6. Диаграммада түстер, градиенттер не үлгілердің пайда болу ретін өзгерту үшін
Түс бояғыштар астындағы көрсеткілер түймешіктерін олардың орнын ауыстыру
үшін қолданыңыз.
7. Түс бояғыштарының көшірмесін жасау және қою үшін түс бояғыштар тілқатысу
терезесін ашыңыз және аралық сақтағышқа түс бояғыштардың көшірмесін жасау
үшін Ctrl+C басыңыз. Түс бояғыштар тілқатысу терезесін жабыңыз. Басқа
диаграмманы таңдаңыз, түс бояғыштар тілқатысу терезесін ашыңыз және
бояғыштарды аралық сақтағыштан қою үшін Ctrl+V басыңыз.
8. Деректер таңбалауыштарын теңшеу үшін Сипаттар қойындысында теңшеліп
жатқан диаграмма түріне және 2-ші қадамда таңдалған бояу түріне байланысты
деректер таңбалауыштары көрінетіндігін анықтай аласыз және олардың түсі мен
өлшемін өзгерте аласыз.
Өзара байланысты түсініктер:
“Ағымдағы әдепкі диаграммалар және бұрынғы диаграммалар” бетте 55
IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі 10.1.0 нұсқасындай жаңа әдепкі диаграмма
технологиясын иеленеді.
Ағымдық Әдепкі Прогрессивті Диаграмма Түс бояғыштарын
Теңшеу
Сіз диаграмма түс бояғыштарын бағандарда, жолдарда, деректер таңбалауыштарында
немесе диаграммадағы аумақтарда қолданылатын түстер немесе үлгілерді басқару
үшін пайдалана аласыз.
Бұрынғы диаграммалар мен ағымдық әдепкі диаграммалардың басқа түрлері әр түрлі
қадамдардан тұрады.
Егер көрсетілген болса, әдепкі түс бояғыштар анықтамасын қолдамайтын
шығаруларға пайдаланылады. Мысалы, егер түс бояғыштары радиалдық
төртбұрышты градиентті пайдалану керек деп анықталса және сіз есепті PDF
шығарылымы ретінде іске қоссаңыз, радиалдық төртбұрышты градиентін PDF
шығарылымы қолдамайтындықтан әдепкі түс пайдаланылады.
Процедура
1. Диаграмма нысаны прогрессивті параметрін таңдаңыз.
2. Сипаттар бөлігінде Прогессивті түс бояғыштар сипатын екі рет шертіңіз.
Келесі параметрлерді көрсете аласыз:
v
Оң мәнді бояу диаграммадағы оң жолдар не бағандардың сыртқы түрін
анықтайды.
v
Теріс мәнді бояу диаграммадағы теріс жолдар не бағандардың сыртқы түрін
анықтайды.
v
Бірінші мәнді бояу диаграммадағы бірінші жол не бағанның сыртқы түрін
анықтайды.
v
Толық мәнді бояу диаграммадағы толық жол не бағанның сыртқы түрін
анықтайды, бұл толық жол не баған бар болғанда іске асады.
3. Бояудың сыртқы түрін өзгерту үшін:
v
Бояу астындағы түсті өрісті басыңыз.
v
Бояу түрі тізімінен бояу түрін нұқыңыз.
Сызықтық градиент түсті көлденеңінен өзгертетін градиентті көрсетеді. Сіз
градиенттегі әр түстің орнын анықтай аласыз және градиентке түстерді қоса
және одан жоя аласыз.
Бөлім 5. Диаграммалар
85
Радиалдық сызық градиенті түсті орталық нүкте немесе кезелімнен сыртына
өзгертетін градиентті көрсетеді. Сіз градиенттегі әр түстің орнын және
кезелімнің өлшемі мен орнын анықтай аласыз. Сіз түстерді градиентке қоса
немесе одан жоя да аласыз.
Радиалдық Тіктөртбұрыш градиенті түстерді тіктөртбұрыштан сыртқа
өзгертетін градиентті көрсетеді. Сіз градиенттегі әр түстің орнын және
тіктөртбұрыш өлшемін анықтай аласыз. Сіз түстерді градиентке қоса немесе
одан жоя да аласыз.
Үлгі дайындама тізімінен таңдаған түсті үлгіні көрсетеді. Сіз үстіңгі бет және
өң түстерін анықтай аласыз.
Түс біріңғай түсті көрсетеді. Сіз мөлдірлікті анықтай аласыз.
Сурет түймешігі суретті көрсетеді. Сіз қолданатын суретті көрсете аласыз.
v
Бұл бояудың түсін өзгерту үшін Түстер тізімінде түсті нұқыңыз, Түс
параметрін басып, түс сипаттарын анықтаңыз және
OK түймешігін басыңыз.
4. Жолақтың жанында болатын белгінің мәтінін өзгерту үшін бояу атынының
жанындағы мәтін өрісін екі рет нұқыңыз және мәтінді көрсетіңіз.
Өзара байланысты түсініктер:
“Ағымдағы әдепкі диаграммалар және бұрынғы диаграммалар” бетте 55
IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі 10.1.0 нұсқасындай жаңа әдепкі диаграмма
технологиясын иеленеді.
Бұрынғы диаграмманың түс бояғыштарын теңшеу
Сіз диаграмма түс бояғыштарын бағандарда, жолдарда, деректер таңбалауыштарында
немесе диаграммадағы аумақтарда қолданылатын түстер немесе үлгілерді басқару
үшін пайдалана аласыз.
Ағымдық әдепкі диаграммалар әр түрлі қадамдардан тұрады.
Процедура
1. диаграмма нысаны параметрін таңдаңыз.
2. Сипаттар бөлігінің Түс & Өң бөлімінде Түс бояғыштары сипатын екі рет
нұқыңыз.
3.
Түс бояғыштары тілқатысу терезесінде жаңа түс бояғыштар енгізуін анықтау
үшін жаңа түс бояғыштар енгізу түймешігін басыңыз:
v
Түсті қолдану үшін Түс параметрін басып, түс сипаттарын анықтаңыз және OK
түймешігін басыңыз.
v
Градиентті қолдану үшін Градиент параметрін басып, Бағыт, Түстен және
Түске сипаттарын көрсетіңіз және
OK түймешігін басыңыз.
v
Үлгіні қолдану үшін Үлгі параметрін басып, Үлгі, Үстіңгі бет түсі жәнеӨң
түсі сипаттарын көрсетіңіз және
OK түймешігін басыңыз.
Кеңес: Сіз сонымен қатар
Түс бояғыштары өрісінен алдын ала анықталған түс
бояғыштарын таңдай аласыз.
4. Диаграммада түстер, градиенттер не үлгілердің пайда болу ретін өзгерту үшін
Түс бояғыштар астындағы көрсеткілер түймешіктерін олардың орнын ауыстыру
үшін қолданыңыз.
5. Түс бояғыштарының көшірмесін жасау және қою үшін түс бояғыштар тілқатысу
терезесін ашыңыз және аралық сақтағышқа түс бояғыштардың көшірмесін жасау
үшін Ctrl+C басыңыз. Түс бояғыштар тілқатысу терезесін жабыңыз. Басқа
диаграмманы таңдаңыз, түс бояғыштар тілқатысу терезесін ашыңыз және
бояғыштарды аралық сақтағыштан қою үшін Ctrl+V басыңыз.
6. 3-ші қадамды әр диаграмма қатары үшін қайталаңыз.
86
IBM Cognos Analytics - Reporting Нұсқа 11.0: Пайдаланушы нұсқаулығы