Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
89
3.11-сурет. Тік сепаратор сұлбасы:
а-негізгі сепарациялық бөлім; б-тұндыру бөлімі; в-мұнайды жинау
бөлімі; г-тамшыны бөлу;1-сұйықтықты қоспаны енгізу патрубкасы;
2-саңылаулы шығысы бар тарату коллекторы; 3-газды жіберу
түзуіндегі (тізбе) «өзіне дейін» қысым реттегіші; 4-жалюзді тамшы
ұстағыш; 5-сақтандырғыш клапаны; 6-еңіс сөрелер; 7-қалытқы;
8-мұнайды жіберу түзуіндегі деңгей реттегіш; 9-шламды тастау
түзуі; 11-деңгей өлшегіш әйнек; 10-бөлгіш; 12-дренажды құбыр
Мұнай газ қоспасы қысыммен патрубка (1) арқылы
саңылаулы шығысы бар тарату коллекторына (2) келеді (3.11-
сурет). Қысым реттегіші (3) арқылы сепараторда белгілі қысым
ұсталып тұрады, ол газ сұйық қоспаның алғашқы қысымынан
төмен. Қысым төмендеуі есебінен сепараторда қоспадан еріген
газ бөлінеді. Бұл процесс тез болмайтындықтан, сепараторды
қоспаның болу уақытын ұзарту үшін еңіс сөрелер (6) қояды, ол
бойынша қоспа аппараттың төменгі бөлігіне ағады, бұл кезде
мұнайдың қозғалу жолы ұзарады. Еңіс жазықтықтар (6) босаға,
кедергі сияқты әртүрлі бөлгіштермен жабдықталған, бұл жоғары
көтерілетін
окклюдирленген
газ
көпіршігінің
бөлінуін
жеңілдетеді.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
90
Сепаратордың жоғарғы бөлігінде жалюзді тамшы ұстағыш
сұғындырма (4) орнатылған, ол мұнай тамшыларын бөлуге
арналған. Мұнай тамшылары жалюзді сұғындырмаларға
ұрылып поддонға ағады және дренажды құбыр (12) арқылы
сепаратордың төменгі бөлігіне ағады. Сұғындырмадан кейін газ
ағын жүрісіне байланысты көптеген тесігі бар бөлгіш
орнатылған, ол газдың қозғалыс жылдамдығын реттейтін
бірдей шығынды өткізу принципімен жасалған.
Сепаратордың төменгі бөлігіндегі мұнай деңгейін бақылау
деңгей реттегіш (8) және деңгей өлшеу әйнек (11) көмегімен
орындалады. Құм, тотық және т.б. түрдегі шлам құбыр (9)
арқылы жойылады.
Көлденең сепаратор технологиялық сыйымдылықтардан
тұрады (3.12-сурет).
3.12-сурет. Көлденең сепаратор сұлбасы:
1-технологиялық сыйымдылық; 2-еңіс желобтар (қашау);
3-көбік өшіргіш; 4-газдың шығуы; 5-ылғал бөлгіш; 6- мұнайдың
шығуы; 7-воронканың пайда болуын алдын алатын құрылғы; 8-люк-
лаз; 9-таратушы құрылғы; 10-өнімді енгізу
Технологиялық сыйымдылықтар газ мұнай қоспасын енгізу
үшін
патрубкалармен
10
жабдықталған.
Технологиялық
сыйымдылық 1 ішінде екі еңіс жазықтықтары 2 орнатылған. Газ
мұнайлы қоспа кіру патрубкасынан аппаратқа келеді, өзінің
бағытын 90° өзгертеді және тарату құрылғысы көмегімен мұнай
қалған газымен бірге жоғарғы еңіс желобқа, одан соң төменгіге
бағытталады.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
91
Сепарацияланған
мұнай
сұйық
жинаудың
төменгі
бөлімінде
жиналып,
шығыс
патрубкасы
(6)
арқылы
сепарацияның келесі сатысына кетеді немесе аппараттың соңғы
сатысында болса, резервуарға кетеді.
Газ шығатын патрубка жанында тік 3 (газды дөрекі тазалау
және көбікті өшіруге арналған тік тор сүзгіш) және көлденең 5
тамшы бөлгіш орнатылады, олар тамшылы сұйықтың газдан
жақсы (99 % тиімді) тазартады, бұл газды қосымша
сепарациялық аппаратын қолдану қажеттілігінен бас тартуға
мүмкіндік береді. Сепараторда патрубок 4, ысырма және
реттеуші клапаннан бөлінген газ жинау желісіне барады.
Бұған қоса, аппарат дабыл беру құрылғыларын монтаждау
және жұмыс режимін автоматты реттеуге арналған муфта және
штуцермен жабдықталған.
Кез келген типтегі сепараторларда төрт секция болады, ол
гравитациялық
(ауырлық
күш)
сепаратор
мысалында
қарастырылған.
1. Негізгі сепарациялық секция (3.11а-сурет) – бұл мұнай
мен газды айыруға арналған. Бұл секцияның жұмысына үлкен
әсер ететін ұңғыма өнімін енгізу конструкциясы (5). Енгізудің
тангенциалды, радиалды, диспергатор-сұғындырма арқылы
түрлері қолданылады. Газ сұйықты ағынды диспергирлеген
кезде фаза бөлінудің жоғарғы жазықтықтары жасалады және
мұнайдан газдың қарқынды бөлінуі жүреді. Секция жұмысының
тиімділігі
(к
эфф
)
мұнай
газ
қоспасының
диспергирлеу
дәрежесімен
бағаланады,
ол
өнімді
енгізу
принципіне
байланысты.
к
эфф І=
f (диспергирленген деңгейдегі өнімді енгізу)
2. Тұндыру секциясы (3.11б-сурет) – І секциядан шыққан,
газ көпіршігінің қосымша бөлінуіне арналған. Окклюдирленген
газ көпіршігінің қарқынды бөлінуі үшін мұнайды еңіс
жазықтықпен жұқа қабат етіп бағыттайды, осы арқылы
мұнайдың қозғалу жолының ұзындығын және оның сепарация
тиімділігін
арттырады.
Еңіс
жазықтықтар
аздаған
табалдырықпен жасалуы мүмкін, бұл мұнайдан газдың
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
92
бөлінуіне әсер етеді. Толқындық қозғалыс есебінен газ сұйық
құрылымы бұзылады:
к
эфф ІІ=
f (жазықтық ауданы, мұнай қабат биіктігі, болу уақыты).
3. Мұнайды жинау секциясы (3.11в-сурет) сепаратордың ең
төменгі бөлігін алады және сепаратордан мұнайды шығару және
енгізуге арналған. Мұнай секцияда мұнайлы жағдайда немесе
газбен қосылысы түрінде болуы мүмкін, ол І және ІІ секция
тиімді жұмысы, сонымен қоса мұнайдың аппаратта болу
уақытына τ
болу
байланысты:
к
эфф ІІ
=f(к
эфф І
, к
эфф ІІ
, τ
болу
).
Мұнайдың үстінде газдан бөлінген көпіршіктен құралған
көбік қабаты газдың бөлінуіне айтарлықтай кедергі жасайды.
Сепараторда көбік қабаты болғанда мұнайдың онда болу
ұзақтығы бірнеше есе артады. Белгілі бір биіктікке жеткен көбік
газ ағынымен ұсталып сепаратордан шығарылады. Белгілі
болғаны, ауыр мұнайда көбік түзілу жеңілге қарағанда жиірек
болады.
4. Тамшы ұстағыш секция (3.11г-сурет) сепаратордың
жоғарғы бөлігінде орналасқан және газ ағынымен келетін өте
кішкентай тамшыларды ұстауға арналған. Тамшы ұстағыш
секция құрылым жағынан әртүрлі болуы және оның жұмысы
бір немесе бірнеше принциптерге негізделуі мүмкін:
Газ ағынының әртүрлі кедергілермен соқтығысуы;
Сұйық тамшыларының жабысуы: адгезия күші;
Ағын бағытының өзгеруі: инерция күші;
Ағын жылдамдығының өзгерісі;
Ортадан тепкіш күшті пайдалану;
Ұсақ сұйықтың тамшыларын іріге біріктіру үшін
коалесценциялық толтыруды (металл торыдан жасалған)
қолдану.
Іріге кеңейген және біріккен газ түріндегі көпіршіктер,
төменгі қысым жаққа орын ауыстырғанда мұнайды қосады және
сол уақытта одан асып түседі. Бұл процесс аппаратқа енгенше
Достарыңызбен бөлісу: |