91
Қазақ
станда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 29. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден не күтіледі
Осы пайыммен келісесіз бе, келіспейсіз бе? (%)
Келісе-
мін
Келіс-
пемін
Білмей-
мін
Менікі сияқты отбасылар үшін
арнайы әлеуметтік қызметкер
пайдалы болады.
67
20
13
Егер төңіректе мүгедек баласы бар отбасы болса, онда олар қажет-
ті қызметтерге оңай қол жеткізе алады.
52
26
22
Егер төңіректегі баласының мінез-құлыққа
қатысты қиындықтары
бар немесе заңға қайшы әрекет жасаған отбасы болса, онда олар
қажетті қызметтерге оңай қол жеткізе алады.
41
31
28
Алты ай - әлеуметтік қызметтер көрсету өтінішін қарастыру үшін
қолайлы уақыт.
33
53
14
Барлық балаларды мүгедектікке тексеру – мемлекеттің міндеті.
83
9
9
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды анықтау –
мемлекеттің міндеті.
84
8
9
Баласын арнаулы әлеуметтік қызметтерге жіберу - ата-ананың/
қамқоршының міндеті.
85
8
8
Мемлекет мүгедек немесе денсаулығы нашар (мысалы, физиоте-
рапия, реконструктивтік ота) балаларды
әлеуметтік-медициналық
қызметтермен қамтамасыз етуі керек.
89
8
4
Мемлекет мүгедек немесе денсаулығы нашар балаларды әле-
уметтік күтім қызметтерімен (мысалы, үйде көмектесу, қи-
мыл-қозғалысы шектелген адамдарға
арналған жеке көмекші,
ым-ишара аудармашылары) қамтамасыз етуі керек.
87
6
7
Мемлекет әлеуметтік-педагогикалық қызметтермен қамтама-
сыз етуі керек (оқуда қиналатын балаларға арналған мектептер,
ерекше қажеттіліктері бар балаларға
мектепте көмектесетін жеке
көмекшілер).
87
6
6
Мемлекет мүгедек және оқуда қиналатын балаларға басқа бала-
лармен бірге бір мектепте оқуға мүмкіндік жасауы тиіс.
86
6
7
Қаражаты бар отбасылардан арнаулы әлеуметтік қызметтерге өз
қалтасынан төлеуді талап
ету керек
62
30
9
Барлық респонденттер = 276
рек» (33, әйел, үй шаруасындағы әйел, 31.05.17).
Сапалық сауалнама өмірлік қиын жағдайда
қалған балалары бар отбасылардан нақты
әлеуметті қызмет түрлеріне мұқтаждықтарына
қатысты белгілі бір пайымдармен келісетінін,
не келіспейтінін сұрадық. Кесте 29 сауалнама
нәтижелерін төменде көрсетіп тұр. Ерекше маңызды
жайт, отбасылардың 67%-ы арнайы әлеуметтік
қызметкер пайдалы болар еді деп ойлайды екен.
Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ, респонденттердің
басым көпшілігі мүгедектігі бар балаларды тексеру
(83%) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
отбасыларды анықтау (84%) мемлекеттің міндеті
деп санайтынын көрсетті. Яғни, мемлекет осындай
қызметтерді талап етілгенде көрсетуден өмірлік
қиын жағдайда қалған отбасыларды анықтауда және
оларға қажетті арнаулы қызметтерге қол жеткізуін
қамтамасыз етуде белсендірек рөл атқаруға көшуі
керек дегенді білдіреді. Алайда, респонденттер
бұл мемлекеттің ғана міндеті деп білмейді, 85%-ы
үшін ата-аналар және күтім көрсетушілер балалары
арнаулы қызметтерді қажет ететінін мойындауға
және сондай қызметтерге жіберуге міндетті деп
есептейді.
Респонденттердің түсініктеріне қатысты тағы бір
тұс бар, ол – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол
жеткізудің оңайлығы. Респонденттердің тек 52%-ы
ғана төңіректе мүгедек баласы бар отбасы болса, онда
олар қажетті қызметтерге оңай қол жеткізе алады
деп ойлайды. Егер баланың мінез-құлыққа қатысты
қиындықтары болса немесе заңға қайшы әрекет
жасаған болса, аталған көрсеткіш 41%-ға төмендейді.
92
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
6. Қорытынды және
ұсынымдар
Талдау жасау арқылы Қазақстанда әлеуметтік
көмекке және арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қол жеткізуді шектейтін үш түрлі факторды сүзіп
шығардық:
1. Көмекті/қызметтерді аз пайдалану
2. Көмек алу құқығының шектеуші талаптары
3. Қызметтердің жеткілікті түрде болмауы және
көрсетілмеуі
Төменде біз осыларға қатысты негізгі зерттеу
ережелерінің синтезін жасап шығардық:
1. Пайдалану – құқылы адамдардың
көмекке немесе қызметтерге өтініш бере
алмауы немесе бергісі келмеуі.
Әлеуметтік көмекті және әлеуметтік қызметтерді
пайдалануға әсер ететін басты факторлар қандай
көмекке не қызметке құқылы екенін жеткілікті
білмеуге, өтініш беру рәсімі туралы ақпарат аз
болуына, өтініш беру талаптарының күрделілігіне
және өзін-өзі оқшаулауға алып келетін қоғамдық
стигмаға қатысты.
Жалпы, әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қызметтер туралы хабардарлық деңгейі төмен.
Респонденттердің айтарлықтай бөлігі әлеуметтік
көмек туралы естімеген – осылайша, Маңғыстау
облысындағы барлық респонденттердің тек
15% және 19% сәйкесінше АӘК және МБЖ
туралы естіген. Оған қоса, әлеуметтік көмек
туралы естіген, бірақ, ешқашан өтініш бермеген
адамдар өтініш бермеу себептерінің бірі ретінде
ақпарат жоқтығын атаған. Оған әлеуметтік
көмек туралы жалпы ақпарат және әлеуметтік
көмек ала алатындар туралы ақпарат жатады.
6.1 Қорытынды
Осы зерттеу балалары бар табысы төмен
отбасылар әлеуметтік көмек және арнаулы
әлеуметтік қызметтер алу құқығын пайдалану
кезінде тап болатын кедергілердің дәлелін
келтірді. Ұсынымдар үш аймақта – Қызылорда
облысында, Маңғыстау облысында және Астана
қаласында жүргізілген зерттеуге негізделе
отырып жасалған. Осы зерттеу кезінде аралас
әдісті қолданылды, оған үш облыстағы
аудандардағы балалары бар табысы төмен үй
шаруашылықтары арасында сауалнама жүргізу
және көмек алатындар, алмайтындар және
қызмет көрсетушілер арасында сапалық зерттеу
жүргізу кірді.
Осы тарау зерттеудің негізгі нәтижелерін
және анықталған нәтижелер негізінде саясатқа
қатысты ұсынымдарды біріктіреді. Мұнда
зерттеу нәтижелері көмекке және қызметтерге
қол жеткізу тұрғысынан, сонымен бірге, көмек/
қызмет алу сапасы тұрғысынан талқыланған.
Ұсынымдар жасау кезінде саясаттағы шешімін
табу қажет негізгі тұстар жиынтықталды, ал нақты
іс-қимылдар осы есептің негізгі мәтінінде тиісті
зерттеу нәтижелерімен бірге келтірілді.
Әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізу
Біздің зерттеу нақты деректерге сүйенетін
мәліметтер
қорын
қалыптастырды,
ол
қолданыстағы мағлұматты толықтырады және
байытады. Отбасылар өздеріне тиесілі көмекке
және қызметке қол жеткізуде душар болатын
қиындықтардың егжей-тегжейлі көрінісін береді.