Олег Новачуктың алғашқы сөзі



жүктеу 2,6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата01.01.2020
өлшемі2,6 Mb.
#25623
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



2

3

KAZ Minerals Инфо



      

№ 5 (25) қазан 2018

Басшының сөзі

(Олег Новачуктың алғашқы сөзі)

Т

ікелей желі танымал болғаны мені 



қуантады. Сондықтан бұл байланыс 

құралы қанша уақыт керек болса, 

мен сонша уақыт оны өткізе беремін. 

Барлығымызды толғандыратын ал-

ғашқы мәселе – 

қауіпсіздік. Бұл салада-

ғы көрсеткіштеріміз басқа жылдардан қа-

рағанда әлдеқайда 

жақсы. Дегенмен, 

өкінішке қарай, өт-

кен тоғыз айда бір 

адам қаза тапты. 

Артемьев шахта-

сында электрик көз 

жұмды. Бұл жағдай-

ға жол бермеуге бо-

лар еді. Мен оған 

сенімдімін. Бұл жо-

лы барлық ережелер 

бұрмаланғаны анық. 

Естеріңізде болсын 

– жұмыстар қауіпсіз 

атқарылса ғана біздің кәсіпорындар жұ-

мыс істеуі керек. Егер аздаған қауіп туын-

даса, бірден жұмысты тоқтатыңыз. 

Жыл басынан бері қайғылы жағдай-

ға әкеле жаздаған жәйттер де болды. Ай-

талық, Бозшакөл КБК-де жүк көлігі ауда-

рылды. Абырой болғанда жүргізуші аман 

қалды.  

Тағы бір рет өтінемін: қауіпсіздік мә-

селелеріне мұқият болыңыздар. Бұл қыз-

меткерлерге де, басшыларға да айтыл-

ған сөз. Басшылар, сіздердің қауіпсіз 

өндірісті қалыптастыру саласындағы өз 

жауапкершіліктеріңіз бар. Қауіпсіздік 

ережелерін әдейі бұзбақ болғанның өзін-

де, қызметкердің бұған мүмкіндігі барын-

ша аз болуы керек.  

Дей тұрғанмен жақсы нәтижелер де 

бар екенін білемін. 

Қауіпсіздік саласы-

на мұқият болған әр 

қызметкерге алғыс 

айтамын. 



Өндіріс: өкініш-

ке қарай, тоғыз ай-

дың қорытындысы 

бойынша Бозым-

шақтан басқа бар-

лық кәсіпорын-

дар жоспарлы көр-

сеткіштерге жете 

алмай отыр. Әри-

не, бізге бағынбай-

тын объективті жағдайлар да болды. Де-

генмен жыл соңына дейін жағдай оңала-

ды деп үміттенемін. Егер олай болмаса, 

онда сыйақыдан айыру мәселесін қарас-

тырамыз. Бұл шара қарапайым қызмет-

керлерді емес, жұмысты дұрыс ұйымдас-

тырып, жоспарды орындамаған басшы-

ларды қамтиды. 

Биыл елеулі оқиға орын алды – Ақто-

ғай КБК-нің 2-кезегінің құрылысы бастал-

ды. Екінші фабриканың көлемі-бірінші 

фабрика сияқты жылына 25 млн тон-

на кен болады.  Бұл фабрика іске қосал-

ғанда Ақтоғай әлемдегі ең ірі кәсіпо-

рындардың қатарына кіретін болады.  

Бірінші фабриканың құрылысы кезін-

дегі қателіктер ескерілетін болады деген 

сенімдемін. Біз өндіріс бойынша жос-

парлы көрсеткіштерге жетеміз. Жоспар-

ға сәйкес Ақтоғай ІІ-дегі мыс концент-

ратының өндірісі 2021 жылы басталады. 

Ресейге инвестиция салу бірден қа-

былданған шешім болған жоқ. Оны 

ұзақ ойландық. Баимская кен оры-



ны Чукоткада, Поляр шеңберінен әрі 

орналасқан. Бұл қадамға көпшілік 

сенімсіздікпен қарайтынын білемін. Бұл 

жоба туралы мен алғаш рет 2010 жы-

лы естідім. Ол кезде оның қорлары әлі 

расталмаған еді. Былтырғы жылдың ба-

сында кен орынға иелік етіп отырған 

адамдар бізге тағы да хабарласып, қа-

жетті құжаттарды және зерттеу нәтиже-

лерін көрсетті. Біз командамызбен бір-

ге әлемдегі 92 мыс кен орынын зерттеп, 

компаниямыздың даму амалдарын қа-

растырдық. Қолданыстағы депозиттердің 

арасында бұл кен орын анағұрлым перс-

пективалы және әлемдегі ең ірілердің қа-

тарында (Жоба туралы толығырақ 5-бет-

тен оқи аласыздар). 

Ал енді тікелей сұрақтар мен жауап-

тарға көшейік.

Сұхбат неден басталды?

2018 жылғы 25 қыркүйекте Олег Но-

вачук KAZ Minerals қызметкерлерімен 

төртінші жыл сайынғы тікелей желі бары-

сында кездесті. Мыңнан астам қызмет-

кер тікелей сұхбатқа жұмыс орындары-

нан қатысса, 1600 астам адам компания-

ның ресми YouTube-арнасынан бақылап 

отырды.  Топтың ең ірі еңбек жиналысы-

на қатыса алмағандар үшін «KAZ Minerals 

Инфо» корпоративтік газетінің арнайы 

нөмірі дайындалды. 




2

3

№ 5 (25) қазан 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл сайын тікелей желіге келіп түсетін сұрақтардың арасында қызметкерлердің 

қаржылық әл-ауқатына қатысты сауалдар ерекшеленіп тұрады. Еңбекақы, қо-

сымша ақылар, материалдық көмек, компанияның акцияларын сатып алу – осы 

және өзге мәселелерді біз арнайы бөлімге жинадық. 

Ортақ мәселе

2019 жылы еңбекақы көтеріле ме? 

Біз бюджетті жоспарлағанда әрдайым 

тұтыну қоржынын талдаймыз. Алдағы 

бюджет қазан айында жасалады. Инфля-

ция деңгейі мен біздің еңбекақылардың са-

тып алу мүмкіндігінің қаншалықты төмен-

дегенін қараймыз. Егер еңбекақыны өзгер-

ту туралы шешім қабылданса, ол сыйақыға 

емес, негізгі еңбекақыға байланысты бола-

ды. Сыйақы жоспарлы көрсеткіштер орын-

далса немесе асыра орындалса тағайында-

лады. Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздікті 

жақсарту жөніндегі шаралар қолданылса 

сыйақы беруге болады. Ал инфляцияға ке-

лер болсақ, ол сыйақыға әсер етпейді. 

Сонымен қатар, Шығыстүстімет қыз-

меткерлерінің назарын өңірдегі жағдайға 

аударғым келеді. Бір жылы біз еңбекақыны 

жоғарылатқанда Глубокое кентінде алып-

сатарлар бірден азық-түлік бағасын көтер-

генін естіп, қатты қапа болдым. Біз еңбека-

қыны 15%-ға көтергенде, азық-түлік 20%-

ға, дәрі-дәрмектер 30%-ға, киім-кешектер 

25-30% қымбаттап кетті.

Сонда еңбекақымыздың сатып алу 

мүмкіндігі төмендеп кетті. Сондықтан 

бұл мәселеге байыппен қарап, бағалар-

дың бақылаусыз өсімінің алдын алу үшін 

жергілікті билік өкілдерімен жұмыс істеу 

керек. 


Егер Шығыстағы кәсіпорындар бая-

ғыда өз-өздерін ақтап үлгерсе, Бозшакөл 

мен Ақтоғайдың бюджеттері құрылысқа 

алынған несиені өтеу мүмкіндігіне бай-

ланысты екенін түсінген жөн. 2015-2016 

жылдары қызметкерлер өркендеу жобала-

рына жұмысқа орналасқанда олар еңбека-

қы деңгейіне келіскен. Үш жылдай уақыт 

өтті, бұл кезеңде еңбекақы жоғарылады. 

Сондықтан 2019 жылы шешім қабылда-

ғанда біз негізінен бұл нақты мекендегі 

емес, жалпы елдегі орта көрсеткіштерге 

байланысты болады. Ал бюджетті бекіту 

кезінде біз бұл талдауға сүйенеміз. 



Жалпы сипаттағы мамандықтарға 

еңбек аумағының кеңеюі үшін және ұқ-

сас мамандықтарды қатар атқарғаны 

үшін қосымша ақы көзделген бе? 

Заңнамаға сәйкес қызметкер өзінің 

негізгі жұмысымен қатар, басқа лауа-

зымда немесе өзінікі сияқты лауазым-

да қосымша жұмыс атқарса немесе өзінің 

негізгі жұмысынан босамай, уақытша жұ-

мыста жоқ қызметкердің жұмысын атқар-

са, оған қосымша ақы төленуі керек. Егер 

қандай да бір себептерге байланысты 

мұндай ақы сізге төленбесе, тікелей бас-

шыңызға немесе Қызметкерлерді басқару 

қызметіне хабарласыңыз. 



Егер отбасында мүгедек бала бар 

болса, компания тарапынан материал-

дық көмек алуға бола ма?

Компания қызметкерлері бірінші бас-

шының қорынан материалдық көмек алу 

үшін өтініш бере алады. Дегенмен компа-

нияда мүмкіндігі шектеулі балалары бар 

қызметкерлерге материалдық көмек көр-

сетуге қатысты жеңілдіктер қарастырыл-

маған. 


Көмектің кейбір түрлерін, яғни ем-

деу, дәрі-дәрмек және қосалқы жабдық-

тар сатып алу, мүмкіндігі шектеулі балаға 

білім беруді компанияда жұмыс істеп тұр-

ған Әлеуметтік инвестициялар жөніндегі 

комитет арқылы рәсімдеуге болады. Ко-

митеттің қарауына арналған өтініштерді 

толтыратын тұлғалардың байланыс мәлі-

меттері Топтың әр дивизионы немесе 

компаниясының Қызметкерлерді басқару 

қызметінде бар. 

Қызметкерлер KAZ Minerals Тобы-

ның акцияларын қалай сатып ала ала-

ды? Бұрын Save for Shares деген бағдар-

лама болған. Бірақ қазіргі уақытта бұл 

бағдарлама жұмысын тоқтатқаны 

белгілі. 

Акцияларды сатып алудың ең оңай 

жолы – брокерді тауып, оған KASE-ден 

акцияларды сатып алуға тапсырыс беру. 

Акциялар еркін айналымда жүр. Сон-

дықтан кез-келген адам оларды сатып 

ала алады. Мен атын атамай-ақ қояйын. 

Бірақ кез-келген ірі банкте брокерлер 

бар. Олар сіздің акцияларды сатып алу 

жөніндегі тапсырысыңызды оңай орын-

дай алады. 

Дегенмен бұл алып-сатарлық сала 

екенін ескерткім келеді. Біздің акция-

лар ұзақ мерзімге ақша салуға дайын, әрі 

компанияның табысына сенетін адамдар 

үшін жақсы. Ұзақ мерзімді перспективада 

компаниямыз әлемдегі ірі компаниялар-

дың біріне айналады. Ал бұл өз кезегін-

де акциялардың өсіміне әсер етеді. Мен 

бұған сенемін. Өзім де ірі акционермін. 

Өздеріңіз білетіндей, мен өмірімнің 17 

жылын компанияға арнадым және бар-

лық жоспарларды орындау үшін тағы да 

осынша уақыт жұмсауға дайынмын. Бі-

рақ сіз осынша уақыт күтуге дайынсыз ба, 

нарықтың толқуына дайынсыз ба, мұны 

өзіңіз шешулеріңіз керек. 

Нарықта акцияларында сатып алу 

процессі туралы әріптесіміз Жәнібек 

Аманқұлов толығырақ айтты. Оның 

биылғы жылдың 18 қыркүйегіндегі мақа-

ласын www.kazminerals.info сайтынан із-

деп көріңіз. 

«Save for Shares» бағдарламасына ке-

лер болсақ, корпоративтік хатшылық оны 

тоқтатуға шешім қабылдады. Себебі, бағ-

дарламаға қатысушылардың саны аз, бро-

кер-агент арқылы ұйымдастыру шығын-

дары жоғары болды. Бүгінгі күні бағдар-

ламаны қайта іске қосу көзделіп отырған 

жоқ. 

Менің жұмыс өтілім – 26 жыл. Оның 

көп бөлігін мен ОӨК-де кран машинисті 

болып жұмыс істедім. Көзім нашар көре 

бастады, оны лазерлік коррекция арқы-

лы түзеу қажет. Естуімше, ем қабылдау 

үшін жұмыс берушіден 300 мың теңге-

ге дейін қаржылық көмек алуға болады.  

Бұл рас па? 

Бізде директорлық қор деген бар. 

Қызметкерге материалдық көмек көрсету 

мәселесін компания басшысы шеше ала-

ды. Егер ауыр материалдық жағдай болса, 

денсаулық пен өмірге қауіп төнсе, оның 

ішінде ауыр науқасқа байланысты ақылы 

оталар немесе емдеу керек болса, көмек 

көрсетілуі мүмкін. Материалдық көмек 

көрсету мәселесін қарастыру үшін «Шы-

ғыстүстімет» ЖШС басқарма төрағасының 

атына өтініш жазып, онда көмектің мақ-

сатын, қажетті соманы, сонымен қатар, 

материалдық көмек беруді растайтын ақ-

паратты көрсету қажет. Аталған өтінішті 

растайтын құжаттарды (мысалы, меди-

циналық мекеменің анықтамасы, жеке 

куәліктің көшірмесі, өтініште көрсетілген 

құжаттардың көшірмесі, банктің ағымда-

ғы/карталық есепшоттың ашылуы тура-

лы анықтамасы және т.б.) өтінішпен бір-

ге «Шығыстүстімет» ЖШС-нің кеңсесіне 

өткізу қажет. 

Бұдан кейін басшылық материалдық 

көмек беру немесе бермеу жөнінде шешім 

қабылдайды. 



Компанияда үш жыл немесе одан көп 

уақыт жұмыс істегендерді еңбек сіңір-

ген жылдары үшін марапаттау көздел-

ген бе?

KAZ Minerals Тобының компанияла-

рында үш жылдан артық жұмыс істеген-

нен кейін сізге еңбек сіңірген жылдары-

ңыз үшін арнайы белгіше табысталады. 

Бұдан кейін мұндай белгішелер 5, 10, 15 

жыл және одан артық жыл істеген үшін 

тапсырылады. Бұл санатпен  және бас-

қаларымен KAZ Minerals Тобы қызмет-

керлерінің еңбегі мен жетістіктерін тану 

бағдарламасы туралы Ережеден таныса 

аласыздар. Ол үшін компанияның Қыз-

меткерлерді басқару қызметіне хабарла-

сыңыз.


Компания қызметкерлері 

бірінші басшының қоры-

нан материалдық көмек 

алу үшін өтініш бере ала-

ды. 



жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау