Орал ќаласыныѕ экономика


Орал қаласының экономикасы



жүктеу 0,67 Mb.
бет7/7
Дата20.05.2018
өлшемі0,67 Mb.
#14958
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

Орал қаласының экономикасы


БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 96,7% орындалды немесе жоспарланған 16 333 553,5 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 15 792 876,7 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 218 814 мың теңге жоспарланса, одан 213 472,6 мың теңге немесе 97,6% игерілді;

- қорғаныс саласына 27 050 мың теңге жоспарланып, 24 289,3 мың теңге немесе 89,8% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 108 107 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 106 979,7 мың теңге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 8 151 991 мың теңге сомадан 8 145 607,3 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 953 624 мың теңге жоспарланып, одан 99,6% немесе 950 217,6 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 5 050 154 мың теңгеден 4 565 268,7 мың теңге орындалды немесе 90,4%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған


590 829,5 мың теңгеден 583 791,7 мың теңге орындалды немесе 98,8%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 50 741 мың теңге жоспарланып, оның 93,2%-ы игеріліп, 47 300,1 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 51 496 мың теңгеден 66,7% игеріліп, атқарылған сома 34 343,6 мың теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 818 959 мың теңгеден 813 242 мың теңге немесе 99,3% орындалды.

- басқалар функционалдық тобы бойынша 14 526 мың теңгеден атқарылған сома 11 103,2 мың теңге (76,4%) құрады.

- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 297 262 мың теңгеден атқарылған сома 297 260,9 немесе 100% құрады.


Орал қаласының экономикасы


ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 300,1 мың адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды.

Соңғы оң жыл ішінде халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2005 жылдан 2015 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Ақжайық.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан Ақмола облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 3178 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 6% артып отыр.

Өлгендер саны 1258 адамды құрап отыр, былтырғы жылдан 10% азайып отыр.



Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 1920 адамды құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 4% азайып отыр.

Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам

Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 5800 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 132% құрайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1057 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5% азайып отыр.

Есепті мерзімде 2349 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 167% құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға -947 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16% азайып отыр. Қоғамдық жұмыстарға бағытталған адамдар санының кемуі қоғамдық жұмысқа бағытталған уақытына байланысты, 2016 жылы бір жұмыссыздың аталған жұмыс түріне (азаматтардың санаттарына байланысты емес) тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі 2 ай мерзім болса, ал 2017 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға орналастыру мерзімі 3 айға ұлғайтылды.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 2182 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 106,5% құрап отыр. Оның ішінде: саудада - 402, ауыл шаруашылығында-43, өнеркәсіптікте-79, көлік және байланыста-23, білім саласында-114, деңсаулық саласында – 945, коммуналдық шаруашылық саласында –289, басқа салаларда-189 және уақытша жұмыстрада-98 адам.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 115184 теңге құрады, былтырғы жылға 108,8% құрап отыр.



Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы шілде айына 22258 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 10% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау