Тоқыма өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіптің дамыған салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі.
Бұл шығарылатын өнімнің көлемі және жұмыспен қамтылғандардың саны бойынша ең ірі сала. Тоқыма өнеркәсібін орналастыру тұтынушыға, еңбек ресурстарына және шикізат көздеріне бағытталады.
Мата жасау процесі бірнеше сатыны біріктіреді. Алдымен шикізат мақта тазартатын, зығыр өңдейтін, жүн жуатын кәсіпорындарда бастапқы өңдеуден өтеді. Одан кейін талшықтан иірілген жіп, жіптер (жіп иіру) жасалады, бұлар өңделмеген мата жасауға жұмсалады (тоқымашылық). Өңделмеген матаны ағартады, бояйды, сурет салады (өңдеу). Өндірістік циклдың жекелеген сатылары жіп иіру, жіпті орау, тоқыма және өңдеу (ағарту-бояу) фабрикаларында жүзеге асырылады. Бұл ретте әр сатыдағы тасымалдауға, тиеу-түсіру жұмыстарына кететін шығындар дайын өнімнің өзіндік құнына енеді. Осылайша, тоқыма өндірісінің сатыларын комбинаттарда байланыстырған пайдалырақ.
Тоқыма өнеркәсібі өзіне жіп иіру өндірісін (тоқыма өндірісі үшін шикізат шығаратын); тоқыма өндірісін (мақтадан тоқылған, жүннен, зығырдан тоқылған, сонымен қатар табиғи талшықтарды қоса отырып, химиялық талшықтардың әртүрлерінен аралас және жібек маталар шығару); тоқылмаған маталар өндірісін; тоқыма өнімдерінің өндірісін (төсек-орындық, тюль-гардина өнімдері, кілемдер мен кілем өнімдері және т.с.с.) және трикотажды (қазірде негізінен алғанда синтетикалық талшықтардан) қосады. Егер тарихты еске алар болсақ, онда, мысалға, Англияда дәл осы тоқыма өнеркәсібінің дамуы (және де жалпы алғанда жеңіл өнеркәсіп базасында) капиталистік қатынастардың индустриалдануы мен дамуы үшін түрткі болды.
Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібі дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді. Бұл ретте көптеген елдер үшін ол экономиканың маңызды секторы болып шықты. Осы саланың дамуы тұтынушылық факторымен (халық сұранысының өсуімен) анықталады. Саланың өндірістік профилі (шығарылатын өнімнің көлемі және ассортименті) де тоқыма шикізатының, жабдығының, жұмысшы күші құнының әлемдік нарықтағы конъюнктурасы секілді факторлардың әсер етуімен қалыптасады.
Шығарылатын маталардың құрылымы мен параметрлері техниканы (автоматтандырылған ағынды линияларды пайдалану, автоматты және жартылай автоматты линияларды қолдану, фабрика-автоматтар құру), сонымен қатар тоқымашылық пен өңдеу өндірісінің технологиясын жетілдіру есебінен өзгеріп отырады. Осының барлығы маталардың тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға, өндірістік процестің материал сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Химия талшықтарынан маталар өндіру (оның ішінде осылардың шикізатының құрамына химиялық талшықтар да, табиғи талшықтар да кіретін «аралас» маталар деп аталатындарды қоса отырып) бірінші орынға шықты. Олар табиғи жібек жүне жүн маталарды алмастыруда және ығыстыруда әрі тіптен мақтадан тоқылған материалдармен бәсекелесіп отыр. Дүниежүзінде бүгінгі таңда жылына 100 млрд м2-тан артатын мата (аралас, мақтадан тоқылған, жүннен тоқылған, жібек, трикотаж) өндіріледі.
Саланың өндірістік қуаттылықтарын орналастырудағы өзгерістер. Дүниежүзілік шаруашылықта екі жүз жылға жуық уақыт еңбекті бөлудің белгілі бір жүйесі қалыптасты: мақта шаруашылығы оңтүстік елдерде (мақта өсетін жерлерде), ал тоқыма өндірісінің дамуы – солтүстіктегі өнеркәсіптік жағынан дамыған елдерде (мата шығару) шоғырланған болатын. Тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана саланың өндірістік қуаттылығын орналастыруда елеулі өзгерістер болып өтті. Тоқыма өндірісі шикізат базаларына жақын орналаса бастады.
Азия елдерінде мақтаның дүниежүзілік өндірісіндегі бойынша үлесі күрт арта (60%-ға дейін) түсіп, аймақ маталар өндіру үшін табиғи талшықтың аса маңызды түрлерінің бірін өндіруде көшбасшы бола бастады. 80-ші жылдардың аяғынан бастап-ақ көшбасшы ретінде Қытай мемлекеттi (ал бұрынырақта Америка Құрама Штаттары болған) болып отыр. Бұл ретте іс жүзінде мақта өсірумен айналысатын елдер сонымен қатар мақта талшығының ірі тұтынушылары болып табыла бастады. Қазіргі уақытта дүниежүзіндегі аса ірі мақта өсірушілердің (Қытай мен Үндістан) тоқыма өнеркәсіптерінің қуаттылықтары оларға барлық өндірілетін мақтаны иірілген жіп пен матаға толығымен өңдеуге мүмкіндік береді. Ал Пәкістан, Түркия, Мексика, Бразилия секілді елдер мақтаны өсіруге қарағанда, мақтаны өңдеумен айналысу тиімді болып отыр.
Өзінің мақта базасында мақта-мата комбинаттарын құруға деген жаңа тенденция тіптен Африканың әлсіз дамыған елдеріне (Мали, Нигер, Чад, Кот-д’Ивуар және т.б.) тән болып отыр. Бұрынғы КСРО-да осындай тенденциялар Орталық Азия республикалары мен Әзірбайжанда (60-70 жылдардың өзінде) өз мақта-мата өнеркәсіптерін жасаудан көрінісін тапты.
Мақтадан тоқылған және аралас (талшықтардың немесе жіптердің бірнеше түрлерінен шығарылады) мата өндірісі бойынша көшбасшылар болып Қытай, Үндістан, Индонезия, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Италия, Ресей табылады. Мақтадан тоқылған маталарды негізгі экспорттаушылар Пәкістан, Үндістан, Мысыр елі, Тайвань, Қытай болып отыр. Дамыған елдердің ішінен сапасы жоғары, мақтадан тоқылған матаның айтарлықтай мөлшерін Германия Федеративтік Республикасы, Жапония, Италия экспорттайды. Мысалға, Германия Федеративтік Республикасында тоқыма саласындағы сатылым көлемінен экспорттың үлесі 30%-ға жуық шаманы құрайды.
Химиялық талшықтардан ең ірі мата өндірушілер болып Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Жапония, Корей Республикасы, Тайвань, Қытай, Германия Федеративтік Республикасы табылады. Матаның жүннен, жібектен, зығырдан тоқылған және өзге түрлері синтетикалық және мақтадан тоқылған матаға қарағанда анағұрлым азырақ мөлшердерде шығарылады.
Дүниежүзіндегі аса ірі жүн өндірушілер болып Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Ұлыбритания, Испания табылады. Өндіруші елдердің өздерінде күн өткен сайын көбірек тұтынылатын мақтадан өзгешелігі, жүн халықаралық сауданың аса маңызды тауары болып қалуда. Оның экспорттылығы әлемде жыл сайын қырқылатын жүннен 55%-дан көп шаманы құрайды (2,5 млн тоннадан аса) және жүн өндіруші елдерден тысқары шығарылады.
Бұрынғы жылдары жүн шикізатын өндіру көлемдері бойынша дүниежүзінде үшінші орынды КСРО алып келген еді (өндірістің шамамен 55%-ы Ресейге келген). Бірақ, өз жүн өндірісінің қомақты мөлшеріне қарамастан, камволь маталар – костюмдік, көйлектік және т.с. маталар шығарған кезде қолданылатын биязы жүн өндіру іс жүзінде болмағандықтан (әрі қазір де болмай отыр), КСРО жүнді Аустралиядан және Жаңа Зеландиядан экспорттап отырды.
Жүннен тоқылған маталарды дүниежүзінде өндірудің негізгі дүниежүзінде зығыр маталарының өндірісі тіптен шамалы. Ол негізінен алғанда Ресейде, Францияда, Бельгияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Белоруссиядва шоғырланған.
Табиғи жібек өндіру (оның тігін өнеркәсібінде жасанды жібекпен алмастырылуына орай елеулі құлдыраудан кейін) қайтадан жаңғыра бастады. Жібек маталар шығару бойынша дүниежүзінде көшбасшы ретінде Қытай, Үндістан, Корей Республикасы, Жапония, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Италия болып танылады.
Көптеген дамушы елдер үшін әсіресе, тән кендір-жұт өнеркәсібін атай кеткен жөн. Жұттың ең көп егістік аудандарына Бангладеш пен Үндістан ие. Жұттың құрғақ сабақтарының талшығы техникалық, орамдық, жиһаздық маталар өндіруге, сонымен қатар кілемдер мен басқа да өнімдер жасауға жұмсалады.
Тоқыма өнеркәсібінің ерекше саласы деп кілем өндірісін есептеуімізге болады. Негізгі шикізат – химиялық талшықтар, және де тек дәстүрлі, тоқылған кілемдерді ғана жүннен немесе жұттан жасайды. Дамыған елдер арасынан кілемдердің негізгі өндірушілері Америка Құрама Штаттары (тоқылмаған типтегі кілемдер), Бельгия мен Ұлыбритания (тоқылған және қармалған кілемдер) табылады. Дамушы елдердің арасындағы аса ірі кілем өндірушілер мен экспорттаушылар – Үндістан, Түркия, Иран.
Бұл ретте арзан іш киім трикотажын өндіру негізінен алғанда дамушы елдерде шоғырланған (олар өз өнімдерін әлемнің барлық елдеріне экспорттайды), ал қымбат тұратын күрделі трикотаж негізінен алғанда экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде өндіріледі. Трикотаж өнеркәсібінде электронды басқаруы бар ең жаңа жабдық күн өткен сайын көбірек масштабта енгізіліп отыр.
Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс істейтіндіктен, соңғы онжылдықта талшықтар үлесінің артуы өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етеді. ҒТР жетістіктерін пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен индустриалы елдерде тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылған. Қазақстанда мұндай өндіріс Қызылорда қаласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды талшықтарды араластыру арқылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады. Жалпы алғанда мақта маталар өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғұрлым қымбат жүн маталар тоқу дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.
Ол тоқымашы мамандардың қалыптасуымен байланысты. Орталық және Солтүстік Батыс аудандарда дамып, кейін басқа аудандарға тарады.
Орталық аудан кәсіпорындарында Ресей тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің (Мәскеу, Иваново, Ярославль, т.б.) басым бөлігі шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |