Орал қаласының экономикасы
ӨНЕРКӘСІП
2017 жылдың қаңтар-тамыз айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 95,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 105,9% құрайды. Өсім өнеркәсіптің келесі салаларында: өңдеу өнеркәсібінде 3,8% электрмен жабдықтау саласында 2,5% және сумен жабдықтау саласында өсім 93% құрайды.
Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (68,3%), онда өндіріс көлемі 65 млрд. теңге, нақты көлем индексі 103,8%.
Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің өсуімен байланысты:
сусындар 64,6%;
тоқыма бұйымдары 5,8 есе;
химия өнеркәсібінде 2,5 есе;
резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 30%;
жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру 15,5%;
қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 62,9 есе;
машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 36,3%;
жиһаз өндіру 24%;
Өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің кемуі байқалады:
тамақ өнімдері 2,1%;
киімдер 27,6%;
машина жасау 16,1%;
металлургия өнеркәсібінде 4,6%;
Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 24 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 2,5% жоғары болып отыр.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 5 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жыл деңгейімен салыстырғанда 93% жоғары.
Орал қаласының экономикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас
Орал қаласының экономикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын (сортты сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.
2017 жылдың қаңтар-тамыз айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2517,6 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 101%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 566,5 млн. теңгені құрайды, өсу қарқыны –99,3%, мал шаруашылығы – 1815,7 млн.теңге, өсу қарқыны – 101,6% құрады.
Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2017 жылғы ірі қара малын сату 128,1%, сүт өндіру–100,3% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің 101,5%, негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.
2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында былтырғы 2016 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда шошқа 17,3%-ға (1089 бас) кеміген, себебі өз қажеттілігіне жұмсауына және жем-шөптің кымбаттауына байланысты.
Ірі қара мал басы 6,4% (4060 бас) құрады, оның ішінде сиыр 4% (2022 бас), қой 19% (3883 бас), ешкі 8,8% (1081 бас), жылқы 12% (262 бас), құс 28% (403246 бас) өсті.
Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 33 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК
Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.
Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.
Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.
Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |