Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет12/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Мұнайдың негізгі әлемдік жүк ағындары Парсы шығанағының аса ірі мұнай айлақтарынан басталады және Батыс Еуропаға, Жапонияға және басқа елдерге барады. Ең ірі танкерлер Еуропаға Африканың айналасындағы алыс жолдармен, жүк көтергіштігі азырақ танкерлер – Суэц каналы арқылы жүзіп отырады. Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттарына мұнай жеткізушілер ретіндегі Канаданың, Мексиканың және Венесуэланың маңызы айтарлықтай өсе түсті. Ресейден, Қазақстаннан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдерінен мұнай Еуропа елдеріне мұнай құбырларының тармақталған желісі арқылы келіп түседі.
Дүниежүзілік шаруашылықта мұнай құбырлары желісінің маңызы өте зор. Олар әлемнің көптеген елдердің (Ресей, Америка Құрама Штаттары, Канада, Батыс Еуропа елдері) аумағы бойынша ғана емес, Жерорта, Солтүстік, Каспий және т.б. теңіздерінің түбімен де тартылған.


Дүниежүзінің газ өнеркәсібі
Табиғи газ шығарумен қатар мұнай шығару өнеркәсібіде айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ретте дамыған елдердің табиғи газдың әлемдік қорларындағы үлесі дамып келе жатқан елдердің үлесіне қарағанда, анағұрлым азырақ, бірақ шығарудың негізгі бөлігі дәл осы дамыған елдерде, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларында шоғырланған. Бұл көп шамада әлем елдеріндегі табиғи газ қорларының өлшемдерімен және шикізаттың осы бір түрін теңіз көлігімен үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың ерекшеліктерімен және қымбаттылығымен (мысалға, мұнай тасымалдаумен салыстырғанда) байланысты болып отыр.
Табиғи жанғыш газдар немесе табиғи газдар – метан қатарының көмірсутектерінің және жер қыртысының шөгінді қабығында еркін топтанулар түрінде, сонымен қатар еріген (мұнайда және плас суларында), шашыраған (жыныстар сорбциялаған) және қатты (газ-гидратты кендерде) күйлерде кездесетін көмірсутектік емес құрамдас бөліктердің қоспасы.
Газ жоғары жылу жасағыштық қабілетке ие, бұл отынның перспективалы түрі. Табиғи газдың негізгі құрамдас бөлігі – метан (98%-ға дейін), құрамға сонымен қатар этан, пропан және т.б. кіреді. Мұнай шығаруға қарағанда, газды шығару процесі (насостар қажет емес) және үлкен диаметрдегі құбырлар бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау процесі жеңілірек.
Табиғи газ отынның басқа түрлерімен салыстырғанда, экологиялық тұрғыдан тазарақ отын болып табылады (жану барысында қалдықтар азырақ қалады). Газдың жер астындағы ірі қоймаларын жасау мүмкіндігі, оны қойылту (үлкен қашықтықтарға тасымалдау және басқа да мақсаттар үшін) мүмкіндігі бар. Табиғи газбен қатар жолшыбай газды (жолшыбай мұнай газдары – бұл мұнаймен ілесе жүретін және сепарациялау барысында одан бөлініп шығатын көмірсутек газдары: этан, пропан, бутан және т.б.; мұнай-химия және химия өнеркәсібі үшін құнды шикізат, бірақ әдетте оларды мұнай шығарған кезде жай ғана жағып жібереді) шығару жүзеге асырылады.
Газ өңдейтін зауыттар өнімдерінің номенклатурасына газдың өзі, күкірт, гелий, пропан-бутан қоспасы, техникалық көміртек, жеңіл көмірсутектердің кең фракциялары, қойылтылған газ, дизель отыны, бензиндердің алуан түрлері, этан, этилен және басқалары кіреді. Табиғи газ коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта, сонымен қатар криогенді техникада инертті орталар жасау үшін отын ретінде және аэронавтикада қолданылады. Табиғи газды химия өнеркәсібінде пайдалану бағыттары алуан түрлі: мысалға, минералды тыңайтқыштар, полимерлер және т.с. өндіру үшін қолданылады.
Дүниежүзіндегі табиғи газ қорлары және олардың шығарылуы. Табиғи газдың барланған қорлары шамамен алғанда 180 трлн м3-ке бағаланады (2007 ж.). Табиғи газдың әлемдік барланған, шығарылатын қорларының және оны шығарудың өсуі көбіне көп газды барлау мен шығару техникасындағы табыстармен, ал одан өзге, оны газ түрінде және сұйылтылған күйінде үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың аса түскен қазіргі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі.
Табиғи газдың ең ірі қорларына Шығыс Еуропа мемлекеттері, әсіресе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикалары (оның ішінде Ресей - әлемдік қорлардың 30%-ға жуығы) ие. Таяу Шығыс аймағы елдерінің табиғи газ қорларының үлесі зор (40%-ға жуық). Дүниежүзі елдері арасында ең ірі газ қорларына: Ресей, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Америка Құрама Штаттары ие. Ал әлемдегі қорлар бойынша аса ірі газ кен орындары болып: Солтүстік (Катар), Уренгой, Ямбург, Бованенковское, Заполярное, Штокмановское (Ресей), Оңтүстік Парсы (Иран) табылады. Оған қоса, олардың көпшілігі 1965-1975 жылдар кезеңінде ашылған болатын (қосымшадағы 5-кестені қараңыз).
Келешегі бар газды аудандар орасан зор аумақтарды және тіптен Дүниежүзілік мұхит акваториясын (әсіресе Ресейде және оны шайып жатқан Солтүстік Мұзды мұхит суларында) қамтып жатыр. Отынның осы түрін әлемдік шығару жыл сайын өсіп келеді (2,86 трлн м3, 2006 ж.). ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің көптеген елдерінде газ шығару өнеркәсібінің дамуымен байланысты аймақтардың шикізаттың осы түрін шығарудағы рөлі өзгерді. Бірақ екі жетекші аймақтардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және Солтүстік Америка мемлекеттерінің маңызы, атап айтар болсақ, олардың саладағы монополиялық орны сақталып отыр.
Америка Құрама Штаттары саладағы өзінің монополист орнын жоғалтты (1950 ж. әлемдік шығарудың 90%-ы, қазіргі күні - 20%-дан кем). Табиғи газ шығару бойынша көшбасшылар: Ресей және Америка Құрама Штаттары. Бұл екі мемлекетке әлемде шығарылатын табиғи газдың жартысына жуығы келеді. Шығару көлемі бойынша бірінші екі елден сан мәрте артта қала отырып, одан кейінгі орындарда Канада, Иран және басқа елдер келе жатыр.
Аталған мемлекеттердің көпшілігі бір мезгілде табиғи газдың аса ірі экспорттаушылары да болып табылады. Солтүстік теңізде, Мексика шығанағында, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 500 метрден асатын тереңдіктерден өте отырып, ауқымды жерасты газ жинау жүйелері құрылған. Солтүстік Африкадан Испанияға және Италияға одан бетер су тереңдігіндегі газ құбырларын тұрғызу жобалары бар, оларды төсеу жаңа техникалық шешімдерді қажет етеді. Теңіз газ кәсібінің табиғи газдың әлемдік шығарылуында 1/5 жуық шаманы құрайтын жалпы үлесінде бірқатар елдерде олар газ шығарудан 80%-дан 100%-ға дейін береді (мысалға, Брунейде, Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда).

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау