Өлшеудің техникалық ҚҰралдары



жүктеу 1,71 Mb.
бет18/42
Дата23.09.2022
өлшемі1,71 Mb.
#39377
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
лшеуді техникалы ралдары

Эластикалық мембраналар – шағын қысым мен қысым айырымын өлшеуге арналған, резеңкелі матадан, тефлоннан жəне басқа да материалдардан жасалған жалпақ (2.4м сурет) немесе гофрленген (2.4н сурет) дискілер болып табылады.
Көп жағдайда мембрананың максималды ықтимал жүрісінің бөлігін ғана қолданады (10 % дейін). Мембарананың үлкен жүрісінде N күші мен мембрана ортасының жүрісі арасындағы байланыс бейсызықты болады.
Бейсызықтықты азайту үшін қатты орталығы бар мембраналарды қолданады: мембрананың екі жағына бекітілген екі металл дискілер орнатылады.
Сезгіш элементтердің (СЭ) барлығына көп ретті қолдану ұсынылмайды, себебі қалдық деформацияның жиналуына байланысты, өлшеудің қателіктері пайда болады. Өлшеу шегі статикалық сипаттаманың пропорционалдық шегіне сəйкес келетін қысымның жартысымен шектеледі (жұмыс істейтін СЭ үшін).
Қысымды өлшеуге арналған деформациялық аспаптар.
Өлшеу аспаптарының (ӨА) жоғары дəлдігі, құрылымының қарапайымдылығы, сенімділігі жəне төмен құны, олардың өндірісте жəне ғылымдық зерттеулерде қолдануына себеп болды.
Бірорамды түтікшелі серіппесі бар ӨА.
ӨА артық қысымды жəне агрессиялы емес сұйық жəне газ тəрізді ортаның сиретілуін өлшеуге арналған.
Аспаптар тек қана көрсетуші аспапт болып орындалады (2.5 сурет).
Деформациялық СЭ бос шетінің орын ауыстырғанын манометрдің көрсеткішіне беру үшін секторлы жəне рычагты берілісмеханизмдері қолданылады. Осы беріліс механизм көмегімен түтікшелі серіппенің бос шеті бірнеше градусқа немесе миллиметрге орын ауыстырғаны көрсеткіштің 270-300 градусқа бұрыштық орын ауыстыруына түрленеді.
Рычагты беріліс механизмдері жоғары дəлдік қажет болмаған кезде жəне аспап вибрацияға ұшыраған кезде қолданылады.
Секторлы беріліс механизмдері үлгілі аспаптарда жəне пайдалану шарты бойынша вибрация болмайтын аспаптарда қолданылады.



    1. сурет – Секторлы беріліс механизмі бар өлшеу аспабы Сұлбадағы белгілер: 1- ұстаушы; 2 - плата; 3 - шкала; 4 - нұсқағыш; 5

- түтікшелі серіппе; 6 - спиральді серіппе; 7 - тісті дөңгелек; 8 - тісті сектор; 9 - ұштық; 10 – тяга (тарту).
Серіппенің 5 қуысы өлшенетін ортамен 1 ұстаушытағы канал арқылы байланысқан. 1 ұстаушы 2 платамен жабдықталған, ал платаға секторлы беріліс механизмі орнатылады. Секторлы беріліс механизмде 7 тісті дөңгелек жəне 8 тісті сектор болады. Беріліс механизмде люфтіні болдырмау үшін 6 спиральді серіппе қолданылады. 8 секторға 10 тарту бекітіледі, ал тартудың басқа шеті 9 ұштыққа бекітіледі.
Тарту арқылы серіппенің бос ұшының орын ауыстыруы тісті секторға беріледі, ал оның айналуы 3 бірқалыпты шкала бойынша көрсетулерді алу үшін 4 нұсқағышқа беріледі,
Бірорамды түтікшелі серіппесі бар вакуумметрлер манометрлерге ұқсас, бірақ нұсқағыш сағат тілі бағыты бойынша да, сағат тіліне қарсы да қозғалуы мүмкін.
Сильфондысезгішэлементі бар ӨА.
Бұл аспаптар асқын қысымды, сиретілуді жəне қысым айырымын өлшеуге арналған. Оларды көрсететін жəне өзі жазатын түрлерде орындайды.
Қысымның айырымын жəне сұйық пен газ тəріздес орталарының шығынын өлшеу кезінде сильфонды дифмонометрлер кең қолданылады (2.6 сурет).




    1. сурет –Сильфонды дифмонометр

Сұлбадағы белгілер: 1,4 – жұмыс сильфондары; 2 – шток; 3 – рычаг; 5 –


қарама-қарсы əсер ету серіппелер.
Өлшеніп жатқан қысымның ауытқуына байланысты 1 жұмыс сильфоны қысылады, сол себептен ол дифмонометрдің ішкі жағын толтырып тұратын жұмыс сұйықтығының 4 жұмыс сильфонның ішкі жағына қарай ығыстырулуына əкеледі. Сильфон деформациясы 2 штоктың орын ауыстыруын болдырады жəне 5 қарсы əсер етуші серіппенің тартылысын өзгеріске ұшыратады. Сильфонның деформация күші қарсы əсер етуші серіппенің тартылыс күшімен теңескенде штоктың орын ауыстыруы тоқтайды. 2 штоктың орын ауыстыру кезінде ол өзі жазатын механизммен байланысқан 3 рычагты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрады.
Қысымның ауытқуының шектері: 0,0063 – 0,25 МПа.
Осы аспаптардағы өлшеніп жатқан асқын қысымның рұқсат етілген шектері: 6,3; 16 жəне 32 МПа.
Дəлдік кластары: 1 жəне 1,5.

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау