Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет97/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Тамақ өнеркәсібі салаларының дамуындағы илгерушіліктердің географиялық себептерін түсіндіріңіз.

  2. Аквакультура мен балық өсірудің тенденциялары қандай?

  3. Теңіздегі балық өндірудің басты экономикалық-географиялық мәселелері қандай?

  4. Жеңіл өнеркәсіптің орналасуындағы шикізат базасының рөлі қандай?

  5. Жеңіл өнеркәсіптің дәстүрлі орталықтардан Азияға ығысуының себебі неде?

  6. Жеңіл өнеркәсіптің орналасуындағы аумақтық-өндірістік ерекшеліктері қандай?

  7. Дүниежүзінің жеңіл өнеркәсiбінің құрамына қандай?



12.Өнеркәсіп-инновациялық сектор
(қорытынды сипатында)
ЖаҺандық халықаралық жарыс ең алдымен жоғары технологиялар саласында жүріп жатыр. Ғылымды көп қажет ететін салалар мен жоғары технологиялар қазіргі таңда экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда авангардтық рөл ойнауда. Бұл ретте салалардың осы тобының әлем елдеріндегі экономикалық өсу мен даму үшін маңызы алуан түрлі. Бұл салаларда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстардың нәтижелерінің негізгі бөлігі материалданады, олар ғылыми зерттеулерге деген сұранысты анықтайды (демек, ғылымның дамуына ықпал етеді) және шаруашылықтың барлық салалары үшін материалдық заттық және ақпараттық жаңашылдықтарды ұсыну базасын құрады.
Ғылымды көп қажет ететін сектордың өлшемдері және жоғары технологияларды пайдалану ауқымдары әлем елдерінің ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалын сипаттайды.
Ғылымды көп қажет ететін салалар мен технологиялар. Ғылыми әдебиетте қабылданған, саланы немесе өндірісті ғылымды көп қажет ететіндер (немесе жоғары технологиялы) қатарына жатқызу айтарлықтай шартты болып келеді. Солай болса да, осындайларға бұларда шығарылатын өнімнің көлемі кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстарына кететін шығындардың арақатынасының қандай да бір белгіленген деңгейінен асып кету байқалған салаларды жатқызу қабылданған. Жалпы құнның бірлігіне есептегендегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстарына кететін шығындармен анықталатын ғылым сыйымдылығы көрсеткіші дегеніміз осының дәл өзі.
Қазіргі уақытта ғылымды көп қажет ететін салаларға қандай салалар жатқызыла алады? «Ғылымды көп қажет ететін салалар» және «жоғары технологиялар» терминдерінің 20 жылдан асатын уақыт бұрын қолданысқа енгізілгендігіне қарамастан, қазіргі кезге дейін бірыңғай әдіснама жасап шығарылмаған және салалардың осы тобының бірыңғай жіктемесі құрылмаған.
Мысалға, Америка Құрама Штаттарында 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басында ғылымды көп қажет ететін (немесе технологиялық қарқынды, жоғары технологиялы) салаларға: электронды-есептеу машиналары, байланыс құралдары, авиация-ғарыш техникасы, пластмасса және органикалық синтез өнімдері, ғылыми аспаптар және медициналық препараттар мен т.б. өндіру жатқызылған.
90-шы жылдардың басында ғылымды көп қажет ететін немесе жоғары технологиялы салалар арасында жетекші ғылымды көп қажет ететін технологиялар немесе «жоғары деңгей» өндірістері деп аталатындар бөліп көрсетіле бастады.
Жетекші ғылымды көп қажет ететін технологиялар (“leading-edge”) мен өндірістер мен өндірістер тобына: органикалық химияның прогрессивті өнімдерін өндіру, фармацевтикалық өнім, ауыл шаруашылығына арналған химикаттар, радиоактивті материалдар, турбиналар мен реактор жабдықтары, ядролық, гидро- және жел электр станцияларына арналған генераторлар, ақпаратты автоматтандырылған өңдеуге арналған жабдық, телекоммуникациялық жабдық, электронды аспаптар мен медицина жабдықтары, жартылай өткізгіш құрылғылар, электр машина жасаудың прогрессивті өнімі, авиация және ғарыш техникасы, прогрессивті оптикалық аспаптар және дәлдігі жоғары өлшеу жабдығы, қару және қару-жарақ жатады. Осы топтың технологияларының көпшілік бөлігіне мысалға, ядролық, авиация, ғарыш өнеркәсібмемлекет қолдау көрсетіп отырады.
Жоғары деңгейдегі технологиялар (“high level”) тобы: химия өнеркәсібі өнімдерін (синтетикалық талшықтар, бояғыштар және т.б.) өндірудің көпшілік бөлігін, целлюлоза-қағаз, тамақ және тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдықтарды, полиграфиялық жабдықты, кабельдер мен оптикалық талшықтарды, тұрмыстық электрониканы және кеңсе жабдығын, автомобильдерді, медикаменттерді, дәстүрлі электронды және өлшеу аспаптарын, фотожабдығын және т.б. қамтиды.
Қазіргі уақытта мамандар өнеркәсіптің осыларға ғылым сыйымдылығы индексінің ең жоғары мәні тән болып келетін келесідей төрт жоғары технологиялы саласын бөліп көрсетуді ұсынып отыр. Бұл: авиағарыш өнеркәсібі, компьютерлер мен кеңсе жабдығын өндіру, электронды өнеркәсіп және коммуникациялық жабдық (коммуникация құралдарын) өндіру, фармацевтика өнеркәсібі.
Ғылымды көп қажет ететін салалар мен өндірістердің тізімінің тұрақсыз екендігін ескеру керек. Ол ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің (гендік инженерия, нанотехнологиялар мен т.б.) пайда болуына және олардың игерілуіне сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін.
Жоғары технологиялардың әлемдік нарығы. Ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өнімнің дамыған елдердің көпшілігінің өндірісіндегі үлес салмағы үнемі артып отырады. Әлемдік саудадағы (өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінің экспорты мен импортындағы) ғылымды көп қажет ететін салалар мен технологиялардың үлесі одан да жылдамырақ қарқындармен арта түсуде. Бұл, бір жағынан, әлемнің барлық елдері тарапынан болып отырған сұраныспен, екінші жағынан, ең көп дамыған елдерде және азиялық «жаңа индустриалды елдер» тобында жоғары технологиялы өнім өндіруге мамандануға деген тенденциямен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта жоғары технологиялы тауарлар экспорттауда көшбасшылар болып: Америка Құрама Штаттары, Жапония, Қытай, Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания, Сингапур, Франция, Тайвань, Корей Республикасы, Малайзия болып табылады
Жоғары технологиялардың дамуы әлемдік нарықтың құрылымын өзгертеді, мұнда әртүрлі елдердің ғылыми-техникалық саясатының басым бағыттары көрінісін табады. Жоғары технологиялы өнімнің барлық түрлерінің ең ірі өндірушісі Америка Құрама Штаттары болып саналады. Бірақ әлемдік нарықтағы бәсекелестік жоғары және осы елдің үлесі, мысалға, келесі позициялар: авиация техникасы, кеңсе жабдығы мен компьютерлер, коммуникациялық жабдық бойынша төмендеп келеді. Авиация техникасы саласында өз позицияларын Қытай мен Германия кеңейте түсті, кеңсе жабдығы мен компьютерлер өндіруде – Қытай, Корей Республикасы арттыра түсті. Дәл сол кезде химия мен биотехнология саласындағы жетістіктерінің арқасында Америка Құрама Штаттары дәрілік заттар мен медикаменттер өндіру мен экспорттаудағы өзінің орнын арттырды.
Жалпы алғандағы сыртқы сауданың тауарлық құрылымына келетін болсақ, ғылымды көп қажет ететін өнімнің үлес салмағының артуы әлем елдерінің, әсіресе ең дамыған елдердің экспорты үшін де, импорты үшін де тән. Бұл ретте өнімнің осы түрінің импорттағы үлесінің артуы дамыған елдердің шетелдік жеткізілімдерге тәуелділігінің артқандығын білдірмейді. Істің мәнісі, олардың жоғары технологиялы өнімнің алуан түрлерін (автомобильдердің алуан маркалары, компьютер техникасының әртүрлі модификациялары және т.с) өзара алмасатындығында.
Өз өндірісінің есебінен жоғары технологиялы өнімге деген ішкі қажеттіліктерін көбірек дәрежеде қамтамасыз етсе де (әсіресе, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия).
Әлемдік нарықтарда электронды өнеркәсіп тауарлары көбірек рөл атқара бастауда (олардың экспортта көш бастап келе жатқан 50 өнеркәсіп тауарларының арасындағы үлесі құны бойынша 40%-дан асып түсті). Жетекші өнім өндіруші елдердің ауқымды ішкі нарыққа ие болып отырғандығына қарамастан, әлемде шығарылатын электронды өнеркәсіп тауарларының кемінде 1/3 бөлігі әлемдік нарыққа келіп түседі. Сатылымдардың ең көп өсімі: байланыс құралдары, информатика индустриясы, жартылай өткізгіш аспаптар сияқты тауарлар тобында тіркеледі.
Осы салаға электронды жабдықты құрастыратын компаниялардың дистрибьюторлары, субжеткізушілері және сатып алу қызметтері жататындықтан, біз әлемдік экономиканың жаҺандануы жағдайларында электронды құрамдас бөліктерді сату саласында ұлттық нарық түсінігінің өзінің күн өткен сайын шайыла түсетіндігін айтып та кеткенбіз. Өнім сату нарығы деп құрамдас бөліктерді пайдаланатын елді есептеу қабылданған. Алайда ол қазіргі күні кей кездері осында жинақтаушы бөлшектерді сатып алу немесе сату жүзеге асырылған нарыққа қарағанда өзгеше. Мысалға, қандай да бір құрамдас бөлікке кәсіпорын, Францияда тапсырыс беріп, оған Нидерландыдағы банк шотынан оған ақы төлеуі, кәсіпорынның Ұлыбританияға жіберіп және ақыр соңында бұл құрамдас бөліктің Ирландияда қолданыс табуы мүмкін. Электронды өнімнің әлемдік нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайларында өнімдердің арзандау процесі жалғасын табуда.
Қорыта келгенде - автоматтандырудың, электроника мен теле-коммуникацияның жылдам дамуының нәтижесінде әлемдік нарықтағы дайын өнімдер нарығы бүгінде жоғары, орташа- және төмен технологиялы өнімдермен көрсетілген.
Бұл кезде халықаралық саудадағы ең жоғары деңгейде ең қымбат тұратын және ғылымды көп қажет ететін өнімді: халықаралық саудадағы үлес салмағы (бүгінде әлемдік сауда айналымының 20%-ына жуығы) үнемі өсіп келе жатқан аэроғарыш техникасын, электрониканы, жоғары технологиялы жабдықты, дәлдігі жоғары өлшеу аспаптарын, фармацевтикалық тауарларды айырбастау жүріп отырады. Келесі деңгейде технологиялылығы орташа өнімдерді алмасу жүреді. Бұл: станок жасау өнімдері, көлік құралдары, негізгі химия өнімдері және т.б. Осы екі топтың тауарларын сатуда көшбасшы орындарды экономикалық жағынан дамыған елдер және әсіресе, соңғы жылдары, «жаңа индустриалды елдер» алып отыр. Дайын өнімдер нарығындағы бәсекелестіктің негізі болып бағаға қарағанда, өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін, оның сапасы мен жаңашылдығын жақсарту табылады. Технологиялығы төмен өнім, еңбекті көп қажет ететін өнім, бұйымдар (жаппай өндіріс) негізінен алғанда, осында жұмысшы күші мол және айтарлықтай арзан елдерде шығарылады.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау