Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 133,3 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі133,3 Kb.
#2727
түріКонкурс

«Б» корпусының төменгі емес әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;    мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

C-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
C-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.


Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

С-R-3

96 607

129 920

С-R-4

73 288

99105


«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ (090100, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 19 үй, 2 қабат, 204 кабинет, анықтама телефондары: 8(7112) 51-51-20, факс 8(7112) 50-56-90, e-mail: zko.dzpp@economy.gov.kz) «Б» корпусының төменгі емес мемлекеттiк бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсты жариялайды:

1. Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік, №04-4):

Функционалдық міндеттері: Балалар және білім беру мекемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Тамақтану және сауда объектілеріне, базарларға, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу, тұрғындардың арасында тағамнан уланудың өршуі жағдайларын тексеру. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізунге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау).

2. Жаңақала аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, С-R-3 санаты, 1 бірлік инд.№ 15-2.

Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, емдеу ісі), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

3. Казталов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, 1- бірлік инд. №18-4.

Функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және оның орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дайындау және орындау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды жүргізу, ұйғарымдардың орындалуын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүргізу. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, өтініштерді, тіркеуді, есепке алуды және сапасын қамтамасыз ету. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және құжаттамалық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті желі мен электрондық құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандыра өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс. Басқарма қызметкерлерінің шаруашылық субъектілерді тіркеуін есепке алу және бақылау. Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді есепке алу карточкалары мен талондарының жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз ету, басқарманың бөлімдері бөлігінде шаруашылық субъектілерді тексерулер мен талондарды тапсыруға талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық фельдшер, фельдшер, жалпы медицина: педиатрия).

4. Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, №24-3-3):

Функционалдық міндеттері Тіл саясаты туралы заңнаманың іске асырылуы бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді дамыту және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Мемлекеттік тілде дайындалған ресми құжаттарды түзету. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтарды ұйымдастыру. Басқарманың мамандарына мемлекеттік тілді дамыту бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсету. Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі: гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі), білім (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұршылықпен байланыс).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;    

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 133,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау