Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көліктік техника және логистика кафедрасы
ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ЖӨНДЕУ НЕГІЗДЕРІ
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
УДК 629.3/4 (07)
ББК 39.1/2я7
Ө-46
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
Рецензент: техникалық ғылымдар кандидаты, профессор
Балтабекова А.Н.
¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Павлодар, 2010.
Әдістемелік нұсқауларда «¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға дайындық, орындау тәртібі және есепті тапсыру бойынша ұсыныстар келтірілген.
Әдістемелік нұсқаулар ҚР МЖБС 3.08.341-2006 жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленіп, 050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығының студенттеріне арналған.
Балтабекова А.Н., 2010.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010
Мазмұны
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
Зертханалық жұмыстарды орындаудың және техника
қауіпсіздігінің негізгі ережелері
|
5
|
2
|
Зертханалық жұмыстар
|
|
2.1
|
Зертханалық жұмыс №1. Білдек құралдарын әрекетке келтіру принципін оқып білу, дайындаманы қысу күшін анықтау
|
|
2.2
|
Зертханалық жұмыс №2. Токарлы-револьверлық операцияны жобалап жасау және револьверлық білдекті баптау
|
|
2.3
|
Зертханалық жұмыс №3. Жөндеуге түскен көліктік техника тетіктерінің техникалық жағдайын зерттеу және олардың ақауларын анықтау
|
|
2.4
|
Зертханалық жұмыс №4. Керіліспен жылжымайтын цилиндрлік және бұрандалы қосылыстарды құрастыру
|
|
2.5
|
Зертханалық жұмыс №5. Іштен жанатын қозғағыштар клапанының ершігін қалпына келтіру
|
|
2.6
|
Зертханалық жұмыс №6. Көліктік техниканы жөндеу кезіндегі тораптар мен тетіктерді теңгеру үрдісін зерттеу
|
|
|
Әдебиеттер
|
|
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулар құрамына зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі және өзін-өзі ұстау ережелері, зертханалық жұмыстарды өткізу технологиясы және есепті дайындау бойынша қысқаша нұсқаулықтар кіреді. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер теориялық білімді тереңдетеді және көліктік техника тораптарының ақауларын анықтау, жөндеу бойынша тәжірибелік дағды алады.
Нақты бір зертханалық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау келесі бөлімдерден тұрады: жалпы мәліметтер, зертханалық жұмысқа дайындыққа арналған тапсырма, зертханалық жұмысты орындау тәртібі, есепті дайындауға қойылатын талаптар және бақылау сұрақтары.
Әрбір зертханалық жұмысты орындау келесі кезеңдерден тұрады:
өздік жұмысы;
оқытушының студентті зертханалық жұмысқа дайындығын
тексеру;
зертханалық жұмысты орындау;
жұмыс орнына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсету,
есепті дайындау және жұмыстың нәтижелерін қорғау.
Әдістемелік нұсқауларда келтірілген әрбір зертханалық жұмыс боынша бақылау сұрақтары оқытушының барлық студенттерге деген әділ көзқарасын көрсетеді. Өйткені әрбір студенттің зертханалық жұмысқа өздігінен дайындалған және есепті тапсырған кезде сұрақтар тізімімен танысу мүмкіндігі бар.
Қолдануға ұсынылып отырған әдебиеттер тізімі студенттердің зертханалық жұмыстарды орындауға өздігінен дайындалуға мүмкіндік береді.
1 Зертханалық жұмыстарды орындаудың және техника
қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1.1 Зертханаларда жұмыс істеу тәртібі
1.1.1 Зертханалық жұмыстарды өткізу алдында студенттер осы ережелермен танысу керек, ал оқытушы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды жүргізуге міндетті. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаудан өткен студент кафедра журналына және зертханалық жұмыстар журналына қол қою керек. Нұсқаудан өтпеген және журналға қол қоймаған студент зертханалық жұмыстарды орындауға жіберілмейді.
1.1.2 Студенттерге тыйым салынады:
– сабаққа сыртқы киіммен келуге;
– зертханадан тетіктерді, аспаптарды шығаруға және сырттан заттарды кіргізуге, темекі тартуға;
– сабақ үстінде зертханада жүріп тұруға немесе зертханалық жұмыспен қарастырылмаған әрекеттерді жасауға (басқа жұмыс орнына, қосылған аспаптар мен аппаратураларға жақындауға, қолмен тисуге);
– үстелдер мен плакаттарға жазуға, зертхана заттарын бұзуға, қағаздарды немесе қоқысты қалдыруға;
– техника қауіпсіздігі ережелеріне қарсы келетін әрекет жасауға.
1.2 Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1.2.1 Зертханалық жұмыстарды орындаған кезде аспаптарды, қондырғыларды немесе басқа жабдықтарды тек қана оқытушының немесе оқу шеберінің рұқсатымен, олардың құрылысын және техника қауіпсіздігі талаптарын оқып білгеннен кейін ғана қосуға болады.
1.2.2 Агрегаттарды бөлшектеуді, құрастыруды, реттеуді және оларды іске қосуды әдістемелік нұсқауларға сәйкес іске асыру керек.
1.2.3 Жұмыстарды орындау үрдісінде ақаулы аспапты қолдануға болмайды.
1.2.4 Аспапты немесе машинадан шешіліп алынған тетікті үстелдің шетіне қоюға немесе бөлшектеліп жатқан машинада қалдыруға болмайды;
1.2.5 Өрт болған кезде оқытушы топ старостасымен және кезекшімен бірге өртті сөндіру бойынша шараларды іске асырады:
– топтың старостасы жалпы рубильникті қосады;
– оқытушы студенттерді зертханадан шығару және өртті сөндіру бойынша шараларды қабылдайды, ал қажет болған жағдайда өрт туралы 101 телефон нөмірі бойынша хабарлайды.
1.3 Зертханалық жұмыстарды орындау және есепті тапсыру
тәртібі
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы және орындау кезегі курстың бағдарламасымен анықталады және бірінші сабақты оқытушымен хабарланады.
Зертханалық жұмыстар сабақтардың кестесіне сәйкес орындалады. Жұмыс орындарын дайындайды оқытушының нұсқауымен оқу шебері орындайды.
Студент кезекті зертханалық жұмысты орындауға қажетті оқу және әдістемелік құралдарды оқып, дайын болу керек. Зертханалық жұмыстарды орындауға дайындығының деңгейін студент әдістемелік нұсқауларда келтірілген сұрақтар бойынша тексереді.
Зертханалық жұмыс бойынша есепті әрбір студент жеке орындайды. Зертханалық жұмыстардың нұсқасы бар тапсырмалары сынақ кітапшасының соңғы екі санына сәйкес орындалады. Есеп қолдан сиямен жазылады; жұмыстағы ықшамсызбалар мен графиктер сызба аспаптарын қолдана отырып, қарындашпен сызылады.
Зертханалық жұмыстар бақылау іс-шараларының календарлық графигіне сәйкес тапсырылады. Осы графикке сәйкес балдар қойылады.
2 Зертханалық жұмыстар
Осы бөлімде «¤ндірістіњ технологиялыќ негіздері жєне кµліктік техниканы жµндеу» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың мазмұны келтірілген. Зертханалық жұмыстар технологиялық жабдықтарды оқып білуді және тетіктерін ақауларын анықтау, оларды қалпына келтіру, құрастыру және теңгеру бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауды қарастырады.
2.1 Зертханалық жұмыс №1. Білдек құралдарын әрекетке келтіру принципін оқып білу, дайындаманы қысу күшін анықтау
Жұмыс мақсаты – білдек құралының құрылысын, оны әрекетке келтіру принципін оқып білу және осының негізінде күштердің әсер ету ықшамсызбасын құрау, құралда дайындаманы қысу күштерін есептеу әдістемесін тәжірибеде меңгеру.
Жалпы мәліметтер
Жобаланған технологиялық үрдісті іске асыру үшін сәйкес технологиялық жабдықтау, соның ішінде білдек құралдары қажет. Білдек құралдары деп білдекте орнатылатын және өңделетін дайындаманы орнату мен бекітуге арналған құрылғыларды атайды.
Барлық құралдарды негізгі үш топқа бөлуге болады: әмбебап, мамандандырылған және арнайы. Әмбебап құралдар баптауды қажет етпейтін, жалпы тағайындамалы болып табылады және әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Мамандандырылған құралдар пішіндері және өлшемдері бойынша әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін қайта баптауды қажет ететін, әмбебап құралдарға жатады. Арнайы құралдар берілген тетікті өңдеу бойынша белгілі бір операция үшін арналған.
Құралдардың элеметтері болып белгілі бір ролді орындайтын тетіктер немесе күрделі емес тораптар табылады. Құралдардың негізгі элементтері: қыспақтардың жетегіне арналған орнату, қыспақты, күштік құрылғылар, кескіш аспаптарға арналған бағыттауыштар, бөлгіш, тұлғалық, қосалқы және бекіткіш.
Дайындаманың құралда орнатылған жағдайын, оның өңдеу үрдісінде дірілдеуі мен ығысуын болдырмауды қамтамасыз ететін қыспақты элементтер маңызды орын алады.
Қыспақты құрылғылар қарапайым және қиыстырылған болады. Қарапайым қыспақтарға бұрамалы, эксцентрикті, сыналы, иінтіректі жатады. Ұстатқыштар деп аталатын, қиыстырылған қыспақты құрылғылар бірнеше қарапайым қыспақтардан тұрады. Бұрамалы қыспақтар ең қарапайым және әмбебап болып табылады.
Жетек түрі бойынша қыспақты құрылғылар қолмен іске асатын, механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді.
Пневмогидравликалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті механикаландырылған қыспақты құрылғылар кеңінен қолданылады.
Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар
1) Білдек құралдарының тағайындамасын және топтастырмасын оқып білу [1, 49...50б.]
2) Білдек құралдарының элементтерін оқып білу [1, 50...59б.]
3) Құралдардың қыспақты құрылғыларын және олардың жетектерін оқып білу [2, 34...57б.; 5, 52...59б.]
4) Дайындаманы қыспақты құрылғылардың әртүрлі түрлерінде қысу күштерін есептеу әдістемесін оқып білу [2, 32...56б.]
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
1) Жабдықтар және бастапқы материалдар: білдек құралының үлгісі және құрастыру сызбаларының көшірмесі; аспап жинағы, сүртетін материалдар.
2) Білдек құралының құрылысын қарастырып, келесі мәліметтерді айқындау керек: құралдың атауын, оның тағайындамасын, дайындаманы орнықтандырудың қабылданған ықшамсызбасын, бір уақытта өңделетін дайындамалар санын. Қыспақты құрылғыны, құрал тұлғасының түрін және құралды білдекте бекіту тәсілін, орнату, бағыттауыш, центрлегіш элементтерді белгілеу және суреттеу қажет.
3) Қыспақты құрылғының жұмысын толық оқып білу керек.
Жетектен орындайтын буынға дейін барлық аралық буындарды қосып, құралдың қыспақты механизмінің ықшамсызбасын сызу керек.
4) Құралдың қыспақты механизмінің күшінің жалпы беріліс қатынасын анықтау теңдеуі:
(1)
(2)
Достарыңызбен бөлісу: |