Машина құралдары - өндiрiстiк қолдану сипатына карай технологиялық, транспорттық және тасымалдық деп бөлiнедi.
Машиналарды автоматтандыру - еңбек өнiмдiлiгiн көтерудiң өндiрiстi жеңiлдету мен жетiлдiрудiң ең озық формасы болып саналады, мұндай машиналарда адам ауыр қол еңбегiнен босатылады. Екiншi жағынан, мұндай автоматты линиялар өндiретiн өнiмнiң жоғары сапасын, яғни олардың бiртектiлiгiн, дәлдiгiн жұмысшының қандай еңбек дағдысы болғанына қарамастан, қамтамасыз етедi.
Машина жасау өндірісінің сала аралық байланыстары – металлургия, еңбек қоры, химия, ағаш өндірісі, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы.
Машина жасау өндірісінің орналасу шарты - еңбек қорына, тұтынушыға, шикізатқа, көлікке жақын орналасуы.
Минералды тыңайтқыштар - өсімдікке қажет элементтері бар, егістіктің құнарлығын арттыру үшін тоыпыраққа шашылатын анорганикалық заттар.
Микротыңайтқыштар - құрамында өсімдікке аздаған мөлшерде ғана қажет бор, мыс, марганец, молибден бар жай минералды тыңайтқыштар.
Минералдық тыңайтқыштар жүйесі – екпе дақылдарға қолайлы жағдай туғызып, өнімін арттыру және еңбек шығынын кеміту топыраққа химиялық жолмен әсер ететін шаралар жүйесі.
Мыс - күлгін-қызғылт түсті, өте жұмсақ, созылғыштық және иленгіштік
Негiзгi химияның салалары - органикальқ синтез бен полимер химиясы, сода өндiрiсi, күкiрт қышқылы, минералды тыңайтқыштар, жасанды талшықты жәнекаучукты, пластмасса жасау.
Никель - жоғары дәрежеде коррозияға төзімді, ылғалды орта мен жоғары температураның өзінде ол тотықпайтын, иленгіш металл. Меншікті салмағы 8,9. Балқу температурасы 1455 °С.
Құрамдастыру -бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерін сатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма – металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ, ағаш,мұнай өңдеу, т.б. салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, толық циклді металлургия комбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өөнім, цемент, құрылыс материалдарын өндіру) өндіріс түрлері біріктірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |