56
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Кестеден көрініп тұрғандай, кейбір төлемдер
әлеуметтік көмектің қай түрі бойынша да
белгіленген табыс шегінен әлдеқайда жоғары
болып тұр. Аталмыш төлемдердің кейбірі
отбасының сол жағдайда болуына байланысты
қосымша шығындарға қатысы болмаса да
(көп балалы аналарға және төртінші немесе
қосымша бала үшін берілетін бір реттік төлем
жай ғана балаға қатысты шығындарды өтеу үшін
ғана емес, сондай-ақ, қаржылай ынталандыру
деп есептеледі), олардың көпшілігі қаржылай
өтемақыға мұқтаждықты айқын көрсетеді. Егер
осы төлемдер белгілі бір шығындарды, мысалы,
мектепке арналған кітаптар алуға немесе ата-
ананың мүгедек баласына қарау үшін жұмысын
тастауды өтеуге берілсе, онда есептеу кезінде
ескерілмегені дұрыс.
Сондықтан, әлеуметтік көмек алу құқығын
анықтау мақсатында оларды үй шаруашылығының
табысы ретінде есептеу керек пе, жоқ па, даулы
мәселе. Көптеген ЕО елдерінде осындай аталуы
көмек түрлері аталған мақсатта табыс көлемін
есептеу кезінде ескерілмейді (Ван Ланкер A. 2015),
бұл туралы осы қосалқы тараудың ұсынымдарында
толығырақ баяндалған.
4.2 Жартылай жұмыспен қамтудан
алынған табыс және тұрақты
емес кіріс материалдық жағдай
бағаланғанда табысқа енгізіледі
Көптеген
мұқтаждықты
тексеру
әдістері
кездейсоқ жұмыстан, сонымен қатар, ауыл
шаруашылығынан тапқан табысты ескеруді
талап етеді. Ондай табыстың анда-санда және
өте аз болып тұратынына да қарамайды. Көмек
алушылардың мұқтаждықты тексеру барысында
табысын жасырып қалу немесе төмендетіп
көрсету де кеңінен таралған. Шындығында, көмек
алушылардың алдында тұрған таңдау аса қиын:
не қосымша жұмыс іздемеу не ақша тауып, оны
жасырып қалу. Бұл мәселе барлық мұқтаждықты
тексеру әдістеріне тән.
Бұрынырақта айтылғандай, Қазақстандағы
мұқтаждық тексеру әдісі табысты дұрыс есепте-
меу ережелеріне және тәртібіне байланысты
үй
шаруашылықтарының
табысын
асыра
көрсететінінің дәлелі бар (Карраро Л. және т.б.
2016). Біздің зерттеуге қатысқан кейбір көмек
алушылар кездейсоқ жұмыстан тапқан табыстарын
әлеуметтік көмек әкімшілері қалай түсінетініне
немесе тіркейтініне қатысты алаңдаушылығын
білдірді. Мысалы, бір сұхбаттасушы, төменде,
бір реттік кездейсоқ жұмыстан тапқан табысы
қалайша тұрақты кіріс болып есептелетініне
қатысты алаңдады:
«Біз бай емеспіз, ақша тамақтан артылмай-
ды. Біз ББМЖ алуға құжат жинап жүргенбіз. Ал-
дымен Әкімдік қызметкерлері ББМЖ ала ала-
сыңдар деген болатын, кейін, біз құжаттарды
жинап болғанда, тіркелмеген табысымыз,
қосалқы жұмысымыз болғандықтан және жұ-
мыспен қамту орталығында тіркелмегендік-
тен өтінішміз қабылданған жоқ. Біз олардың
ара-тұра істейтін жұмысымызды байқамаға-
нын қаладық, өйткені, оны да тұрақты кіріс
есебіне кіргізіп жіберетіні анық» (ер, 35 жаста,
өз-өзін жұмыспен қамтушы, 15.05.2017).
Тағы бір респондент, төменде, кездейсоқ
табыс кіріс көлемін тексеру кезінде алынбаса да,
есептеуге енгізілгенін айтып берді:
«Үйде 11 адам бар, олардың тоғызы – бала-
лар, 6 бала 18 жасқа толмаған. Материалдық
жағдай ауыр, ақша тамаққа әрең жетеді. Күй-
еуімнің тұрақты жұмысы жоқ, жұмыспен қату
орталығында тіркелген. Біз 2017 жылға дейін
АӘК және МБЖ алып келдік, бірақ, 2017 жыл-
дан бастап, еш түсіндірместен АӘК төлеуді
тоқтатып тастады, МБЖ қалды. Мен карьер-
ден жаңа келдім, уақытша жұмыс болатын,
әйелім уақытша қоғамдық жұмысқа тұрған,
бірақ, 3 айдан бері жалақысын алған жоқ»
Біз анықтаған дәлелдер бойынша тағы бір
қиындық бар, ресми емес жұмыс орындарында
істейтін адамдар табысы көрсетілген анықтама
тапсыра алмайды. Тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек алу үшін
не жұмыстан анықтама алып келу керек, не
жұмыссыздық анықтамасын тапсыру керек.
Кездейсоқ немесе ресми емес жұмыстарда
істейтіндер де тапсыра алмайды немесе олар
жұмыссыз ретінде тіркеліп, өздері сырттай
бейресми түрде жұмыс істейді. Осы жағдай
3.3-тарауында толығырақ сипатталған және
төмендегі сұхбаттасушымен де түсіндірілді:
«Мен қазір АӘК алып жүрмін, бірақ, бір күні
тізімнен шығып қала жаздадым. Мен - жұмыс-
сыз жалғызбасты көп балалы анамын, біраз
57
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
ақша таппақ едім. Жергілікті әкімшілік осы-
ны біліп қойып, бірден жетіп келді, балалар-
дан менің қайда істейтінімді, жалпы жұмыс
істеймін бе, жоқ па, сұрай бастапты. Балалар
мені біреудің үйін жинауға кетті депті. Олар
маған қоңырау шалып, қанша ақша табаты-
нымды сұрай бастады, табысыңды жасыр-
дың деп кінәлады. Мен оларға осындай жалғыз
мүмкіндік туа қалғанын, балаларды киіндіруге,
тамақтандыруға ақшам жетпейтінін айтым.
Мені тізімнен шығармауын өтіндім. Мен бір
қылмыс жасаған сияқты болдым. Қазір жұмыс
істеуден қорқып қалдым, бір жұмыс шыға қал-
са, тып-тыныш кетіп қаламын, балалар мені
дүкенге, туыстарымызға кетті деп айтады.
Әйтпесе, жалғыз жәрдемақыға күн көре алмай-
мын» (әйел, 36 жаста, үй шаруасындағы әйел,
14.05.2017).
Бұдан екі түрлі қорытынды жасауға болады.
Жалпы алғанда кездейсоқ жұмыстан түскен
табысты ескеруге қатысты анық және түсінікті
ережелер болуы тиіс, мұндай ережелер көмек
алушыларға хабарлануы керек. Нақты ережелер
тұрғысынан тұрақты жұмысты/табысты есептеу
емес, кездейсоқ жұмыстан түскен нақты табысты
есептеу кейбір тұрмысы нашар өтініш берушілерді
көмектен шеттетуі ықтимал.
4.3 Мал мен көлік - тұрмысы нашар
отбасыларға арналған атаулы көмекті
алуда кедергі
Бұл мәселе Маңғыстау және Қызылорда
облыстарының ауылдық жерлерінде байқалды
(бес көмек алмайтын респондент). Жеке
шаруашылығы және жеке меншік көлігі бар отбасы
атаулы әлеуметтік көмектен тыс қалдырады,
себебі, аталған мүлік отбасылардың белгіленген
табыс деңгейінен асып кететін кіріс әкеледі.
Респонденттер қолданыстағы есептеу ережелерін
және тәртібін әділетсіз деп санайды.
«Олар кімде-кімнің тіпті бір тауығы бол-
са, көмек берілмейді деді, бірақ, ол тауық өліп
қалуы мүмкін ғой, ол қайдан жем табады, оны
ұрықтандыратын қораз да керек,бір тауық
әрі кетсе 2 жұмыртқа береді. Тауық, мал әр-
дайым табыс емес, шығын да болады, өйткені,
жем сатып алу керек» (әйел, 31 жаста, әйел,
16.05.2017).
«Тауығымыз болса, комиссия жұмыртқа сата
аласыңдар дейді, түйе саусақ, сүт сата ала-
сыңдар дейді, малымыз болса, одан да табыс
табуға болады дейді, көлігіміз болса, такси
болып ақша табуға болады дейді» (әйел, 35
жаста, үй шаруасындағы әйел, 12.05.2017).
Кірістірме 8: Шаруашылықты және бейресми кірісті қоса есептеу
Шығыс Еуропада ауыл шаруашылығынан және ресми емес маусымдық жұмыстан түскен
табыс ұлттық статистика агенттіктері әзірлейтін егін шығымы, баға және өнім құны
туралы мәліметтерді қолданумен есептеледі (Боярчук Д. және т.б. 2009). Көп елдерде бұл
орталықтандырылған түрде (бірақ, өңірлік ерекшеліктердің және жергілікте бағаны ескере
отырып) жасалады. Басқаларында (Украина, Ресей Федерациясы) стандарттар әр өңірмен өз
бетінше айқындалады. Стандарттар жыл сайын немесе тіпті жылына екі рет (Ресейдің кейбір
өңірлері) қайта қаралады; басқа елдерде үш жыл сайын қайта қаралуы мүмкін (Польша). Түрлі
факторлар, әкімшілік аудандар, ауыл шаруашылығындағы жұмыс түрі (мысалы, егіншіліктен
түскен табыс, мал шаруашылығынан түскен табыс және т.с.с.) және жер/егін түрі бойынша
әртүрлі болады. Ресейде, Молдовада және Польшада стандарттар белгілеу заңмен реттеледі.
Мәлімет алудың басты көзі – үй шаруашылықтарының бюджетін зерттеу. Ондай мәліметке
ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кіріс пен ауыл шаруашылығындағы өндірістік
шығындар кіреді. Аталмыш зерттеу провинция деңгейінде ауыл шаруашылығымен айналысатын
үй шаруашылықтары туралы репрезентативтік мәлімет беруі тиіс. Есептеулерді жүйелі түрде
қайта тексеріп отыру қажет. Мысалы, есептеу стандарттары әдетте жыл сайын немесе тіпті
жылына екі рет (Ресей Федерациясының кейбір облыстары) қайта қаралады; басқаларында үш
жыл сайын қайта қаралуы мүмкін (Польша) (Боярчук Д. және т.б. 2009).