Теміртаудағы толық циклды қара металлургия кәсіпорнының схемасы:
Болат прокаты (ақ қаңылтыр)
Дайын өнім (прокат) алу
болат
Мартен, электр немесе оттек конвертор пештері
шойын
Домна пеші
Марганец рудасы
кокс
Темір рудасы
Тас көмір
агломерат
«Миттал Стил Теміртау» корпорациясы мысалында толық циклды қара металлургия комбинатының өндіріс процесін алсақ, оған темір рудасы – Атасу, Жәйрем, Соколов-Сарыбай, т.б. кен орындарынан келіп, ол аглофабрикада өнделініп одан агломерат алынады. Ал кокстелінетін көмір - Қарағанды бассейнінен келіп, одан кокс зауытында кокс алынады. Қара металлургияға қажетті шикізаттың бірі – марганец рудасы, ол Жезді және Қаражал кен орындарынан әкелінеді.Олардан домна пешінде шойын қорытылады. Осы шойыннан мартен, конвертор және электр пештерінде болат балқытылып алынады. Ендігі жерде болаттан прокат цехтарында дайын өнім болат прокаттарын алады, мәселен ақ қаңылтыр. Осылайша темір рудасынан шойын, одан болат, ал болаттан дайын өнім (прокат) алынуын біз толық циклды металлургиялық кәсіпорын деп атаймыз.
Үздіксіз құйма және құймасыз прокат технологиясы. Металлургия өнеркәсібінде прокат өндірісінің жаңа технологиясы - үздіксіз құйма және құймасыз прокаттау технологиясы енгізілуде. Бұл технология негізінде арнаулы құйғыш машиналардың көмегімен суынған металлды тартып алу әдісі бойынша үздіксіз болат құймасын алу және оларды қажетті мөлшердегі дайындамаларға айналдыру жатыр. Бұл процестің екінші кезегінде осы құймалар прокат стандарының жүйесі арқылы өңделіп, әртүрлі прокат түрлеріне айналдырылады. Осының арқасында ескі технологияларда қажет болатын бірнеше операциялар, яғни қалыптарға болат құю, кұймаларды суыту, оларды қайтадан қыздыру, кесу, блюмингте жаншу т.б. қажет болмай қалады. Мұнын өзі прокаттау процесін барынша қарқындатады және жеңілдетеді, оларды үздіксіз етеді және бір кешенді агрегатта шоғырландырады. Сонымен бірге кәдімгі прокаттауда міндетті түрде болатын металл қалдықтарының мөлшері азаяды.
Қара металлургия кәсіпорындарын орналастырудың экономикалық-географиялық ұстанымдары
Қара металлургия кәсіпорындарын орналастыруда басты әсер етуші факторлар қатарына табиғат-ресурс, көлік, экология факторларын жатқызуға болады. Жалпы алғанда, қара металлургияны өндіріс процесінің үлкен материал сыйымдылығы және қуат сыйымдылығы ерекше етеді (1 тонна шойын қорыту үшін, кенді, коксті, флюстерді, отқа төзімді материалды қоса отырып, орташа алғанда 6 тонна шикізат, сондай-ақ су мен электр қуатының көп мөлшері қажет).
Көліктің дамуымен аталған саланың кәсіпорындары теңіз маңындағы аудандарға және айлақты орталықтарға орын ауыстыруда, бұл теңіз жолымен шикізат әкелудің және өнімді шығарудың арзан болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, Жапонияда, Корей Республикасында қара металлургия кәсіпорындарының барлық қуаттарының 4/5 бөлігі жағалауда орналасқан. Бастапқы металлургия өндірістерінің теңіз маңындағы орталықтарға тартылуы Батыс Еуропада және Америка Құрама Штаттарында анық көрінеді.
Бүгінгі күні болатты әлемдік қорыту көлемі 1,2 млрд тонна белгісінен асып түсті. Бұрынырақтағы секілді, қара металдар өндірісінің басым үлесі дамыған елдерде шоғырланған. Ұзақ уақыт үш ел: Америка Құрама Штаттары, КСРО, Жапония көшбасшы болып келді. КСРО ыдырағаннан кейін осы өндірістің өте елеулі құлдырауы болды (1990 жылдары ТМД да – екі еседен аса, бұл ретте Ресей, Украина менбіздің еліміздің металға деген ішкі қажеттіліктері де төмендеді), солай болса да ТМД елдері ішінен Ресей әлемде қара металдарды өндіру мен экспорттау бойынша көшбасшы орындардың бірін алып келеді.
Соңғы жылдары қара металлургияның қауырт дамуы көптеген азиялық елдер: Қытай, Корей Республикасы, Үндістан және т.б. үшін тән. Мысалға, қазіргі күні қара металдар қорыту бойынша әлемде бірінші орын алып отырған Қытайда қара металдар өндіру 1950 жылдан бастап 200 есе дерлік өсті (қосымшадағы 13-кестені қараңыз).
Саланың даму тенденциясы. Қара металлургиядағы одан арғы өзгерістер үшін алғышарттар бар. Көптеген елдерде болатты үздіксіз құю әдісі, пештен тыс (домнасыз) металлургия, микроқоспалау кеңірек қолданыла бастады. Әлемнің әртүрлі елдерінде өнім өндірудің әртүрлі амал-тәсілдерін қолданатын кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Металлургияның өзіндегі (мысалға, шағын зауыттарда жіңішке табақты прокатты жұқарту процестері) немесе жапсарлас салалардағы (энергетикадағы, машина жасаудағы) прогресс өндірістің тиімділігіне түпкілікті әсер етуі мүмкін.
Қара металдар өндірісін жоғары сапалы кенді шығарудың негізгі аудандарына қарай жылжыту жүріп жатыр. Сондай-ақ соңғы уақытта дамыған елдерде табиғат қорғау шаралары кең таралымға ие болды. Бұл елдер өз аумақтарындағы «лас» өндірістерден арылуға ұмтылуда. Мысалға, Қытай осы саланың көшбасшысы болып табылады. Бразилия, Корей Республикасы, Үндістан қара металдар қорыту көлемдері бойынша Италия, Ұлыбритания, Франция секілді дамыған елдерді алдыңғы орындарға шықты.
Соңғы жылдары дамыған елдердің қара металлургиясында қайталама шикізатты (болат сынығын) пайдалану үлкен маңызға ие бола бастауда, бұл қара металдар (шойын, болат және прокат) өндірудің құрылымы мен көлемдеріне де, құрамында темір бар шикізаттың сыртқы саудасының құрылымына да әсерін тигізуде.
Сала өнімдерінің әлемдік саудасы. Соңғы онжылдық ішінде қара металдар өндірудің географиялық көрінісі ғана емес, сала өнімін тұтыну географиясы да елеулі өзгерді.
Дүниежүзілік шаруашылықта болат пен прокат өнімдерінің көптеген ірі экспорттаушылары бір мезгілде аса ірі импорттаушылар да болып табылады. Бұл сала ішіндегі халықаралық еңбек бөлінісін куәландырып отыр. Дүниежүзінде болатты экспорттаушылар (оның ішінде прокат пен құбырлар түрінде) болып Жапония, Ресей, Қытай, Украина, Германия Федеративтік Республикасы, Бенилюкс елдері (Бельгия, Люксембург), Франция, аса ірі импорттаушылар болып Америка Құрама Штаттары, Қытай, Германия Федеративтік Республикасы, Корей Республикасы, Италия және көптеген өзге дамыған елдер табылады.
Сала өнімінің халықаралық саудасы өсіп отыр. Егер 1976 жылы әлемдік нарыққа 126 млн тонна болат, 1980 жылы – 140 млн тонна (металдың әлемдік өндірісінің 25-ынан аз) келіп түсіп отырса, 2005-2006 жылдары 330 млн тоннадан астам болат экспортталды (әлемдік өндірістің 40%-ына жуығы).
ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылады. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүниежүзілік металлургия дамуының: дүниежүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге; өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына; металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялауға әкелді.Осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.
2000-2001 жылдардағы тоқыраушылықтан кейін дүниежүзілік экономикада оң тенденциялар байқалды (төмендегі кестеге қараңыз). Ғаламдық ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі байқалды. Дүниежүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе, барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2004 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа Азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүниежүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |