|
Өндірістік орын туралы жалпы мағлұматЭлектр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
|
бет | 8/13 | Дата | 11.05.2023 | өлшемі | 1,77 Mb. | | #42520 |
| отчет 2022 - копия1.5 Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Электр машиналарын пайдалану және жөндеу жұмыстарына біліктілігі ІІІ – тен төмен емес және жұмыс орнында нұсқамадан өткен электромонтер жіберіледі. Жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік электроэнергетикалық қызмет шаруашылығының басшысына жүктеледі. Электромонтерларда кернеуі 1000 В- қа дейінгі қондырғылар үшін арналған негізгі қорғаныс құралдары болуы керек, яғни : диэлектрлік қолғаптар, сабы оқшауланған құралдар, тұйықтаушы (немесе тасымалданатын жерсіндіргіш) және кернеу көрсеткіш.
Қосымша құралдар: диэлектрлік галоштар, резеңке кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер мен ескерту плакаттары.
Қорғаныс құралдарын қолданар алдында, тексерілген мерзіміне көңіл аудара отырып, олардың жарамдылығына көз жеткізу керек.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электр машиналарын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.
Электр қондырғысына техникалық қызмет көрсету кезінде, олар қоретендіруші тізбектен ажыратылуы керек. Ажыратушы шапқыштың пышақтары мен еріндіктерінің арасына оқшаулағыш материалдың кесіндісін орнатып, шапқыш жетегінің сабына немесе автоматты ажыратқыштың тұтқасына «Қоспа – адамдар жұмыс істеуде!» плакатын ілу керек. Жұмыс басталар алдында электроқозғалтқыштың жұмыстық машинаның әсерінен айналып кету мүмкіндігін ескертетін шаралар қолданылуы керек.
Электрлендірілген механизмдердің жұмысшылары қондырғыларда жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері бойынша міндетті түрде нұсқамадан өтулері керек.
1.6 Электр қозғалтқыштары.
Электроқозғалтқыштар мен олар қозғалысқа келтіретін механизмдерге олардың айналу бағытын көрсететін белгі – стрелка қойылуы тиіс. Жүргізгіш құрылғыда агрегаттың қай топқа жататындығы белгіленуі керек. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электроқозғалтқыштар үшін тізбек толық кернеу кезінде тікелей жүргізгішпен қамтамасыз етіледі.
Жүргізгіш аппаратуралардың электроқозғалтқыштарының корпустары сенімді түрде жерсіндірілуі тиіс. Статордың, якорьдың және полюстердің шықпалары арнайы белгілермен белгіленулері керек. Жүргізуді реттегіш құрылғыларда «қосу» және «жұмыс» жағдайлары белгіленулері тиіс. Электроқозғалтқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін шиналардағы кернеудің мәнін ±5 % - дық аралықта сақтап отыру қажет. Электр жетек тізбектен шұғыл түрде келесі жағдайларда ажыратылады:
- электроқозғалтқыштан намесе жүргізуді реттегіш аппаратурадан түтін мен от шықса;- адамдармен қауіпті жағдай туындап, электроқозғалтқышты лезде тоқтату қажет болса;- электроқозғалтқыштың бүтіндігіне қауіп тудыратындай, рұқсат етілген шамадан артық діріл пайда болса;- қозғалысқа келтірілетін механизмде ақау туындаса;- подшипниктердің шамадан тыс қызуы байқалса; электроқозғалтқыштың шамадан тыс қызып кетуі салдарынан, оның айналым санының күрт төмендеп кетуі сезілсе.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|