Өмірбаяны Дарвиннің эволюциялық теориясы Дарвиннің еңбектері


Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі



жүктеу 6,04 Mb.
бет4/6
Дата07.11.2022
өлшемі6,04 Mb.
#40034
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6
Пр 3 эволюция ГоСАк

Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі. 


Дарвиннің экспедицияда жинаған мәліметтері және оның замандастарының ғылыми ізденістері барысында жинақталған материалдар тірі табиғаттың өзгеретіндігін көрсетті. Алайда бұл өзгерістердің механизмдері белгісіз болып қала берді.
Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин өзінің ғылыми зерттеулерін жалғастырды. Ол екі қарама-қарсы құбылыс — тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке назар аударды. Бұл кезде тірі организмдердің осы екі қасиетінің табиғаты әлі белгісіз еді, біраң Дарвин эволюциялың өзгерістердің негізінде тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің жатқанын дұрыс түсінді. Дарвин белгілі және белгілі емес өзгергіштікті ажыратты.
Белгілі немесе топтық өзгергіштік сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады және барлық дараларда бірдей білінеді. Мысалы, азығының сапасын көтергенде сиыр көп сүт береді, ал егістікті тыңайтқаннан кейін ауылшаруашылық өсімдіктерінің түсімі жоғарлайды. Алайда, бұл өзгерістер келесі ұрпаққа берілмейді, сондықтан келесі жылы көп түсім алу үшін егістікті қайта тыңайту қажет. Қазіргі кезде өзгергіштіктің бұл түрін тұқым қуаламайтын немесе фенотиптік деп атайды.
Дарвинді өзгергіштіктің басқа — белгілі емес немесе жеке түрі әлдеқайда көбірек қызықтырды. Белгілі емесөзгергіштік дегеніміз — жеке дарада ататектерінде болмаған белгі көрінісінің жарыққа шығуы. Дарвин белгілі емес өзгергіштік тұқым қуалайтындықтан жаңа түрлердің пайда болуын қамтамасыз етеді деп есептеген. Қазіргі заманғы биологияда тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізгі себебі мутациялар болып табылатыны белгілі.
Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктерді өсіре отырып, ағылшын фермерлері ұрпақтардың ішінен қажетті белгі айқын көрінетін дараларды іздеген. Сұрыпталған дараларды бір-бірімен шағылыстырып, келесі ұрпақтағы организмдерден адамға қажетті белгісі ең жақсы көрінгендерін қайта таңдаған. Егер сұрыптауды әртүрлі белгілер бойынша жүргізсе, бастапқы бір формадан бір мезгілде көптеген әртүрлі сорттар мен тұқымдарды алуға болады. Демек, жаңа сорттар мен тұқымдарды шығаруда адам қолдан сұрыптауды пайдаланған.
Қолдан сұрыптау дегеніміз — белгілі бір, адам үшін багалы белгілері мен қасиеттері бар дараларды ұрпақтар қатарында жүйелі түрде сақтап, көбейту арқылы жануарлардың жаңа тұқымдарымен өсімдіктердің жаңа сорттарын алу процесі.
Кейде жаңа тұқымның пайда болуын бірі ірі мутация туғызады. Қысқа аяқты анкон қойы, такса, қисық тұмсықты үйрек осылайша пайда болды, ал 2004 жылы Америкада кейін жаңа тұқымға бастама берген, аяқтары қысқарған мысық табылды.
Қолдан сұрыптауды адам ертеден бері жүргізіп келеді, алайда көне замандағы сұрыптау санасыз болған. Біздің алыс ататектеріміз алдарына белгілі бір мақсат қоймай, өздерінің тек практикалық тәжірибесіне сүйеніп, ең жақсы жануарларды немесе келесі жылға себуге өсімдіктердің ең жақсы тұқымын қалдырып отырған. Ал, егер селекционер алдына белгілі бір мақсат қойып, бір (немесе екі) белгі бойынша сұрыптауды жүргізсе, онда оны әдістемелік сұрыптау деп атайды.

жүктеу 6,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау