|
Өмірбаяны Дарвиннің эволюциялық теориясы Дарвиннің еңбектеріДарвин теориясының маңызы
|
бет | 5/6 | Дата | 07.11.2022 | өлшемі | 6,04 Mb. | | #40034 | түрі | Өмірбаяны |
| Пр 3 эволюция ГоСАкДарвин теориясының маңызы.
- Дарвин эволюция теориясын жасаған бірінші ғалым болған жоқ. Оның еңбегі жалпы эволюция механизмдерін, соның ішінде түр түзілу процесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан түсіндіре алуымен құнды. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті, тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуды эволюцияның негізгі факторлары деп санады.
- Дарвин өзінің көзқарасын кезінде Ж.Б.Ламарк өзінің эволюция теориясын түсіндіру үшін пайдаланған мысал — керікті келтіру арқылы дәлелдеді. Дарвин ертеде керіктердің ататектік популяцияларының біреуінде аяғы мен мойнының ұзындығы жағынан ерекшеленген жекелеген даралар болған деп болжады. Мұндай болжам жасауға болады, өйткені бірде-бір популяцияда екі бірдей дара болмайды. Саваннада қорек жетіспеген кезеңдерде бойлары әртүрлі даралар қорек үшін бәсекеге түсуге мәжбүр болды (тіршілік үшін түрішілік күрес). Жоғарғы бұтақтарда өсетін және бойы аласа даралар жете алмайтын жапырақтармен бойы ұзынырақ келген жануарлар жеп қоректене алды. Сондықтан бойы аласа керіктер тіршілігін жойды, олармен бірге популяцияда қысқа аяқ пен қысқа мойын сияқты белгілер де жойылды. Қазіргі керіктердегі ұзын мойын мен аяқ — ұрпақтан-ұрпаққа негізінен бойы ұзындау даралардың тірі қалып, көбеюінің нәтижесі болып табылады.
- Дарвин ілімі түрлердің шығу тегі мен көптүрлілігін және тірі организмдер құрылысының мақсатқа сәйкестілігін материалистік тұрғыда түсіндіруге бағытталған ғылыми жаратылыстық негіз болып табылады. Бұл ілім XIX ғасыр жаратылыстануындағы ірі жетістіктердің бірі болды.
- Ч. Дарвинмен бірге бір уақытта эволюция механизмдері туралы бірдей қорытындыға басқа жаратылыс зерттеушісі — Алфред Рассел Уоллес те келген болатын. 1858 жылдың шілде айында Лондондағы Линней қоғамынының мәжілісінде Дарвин мен Уоллес бірге өздерінің идеялары туралы баяндама жасады. Кейінірек Уоллес Дарвиннің басымдылығын толығымен мойындап, жаңа эволюция теориясын белгілеу үшін «дарвинизм» деген терминді енгізді.
- Дарвин ұсынған теория кейіннен генетика, молекулалық биология, палеонтология жөне эмбриология ғылымдарының жаңа мәліметтері негізінде толықтырылып, кеңейтілді және синтетикалық эволюция теориясы деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|