика және менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг) мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік талаптары.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

            Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт стратегиясын, «ҚР Бюджеттік кодексі», “ҚР Еңбек кодексін” және басқа да жұмыс бабында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін  қажетті басқа да  міндетті білімдері болу.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

          1) Қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
          2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

          3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралықстипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану

туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

          4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

          5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

          6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
          7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
          8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы олданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

          9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

             Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніненкешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Б» корпусының мемлекеттік             әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының              



       2-қосымшасы

 

Нысан



 

______________­­­­­­________________________

(мемлекеттiк орган)

 

Өтініш

Мен _____________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________


_____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:



__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________________



__________________________________________________________________________

 

 



 

 

__________                   ____________________________________ 


          (қолы)                                                                (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  

        «____»_______________ 20__ ж.

 

 

 



 

 

 



 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА



КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

                                                       _____________________________________________                                 фото 3х4



                                                              тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /                                      түрлі түсті

                                                                       фамилия, имя, отчество (при наличии)                                                                      

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 


ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/ Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)

 

3.

 


Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения



 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние

три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период(заполняется государственными служащими)


 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место

работы, местонахождение организации



қабылданған/

приема


босатылған/

увольнения



 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата


_______________

күні/дата





Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау