Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
99
Суды шығару гидробекіту арқылы жүргізіледі, ол арнайы
реттейтін құралсыз автоматты түрде процесті жүргізуге қажетті
резервуарда сұйықтың тұрақты деңгейін ұстап тұруға
мүмкіндік береді. Гидробекіту биіктігін әдетте резервуар
биіктігінің 0,9 тең етіп алады (3.13-сурет).
3.13-сурет. УПСВ резервуары:
1-жеткізу құбыры; 2-маточник (жатынды); 3-суды апаратын құбыр;
4-гидробекіткіш
Технологиялық резервуарлар транзитпен жұмыс істейді.
Бөлінген суды лақтыру және сусыз мұнайды алу үзіліссіз
жүргізіледі.
Көлденең цилиндрлі сыйымдылықтарда (тұндырғыштар)
(3.14 а,б-сурет) сұйықты енгізу таралу тарағымен жабдықталады.
Олар арнайы дренаждалған су мен мұнай деңгейін тұрақты
ұстап тұруға арналған қымбат реттеуші құрылғылармен
жабдықталған.
Өндірісте көбінесе булит базасындағы суды алдын ала
лақтыру құрылғысының екі құрылымы таралған:
Суды алдын ала лақтыратыны бар автоматты блокты
сепарациялық қондырғысы БАС-1;
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
100
Мұнайды жылдам алдын ала сусыздандыратын және
есептейтін,
сепарациялауға
арналған
блокты
автоматты
қондырғылар УПС–2000/6, УПС–3000/6, ОГ–200П, АСП–
6300/6.
3.14 а-сурет. ОГ-200П тұндырғышының технологиялық сұлбасы:
1-суланған мұнай; 2-сусыз мұнай; 3-қабат суы; 4-мұнай газы
3.14 б-сурет. ОГ-200С тұндырғышының принципиалдық сұлбасы:
І-сепарациялық бөлік; ІІ-тұндырғыш бөлік; 1-корпус; 2-деңгей
реттегіш; 3-тамшы соққы; 4-кедергі; 5-мұнай жинағыш;
6-аралық фаза деңгей реттегіші; 7-құю құрылғысы; 8-буландыру
коллекторы; 9-тазалау штуцері; 10-тарату коллекторы
Құрылғы ДЭ өңдеген су мұнай эмульсиясын қабықтан-
дыруға арналған. Эмульсияны таратушы ол диаметрі 700 мм
перфорацияланған құбыр, оның 64 есік қатары бар. Әр қатарда
285 тесік орналасқан.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
101
ОГ-200 С тұндырғышы ол эллипс тәрізді түбі бар диаметрі
3400 мм болатын көлденең болат цилиндрлі сыйымдылық.
Кедергі 4 көмегі арқылы сыйымдылық екі бөлікке бөлінген,
оның ішінде сол жағы І сепарациялық, ал оң ІІ-тұндырғыш.
Сыйымдылықтың сол жақ және оң жағы коллекторлармен –
корпустың төменгі жағында орналасқан таратушы 10 арқылы
байланысқан.
Сепарациялық бөліктің жоғарғы жағына ағызатын сөресі
бар эмульсия таратушы және газ сепараторы орналасқан.
Тұндырғыш бөліктің төменгі жағында екі перфорацияланған
коллекторлар орналасқан, олардың үстінде жәшік түріндегі
эмульсия таратқыштар тұрады. Бұл бөлікте сонымен қоса
қондырғыны буландыруға арналған екі коллектор 8 орнатылған.
Бөліктің жоғарғы жағында төрт мұнай жинағыш 5 орналасқан,
олар мұнайды қондырғыдан шығару штуцерімен байланысқан.
Корпустың бергі бөлігінде кедергі және құю құрылғысы арқылы
су жинау камерасы бар, онда фазааралық деңгей өлшегіш 6
тұрады. Тұндырғыш технологиялық процестің параметрлерін
бақылау құрылғыларымен, фаза айыру деңгейін реттеуші,
сақтандырғыш және тиек арматурамен жабдықталған.
Тұндырғыш келесідей жұмыс істейді. Қыздырылған
эмульсиялық
мұнай
енгізілген
ДЭ
реагентімен
қоса
сепарациялық бөліктің эмульсия таратқышына түседі және ағу
сөрелері және қабырға бойымен төменгі бөлікке ағады.
Қыздыру және қысым төмендеу нәтижесінде мұнайдан
бөлінген газ сепаратордан өтеді және «мұнай-газ» деңгей
реттегіші 2 арқылы газ жинау желісіне шығарылады.
Мұнайлы эмульсия сепарациялықтан тұндырғышқа өтіп екі
перфорацияланған коллектор бойымен тарату тесігінен өтеді
және жоғарғы бөлікке көтеріледі. Бұл кезде мұнайды қабат
суымен жуады және сусыздандырады. Сусызданған мұнай
жинау коллекторына 5 барады және аппараттан шығады.
Мұнайдан бөлінген су құю құрылғы 7 арқылы су жинау
камерасына барады және «мұнай-газ» деңгей реттегішімен 6
дренажды су дайындау жүйесіне лақтырылады.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
102
3.5. Су-мұнай эмульсиясы.
Мұнай эмульсияларын бұзу әдістері
Судың хлор-кальцийлік түрлері (қатаң қабатты сулар,
табиғатынан қышқыл сулар) мұнай қабатының шегінде беттік
керілу шамасының үлкен мәндеріне ие болады, 7-ден 14-мН/м-
ге дейін.
Мұнай шекарасындағы теңіз суы үлкен беттік керілуге ие,
14-тен 23 мН/м-ге дейін.
Мұнайдың
көптеген
түрлерінің
шекарасындағы
дистилденген су одан да үлкен беттік керілу мәніне ие, ол 20-
дан 34 мН/м-ге дейін өзгереді.
Беттік керілу σ коэффициенті қысымға, температураға,
газдық факторға, флюидтердің қасиеттеріне тәуелді болады.
Беттік керілу қысымның жоғарылауымен үлкейеді, бірақ
температура жоғарылаған сайын күрт азаяды.
Әрбір құраушының беттік керілуінің ең жоғарғы мәндері
оның ауадан бөліну шекарасында байқалады. Молекулааралық
әсерлесуге жақын жоғары потенциалы бар полярлы сұйықтар
ауа (σ=18,4 эрг/см
2
) шекарасында σ-ның үлкен мәніне ие, ал
гексан (су σ=72,5 эрг/см
2
) тәрізді әлсіз полярлы сұйықтар σ-ның
аз мәніне ие болады.
Мұнай эмульсиясының қасиеттері мұнайды алудың
технологиялық
процесіне,
өндіріс
ішіндегі
транспортқа,
сепарацияға,
алдын
ала
сусыздануға,
деэмульсацияға
(эмульсацияның бұзылуы), мұнай өндірістік суларды тазарту
және даярлауға әсер етеді.
Эмульсияның
физика-химиялық
қасиеттері
келесідей
параметрлер мен функционалды түрде анықталады.
1. Дисперстілік (D) – оның шамасы дисперсті ортадағы
дисперсті
фазаның
бөліну
дәрежесімен
сипатталады.
Эмульсияның көптеген қасиеттері дисперстікке байланысты
болады: тұтқырлық, ағымдық, тұрақтылық және тағы басқалары.
Дисперстіктің шегі меншікті фазааралық бет болып табылады.
S↑↔D↑
Меншікті бет (S
мен
)
–
дегеніміз дисперсті орта (S) көлемі
бірлігіндегі дисперсті ортаның (V) барлық тамшыларының
Достарыңызбен бөлісу: |