А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
78
Бұдан
басқа,
осы
жүйемен
сепарацияның
бірінші
дәрежесіндегі газды үлкен қашықтықтарға компрессорсыз
тасымалдау үшін, терең сораптармен туындайтын қабат
энергиясы мен ағынды пайдалану қадағаланады. Ұңғыма
сағасындағы қысым 1,0-ден 1,6 МПа-ға дейін қолданылып
отырады. Мұнай ұңғыларының өнімдері, ұңғы дебиттері
периодты өлшеніп отыратын топтық өлшеу қондырғыларынан
өтеді. Кейін бұл өнім бір құбырөткізгіш арқылы участкелі
сепарациялы пункттерге топталған сепаратордың бірінші
дәрежесіне барады.
Сепарацияның бірінші дәрежесінен кейін 0,5-0,6 МПа
қысым
кезінде
газ,
сепаратордағы
қысым
есебімен
тұтынушыларға, ал мұнай, еріген газдың қалдық мөлшерімен
орталық жинау пунктіне бағытталады.
Бұл пунктте мұнай мен газдың нақты сепарациясы,
мұнайды тұтынушыға беруге дайындау, сепарацияның барлық
дәрежесінің газын өңдеу және ағынды суларды қабатқа айдауға
дайындау (3.4-сурет) жүзеге асырылған.
Жинаудың ағынды жүйесін қолдану:
ОЖП-да мұнай, газ және суды 100 км радиуста
орналасқан топтық кәсіпшілік үшін дайындау бойынша
қондырғыларды концентрациялауға;
Бұл мақсаттар үшін металл шығындарды, барлау
шығындарын төмендетіп, жоғары өнімділікті қондырғыларды
қолдануға;
Төмен қысымды мұнай газын тасымалдау үшін компрес-
сорлық станция мен газ құбырлары кәсіпшілігі территориясында
құрылыстан бас тарту арқасында жинау жүйесінің металл
сыйымдылығын және қаражат енгізуді төмендетуге;
Мұнай құбырларының өткізгіштік қасиетін арттыру
және құрамында еріген газ бар мұнайдың тұтқырлығын
төмендету нәтижесінде айдауға кеткен қуаттың шығынын
азайтуға мүмкіндік береді.
Жинаудың ағынды жүйесінің кемшілігі – кенорыннан
ОЖП-на дейін мұнай мен суды бірегейлі тасымалдауға кеткен
үлкен барлау шығындары және сәйкес, тазартылған қабат суын
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
79
кенорынға дейін кері тасымалдау жүйесін құруға кеткен энергия
мен құбырдың үлкен шығыны болып табылады.
3.4-сурет. Жинаудың ағынды жүйесінің принципиалдық сұлбасы:
1-ұңғылар; 2-бірінші дәрежелі сепаратор; 3-“өзіне дейін”типті
қысым реттегіш; 4-газ құбыры; 5-сорап; 6-мұнай құбыры; 7- екінші
дәрежелі сепаратор; 8-резервуар; ССС-сығуға дейінгі сорапты
станция
Қазіргі кезде көрсетілген кемшіліктері жоқ (3.5 және 3.6-
сурет) жинау жүйелерін қолданады. Оның ағынды жүйеден
айырмашылығы, бірінші дәрежелі сепаратор алдында ағынға су
мұнай эмульсиясын бұзатын реагент-деэмульгаторды ендіреді.
Бұл ұңғы өнімінен судың негізгі бөлігін, сығуға дейінгі сорапты
станцияларда (3.1-сурет) бөлуге мүмкіндік береді. МКДҚ
орналасқан сығуға дейінгі сорапты станция (ССС), кешенді
жинау пункті (КЖП) деп аталады.
Орталық жинау пунктінде мұнайды кешенді дайындау
қондырғысы екінші дәрежелі сепаратор алдында орналасқан.
Бұл, құрамында еріген газ бар мұнайдың аз тұтқырлығымен
байланысты. Сұлбаның (3.5-сурет) ерекшелігі, мұнайды кешенді
дайындау
қондырғысының
(МКДҚ)
ұңғыларға
жақын
орналастырылуы болып табылады.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
80
3.5-сурет. Газ қаныққан күйде ОЖП-да мұнайды дайындау мен
жинаудың заманауи жүйесінің принципиалдық сұлбасы
3.6-сурет. Газ қаныққан күйде КЖП-да мұнайды дайындау мен
жинаудың заманауи жүйесінің принципиалдық сұлбасы
Мұнай жинаудың кәсіпшілік жүйесінің жұмыстық қысым
көлемі бойынша былай классификациялауға болады:
өз ағысты екіқұбырлы;
жоғары ағынды бірқұбырлы;
ағынды.
Қазіргі заман кен орындарының ерекшеліктері: мұнайдың
сулануының өсуі, сағадағы төмен қысым. Бұл ерекшеліктер
мұнай-газ
жинаудың
сызықтық
ағынды
герметизацияланған жүйесін қолдануға шартталды. Ұңғыма
өнімі “Спутник” типті топтық өлшеу қондырғысына (ТӨҚ)
барады. Ол жерде ол ұңғы бұтағында монтаждалады және ол
арқылы әр ұңғының дебиті периодты өлшеніп отырады. Ереже
ретінде, “Спутник-Б” жүйесін қолданады. Ол суланған және
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
81
суланбаған мұнайды бөлек өлшеуге және мұнайды диаметрлері
әртүрлі мұнай жинау сызығына бағыттауға мүмкіндік береді.
ТӨҚ-дан соң ұңғыма өнімі жалпы коллектор бойынша жинау
пунктіне жіберіледі.
Жинау пункттері функционалды түрде орталық жинау
пунктіне (ОЖП), сығушы сорап станциясына (ССС) және
кешенді жинау пунктіне (КЖП) бөлінеді.
Сығушы сорап станциясы мұнайды газдан бөлу үшін, газды
тамшылы сұйықтықтан тазалау және мұнайды ортадан тепкіш
сораптармен бөлек тасымалдау үшін арналған. ССС сығушы
сорап станциясы буферлі сыйымдылықтан, мұнай ағындарын
тазалау және жинаудан, сорапты блоктан, төменгі вольтты
аппаратурадан және БӨА, А-дан, газды авариялық жинау
шамынан тұрады (3.7-сурет). ССС технологиялық сұлбасы НГС-
100 буферлі сыйымдылық:
Мұнайдың айдау сораптарының қабылдауына біртекті
баруына мұнайды дайындауға;
Мұнайды газдан бөлуге;
Сораптың қабылдауында 0,15-0,6 МПа ретін үнемі
сақтауға арналған.
Сұйықтықтың байсалды айнасын пайда болдыру үшін
буферлі сұйықтықтың ішкі беті тіке торлы қалқамен
жабдықталған. Газ буферлі сыйымдылықтан газ жинаушы
коллекторға аударылады. Мұнайды сыйымдылықтан айдау
негізгі технологиялық сорап қабылдауына жүзеге асырылады.
3.7-сурет. Сығушы сорап станциясының жалпы көрінісі:
1-буферлі сыйымдылықтың блогы; 2-сораптар блогы;
Достарыңызбен бөлісу: |