Тақырып: Ежелгі мектеп және тәрбие.
Дәрістің мазмұны:
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Ежелгі Греция — көптеген құлиеленуші мемлекеттерді— полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) — Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әр қайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы зандьшықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктері мен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашьшықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құлиеленуші мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекеменшігіне айналды. Спартандық жөне афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық жене саяси дамуының және мәдениеті жағдайыньң кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу ісіне мән берді. Бүл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын.
Сондықтан да Спарта мемлекетіңде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды.
Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты - спартак балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құлиеленушілер етіп тәрбиелеу болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, отбасы тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген, ал аурулары мен әлсіздерін өлтіріп отырған мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше мән берілді.
Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету көзделді. Жас спартактарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретгі. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді. 18-20 жаста эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты — ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.
Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.
Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық қүрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие жөне білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тербиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді.
Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. V-VІ ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді). Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептергс қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебке (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттыгулардан басқа оқушылармен саяси жөне адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекет басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайыңдығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.
Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне қатыстырылмады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйреңді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.
Ежелгі Римнің көп ғасырлық тарихының дамуында отбасы мен мектеп тәрбиесі және білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты. Ұзақ уақыт Рим отбасында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан отбасының қандай орын алатындығына байланысты еді.
Римде әйел белгілі құқыққа ие болды (мәселен, тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік етті.
4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар отбасында бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Олардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысты, сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты үй ішінде грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандар. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.
Ауқатты емес үйдің балалары бастауыш білімді элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.
Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.
Римде шешеңдік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тілінен, шешендік өнерінен, заңтанудан, математикамен, философиядан білім алды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.
Рим империясының пайда болуымен (б.з.д II ғ.) императорлар грамматикалық пен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырылды, олардың міндеті — императорлық өкіметке берілген шенеуніктерді тәрбилеу. Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Отбасындағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.
Марк Фабий Квинтилиан - белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік қайраткер болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және көне дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан «Шешеннің тәрбиесі туралы» алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Квинтилиан адам табиғатының дамуындағы оның рөлі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, тым жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері — есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы), сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді.
Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі отбасы тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасиеттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынады, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады.
5 тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті — ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін, содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыру мен кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттаудың қажеттігін айтты.
Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер берді. Ол оқыту үрдісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше назар аударды, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді. Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы, мәнерлі сөз, мимика қажет деген еді.
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екеніне, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.
Педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.
№ 5 дәріс
Тақырыбы: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар
Дәрістің мазмұны:
1. Византиядағы мектеп пен тәрбие.
2. Тәрбие мен білім беру жүйесі
3. Византиядағы педагогикалық ойлар
395 жылы Рим империясы Батыс және Шығыс (Византия) деп бөлінді. Византияны 1453жылы түріктер жаулап алды.
4-5 ғасырларда антикалык педагогикалык дәстүр Византияға ыкпал етті. Оны Афина Академиясының жаңа Платон ілімін жалғастырушы және Кіші Азияның, Сирияның, Александрияның жоғары мектептерінде жүмыс істеген мұғалімдер дамытты. Платон ілімін дамытушылар тәрбие мен оқыту баланың рухани өміріне бағытталу керек деп санады. Төрбие баланың өзін-өзі жетілдіріп, өзінің жан дүниесін тануға көмектесетін жүмыстарды ұйымдастыру керек болды. Бұл жүмыстар діни тәрбиенің әдіс-тәсілдері арқылы жүргізілді.
Педагогикалық ой-пікірлерге христиан діні де ықпал етті. Византияның дінді зерттейтін ғалымдары VI-XV ғасырларды діни тәрбие және оқытудың негізін қалаған көптеген ұсынбалар жазды. Мәселен, Авва Дорофей (VI ғ.) құдайды тану жолы мемлекеттік мектептер ашу деп, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы әр адамның басканы жақсы көру сезімін тәрбиелеуге болады деген пікір айтты.
Максим Исповедник (VII ғ.) адамды шағын дүние деп қарап, тәрбие арқылы оның аспан әлемімен ынтымағын, онымен жарасымды өмір сүруін тәрбиелеу керек деді. Адам мен аспан әлемі арасындағы үйлесімдікке жету үшін адам бойындағы жаман касиеттермен күресу керектігін жазды.
Иоанн Дамаскин (675-753ж.) "Білімнің қайнар бүлағы", деген философиялық-педагогикалык еңбегінде жан-жакты, энциклопедиялык білімнің жақсылығы туралы көзқарасты дамытты.
Християн дінінің шығыс бөліміндегі ілімді жалғастырушы Симеон Новый Богослов (949-1022 ж.) ғылыми білімдерге карсы болып, монастырда берілетін діни окыту мен тәрбиені колдап, монастырды адамның жан дүниесінің үстазы деп санады.
Мұндай біржакты көзкараска коғам кайраткері және философ Михнил Псел (1018-1096ж.) оку бағдарламасына шіркеу кағидаларына қайшы келмейтін ғылыми білімдерді және діни білімдерді енгізу керек деген пікірде болды. Ол жақсы адамның моделін жасады. Ол қайырымды, ғылыми білімі бар, әсемдікті түсінетін, қайырымды, ақыдды адам.
Византияның соңғы ірі ойшыддарының бірі Георгий Гемист Плифон (1355-1452ж.). Тәрбиенің мақсаты — жетілген адам тәрбиелеу деп санаған ол, жетілдіретін жолдың біріншісі- адамгершілік тәрбиесі, зұлымдықты жою деп түсінді. Бұл жолдан өту әр адамның өзін жетілдіруіне күш салуына және өздігінен білім алуына байланысты деген.
ХІУ-ХУ ғасырлардағы Визнтияның педагогикасында клерикалдық бағыт күшейді. Бұл дәуірде монахтық бағыт кальштасты. Бұл бағыттың өкілдері ғылыми білімдерге батыл қарсы шығып жеке тұлғаны дамытатын және қалыптастыратын адамгершілік — діни тәрбие деп білді
№ 6 дәріс тақырыбы: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар
Дәрістің мазмұны:
1. Орта ғасырлық Қытай жәнеҮндістандағы тәрбиелеу мен оқыту.
2. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар
1. Гупт империясы (Уғ) құлағаннан кейін орта ғасыр мәдениетінің элеменнттері Индияға да кедді. Қоғам кастаға бөлініп, халықтын кейбір топтары білім ала алмады. Тіпті үш жоғары кастаның балаларына да білім бірдей берілмеді. Ең жоғары каста брахманның балаларын діни кызметкер болуға әзірледі. Екі жоғары кастаның балаларын егінші болуға әзірлеп, оларға геофафия негіздерін, шет тілін, сауданы үйретті. Олар мектептен де, ата- аналарынан да үйренді.
Білім беретін буддалық жүйенің демократиялык сипаты болды. Ол касталық айырмашылықтарға қарамады. Олар баланы үйде емес, монахтарға окытқызды. Будда монастырларында балалар 10-12 жастан бастап оқыды. Окушылардан тәртіп талап етілді, оны бұзғандарды монастырдан қуды. Оларға грамматиканы, лексиканы, медицинаны, философияны, логиканы окытты.Брахман және будда жүйелері бірігіп бірыңғай мәдени - білімдік жүйе жасалды.Бұл жүйе XI - XII ғасырда Индияның көп бөлігін мүсылмандар жаулап алғаннан кейін ыдырай бастады.
Мұсылмандык педагогикалық түжырымдамаларда білімнің адамға пайдасы насихатталды. Ақиқат білімнің меңгерілуіне екі нәрсе кедергі жасайды: сөздердің нақты еместігі, ойдың анық айтылмауы. Төрбие мен оқытуда акиқат идеяларды білдіру үшін дәл сөз бен ойды табуға назар аударылды. Ол үшін логика пәніне ерекше орын берілді.
Әрбір мұсылман құранды араб тілінде оқыды, сонымен қатар XV — XVII ғасырда кейбір мектептерде мемлекет қызметшілері мен ғалымдар қолданған парсы тілін оқыта бастады.Білімді үй мүғалімдері жэне мектептерден алу керек болды. Мектептер мешіт, монастырь жанында орналасты. Ақылы оку орындары басым болды.
Төрт түрлі мұсылман мектебі болды: құран мектебі, парсы мектебі, парсы тілі және құран мектебі, әдебиет мектебі. Мұсылмандар жоғары білімді медреселерде және монастырлық оқу орны — даргабта алды. Олар міндетті түрде араб тілін оқып үйренді. Бағдарламаға грамматика, риторика, логика, метафизика, теология, әдебиет, заң пәндері енді. Оқу көп ретте ауызша жүрді. Мектептерде ер адамдар оқыды, бірак, әрбір бай адам мүғалім шақыртып, өз қызын оқыта алатын болды.
Индиядағы ортағасырлық мұсылмандық білім беру жүйесін реформалау XVI ғасырда басталды. Ұлы Монғол династиясының негізін салушы Бабур (1483-1530) мектепте мемлекетке адал үрпақты тәрбиелеу мақсатын койды. Осыған сәйкес білім және тэрбие жүйесін өзгерту шаралары алынды. Бабур саясатын қолдаушы, оның кеңесшісі Абдул Фазыл Аллаяси (1551-1602) өте қатаң отбасылык тәрбиеге, діни фанатизмге, балаларды өлеуметтік шыққан тегіне қарай бөлуге қарсы шықты. Жаман тәрбие адамды бұзады деп санады.
Әкбар (1542-1605) реформасына сөйкес міндетті оқу жоспарына арифметиканы, алгебраны, геометрияны, медицинаны, агрономияны, басқару негіздерін, астрономияны, бір сөзбен айтсақ ғылыми білімдерді енгізу керек болды. Себебі бұл пәндерді білуді өмірдің өзі талап етгі. Әкбардың сарайында кыздарға арналған мектеп болды, онда гуманитарлық ғылым және парсы тілі оқытылды. Әкбар мен Аллаясидың жоспарлары іске аспай қалды. Оған каржы да, педагогикалық білімдер де, қатаң бақылау да жетіспеді.
Цин династиясы кезінде (біздің заманымызға дейінгі 2 ғасыр) иероглиф жазуы карапайым етіп өзгертілді, бүл сауат ашуды жеңілдетеді. Мемлекеттік және жекеменшік мектептер болды, олар XX ғасырдың басында өмір сүрді.
Хань эулеті (біздің заманымызға дейінгі 2 ғ.-біздін заманымыздың 2 ғасыры) кезінде кағаз пайда болды, оку күралдары өзгере бастады. Бастауыш, орта және жоғары мектептер жүмыс істеді. Алғашқы жоғары мектептерді мемлекет ашып, онда ауқатты отбасыларының балалары оқыды. Хань дәуірінде мемлекеттік идеология конфуция болды. Классикалық конфуциялық трактаттарды оқып үйрену басты міндет болып табылады. Оны оқу 10 жылға созылып, курсты бітіргендер емтихан тапсырып, ғылыми атақ алып, мемлекеттік қызметте жүмыс істеуге мүмкіндік алды.
2. Орта ғасырда тәрбие проблемаларымен дінді зерттейтін философтар айналысты. Олардың көзкарастарының мазмұны діни кағидаларға толы болды. Дін коғамға үстемдік етті. Жас ұрпаққа да діни тәрбие берілді. Бірақ, кейбір қоғамдык топтардын балаларына өзгеше тәрбие берілді. Мемлекеттік феодалдардың балалары рыцарлық тәрбие алды. Олар 7 түрлі рыцарлык, өнерге үйренді. Атап айтсак, атка міну, жүзу, найзаласа білу, аңшылық құру, шашка ойнау, өзінің кожайыны мен жаксы көретін кызына өлең шығару, мерген болу. Оларды жазуға, оқуға, санауға үйреткен жок.
Орта ғасырда жеке тұлғаны жан-жакты дамыту туралы ежелгі ой-пікірлер ұмытылды. Сол кездегі идеологияға сейкес жас ұрпаққа тек кана діни тәрбие берілді.
Қайта өрлеу дәуірінде (15-16 ғасыр) жеке түлғаны жан-жақты дамыту идеясы кайта дамытыла бастады. Томас Мор және Томмазо Кампанелла жаңа коғамды құруды армандап, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оған білім және тәрбие өнімді енбекпен байланыста берілу керек деген ұсыныс айтты.
Осы дәуірдің көрнекті өкілдері итальян гуманисі Витгорино да Фельтре (1378 - 1446), нидерланд ойшылы Эразм Роттердамский (1469-1536), француз жазушысы Франсуа Рабле (1494-1553) және баскалары Орта ғасырлык схоластиканы және жаттанды оқуды сынап, балаларды құрметтеуге шақырды.
№ 7 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХҮІІғ орт.– ХҮІІІғ аяғы).
Дәрістің мазмұны:
Жаңа дәуір басындағы педагогикалық ойлар.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар
Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.
XVII ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың аралығы Англиядағы буржуазиялық революция және Ұлы француз революциясы дәуірі болып саналады. Бұл революциялар жеке елдерде болғанмен, олардың жалпы европалық мәні болды. Бұл революциялар жаңа қоғамдың құрылыс — капитализмнің жеңісін орнатты, сол капитализм позицияларының қалыптасуын және дамуын жеделдетті. Осылардың нәтижесінде феодалдық құрылыс бұл дәуірде экономикалық және саяси әрі рухани дағдарыста болатын.
Франциядағы ұлы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары, ағартушылары әзірледі. Олар сол заманның үстем көзқарастарын сын елегінен өткізді, ғылымның табыстарын жинақтап, жүйеге келтірді және революцияшыл күрестің ұрандарын анықтады.
XVIII ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму процесі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті. Феодалдық тәртіп пен дәстүрлер мануфактураның, қолөнері мен сауданың дамуына кедергі болды.
Феодалдық қүрылысқа сай қоғам үш сословиеге бөлінген болатын: духовенство (бірінші сословие), дворянство (екінші сословие), негізінен шаруалардан тұратын үшінші сословие. Бірақ үшінші сословие біртекті бола алмады, себебі оған шаруалардан басқа ірі фабриканттар да, саудамен айналысқан купецтер де, шеберханаларды меңгеруші мастерлер де және әр түрлі жұмысшылар да кірді. Өздерінің қоғамдық орнына қарамастан бұлардың барлығы да феодалдық үкіметке наразы болды, үшінші сословиеге кірген жаңадан өрлеп келе жатқан буржуазия осы сословие бұқарасының тиран-корольдерге, дворянство мен духовенствоның үстемдік ерекшеліктеріне қарсы бағытталған күн сайын қаулап келе жатңан наразылығын қолдады.
Бүкіл үшінші сословиені соңына ертіп отырған буржуазияның феодализмге қарсы күресі тек экономикалық қатынастармен шектеліп қоймай, бұл күрес ағартушылық философияның дамуында айқын байқалды, мұның өзі XVIII ғасырдың бүкіл саяси еміріне күшті әсерін тигізді. Жаңа (ол кезде революцияшыл), таптың — буржуазияның идеологтары өз шығармаларында корольдық үкіметті де, феодалдың көзңарас-тарды да, діншіл әдет-ғүрыптарды да батыл әшкереледі. Бүл күрес әсіресе XVIII ғасырдың 50—80-жылдарында шиеленісе түсті.
1751 жылы XVIII ғасырдың көрнекті материалист-философы Дени Дидроның редакциясымен «Француз энциклопедиясы» шыға бастады. Энциклопедия біртіндеп феодализмге қарсы ба-ғытталған күрестің идеологиялың орталығына айналды, ол шіркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап отырды. Энциклопедияның айналасына сол кездегі революцияшыл буржуазия интеллигенциясыньщ көрнекті өкілдері болып есептелген философтар мен жазушылар топтасты. Атаңты француз ағартушылары (Дидро, Голь-бах, Даламбер, Вольтер, Руссо т. б.) феодализмнің тірегі больш саналған дінге, феодалдың құрылысқа, феодалдық идеологияға қарсы келіспес күрес жүргізді. Олардың бір тобы (Голь-бах, Дидро, Руссо т. б.) халыңтың өзі «шарт бойынша» үкіметті халық өкілдеріне тапсырған, егер халық тілегі орыңдалмайтын болса, олардан өкіметті ңайтарып алып, басңаларға тапсырады деп мемлекеттің пайда болуы жөнінде «шарттылық» теория дегенді таратты.
Олардың дәлелдеуінше бостандық, теңдік және бауырластық адамның «табиғи құқығы» болды. Француз ағартушылары зор сеніммен жаңа заманның, мәңгі ақыл-сананың үстемдік мұратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалың көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций мен Дидро болды.
Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде жалған әдет-ғүрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән кертартпалық аласталынады делінді.
№ 8 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (ХҮІІғ орт.– ХҮІІІғ аяғы).
Дәрістің мазмұны:
Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемелерінің жаңа типтері.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары.
Педагогиканың негізін қалаушы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28-наурызда дүниеге келген. Бұл кезеңге XV ғасырдың басындағы ұлт — азаттық гусит қозғалысының әсері көп еді. Шаруалар мен қолөнершілер "Богемалық туыстар" атты қауымдар құрды. Осы кауымдастықтың көмегімен Коменский латын орта мектебін, университет бітіреді
1631 жылы "Тілдер мен барлык ғалымдардың ашык есігі" деген кітабын жазып бітіреді. Ол 15 елдің тіліне аударылады. 1654 жылы бірінші ғылыми — педагогикалык, кітаптардың бірі- "Ұлы дидактика" жарык көрді. Осы кітаптағы табиғатқа сәйкестілік принципін, оқыту әдістерін, түрлерін, сынып — сабақ жүйесін қазіргі мүғалімдер әлі қолдануда.
"Білім негізі заттар мен құбылыстарды тану", "Басқа адамдардың ой пікірлерін жаттай беру дұрыс емес", "Есту көрумен, сөз іспен ұштасу керек", "Көрнекілік және ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқыту керек" деген ой-пікірлерді қазіргі мүғалімдер де колданып келе жатыр.
Я. А. Коменский 1641-1654 жылдар аралығында шақырумен Англия, ІШвеция, Венгрияда болып, ондағы мектеп реформасын, оқыту әдістемесін жасауға көп еңбек сіңіреді. 1648 жылы Лешно қаласындағы "чех туысқандығы" кауымның басшысы болып сайланады. Осы жылдары ол " Әлемді суреттеп бейнелеу", "Жастарға арналған мінез-құлық ережелері" деген кітаптарын жазып бітіреді. 1670 жылы Амстердам каласында кайтыс болады.
Оның көзкарастарына гуманизм әсер етеді. Ол бала өміріне пайдалы, қажетті білімдердің берілуін талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін жас ұрпаққа білім, тәрбие беру керек деп санады. Себебі бала тек оқу, тәрбие арқылы калыптасады деген дұрыс пікір айтады.
Я. А. Коменский бағдарламалар, оқулықтар, окыту әдістерін жасауға үлкен үлес қосты. Оқытудың көрнекі, саналы, жүйелі, оқушының шамасына сай болуы керектігін дәлелдеді. Ол білім беру ісін бір тәртіпке келтіруді талап етті. Алғаш болып оқу тоқсандарын, оқушылардың демалысын, оқу күнінің, сағатының ұзақтығын белгіледі.
Коменский тәрбиеші- ұстазды "Мәңгілік нұрдың, қызметшісі"- деп атайды. Сонымен Я.А.Коменский педагогиканың жаңа бағыттарын анықтады. Оның оқулықтары XVIII ғасырдың өзінде-ақ мектептерде кең қолданылды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин Коменскийдің педагогикалық көзқарастарын шығармашылықпен қолданды. Я.А. Коменский педагогиканы, дидактиканы дамытуға үлкен үлес косты.
Жан Жак Руссо 1712 жылы Женевада қолөнерші сағатшының отбасында дүниеге келген. Францияда, Швейцарияда әртүрлі жүмыстар істеген. 30 жасында Парижге келіп, оның зиялы азаматтарымен танысады. 1749 жылы "Өркениеттің адамгершіліктің жақсаруына және нашарлауына ықпалы" деген еңбегінде феодалдық қоғамның кемшіліктерін сынайды. 1762 жылы Ж.Ж. Руссоның "Эмиль немесе тәрбие туралы" деген еңбегі жарық көрді. Онда еркін адамды тәрбиелеу жолдары көрсетіледі.
Руссо 1778 жылы кайтыс болды. Руссо баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, оны табиғат, адамдар, заттар аркылы тәрбиелеп, баланың өз қабілетін көрсетуіне және дамытуына жағдай жасау керек деген. Себебі адам бір нәрсеге өз тәжірибесінде түрлі заттармен жұмыс істеу аркылы үйренеді деген дұрыс пікір айтады.
Табиғи құқықтардың біріншісі — еркіндік деп санаған Руссо жаттанды, тәртібі қатал тән жазасы бар мектептерге қарсы шығады да, баланы құрметтеуді талап етеді, қызығушылыктарын, кажеттіліктерін ескеруге шақырады.
Тәрбиеші - бағыт беруші деп түсінген Руссо оны жаңаша түрде ықпал етуге үндейді.
Жас кезендері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:
Бірінші кезең - туғанына екі жасқа дейінгі шақта негізінен дене тәрбиесі берілу керек.
Екінші кезең - 2-12 жас, Руссоның түсінігінде баланың жүйелі ойлай алмайтын кезі, сондықтан оған көрнекілікті көп керсету керек.
Үшініші кезең — 12-15 жаста ақыл-ой тәрбиесі жаксы беріледі.
Төртінші кезең - 15 жас жалынды шақ, сондықтан негізінен адамгершілік тәрбиесін беру керек деген.
Әр кезең басқалармен тығыз байланыста болады.
Руссо баланың психологиясын білуге тырысқанмен, оны дамыту жолдарын дұрыс көрсете алмады. Ол бала темпераментінің қабілет пен мінезді аныктайтынын, сондықтан барлык баланы бір тәсілмен тәрбиелеуге болмайтындығын дәлелдейді.
Тәрбиешінің міндеті баланың жас ерекшеліктерін, қабілетін зерттеу деп біледі.
Екі жасқа дейінгі тәрбиенің негізі-дене тәрбиесі. Ал екі жастан бастап баланы өлшеу, санау, салыстыру сияқты ақыл-ой жұмыстарының тәсілдеріне үйрету керектігін айтады.
12 жасқа дейін балаға үлгі-өнеге қатты әсер ететінін дәлелдейді. Оның "Меншік" үғымын түсінетінін Эмиль мен Роберттің бақша салатын жер үшін таласымен дәлелдегісі келеді.
12 жаста Эмиль қайратты, өз бетімен жұмыс істейді, оған ақыл-ой, еңбек тәрбиесін беруге болады деген. Баланы қызықтыратын география, астрономия, табиғаттану пәндері деп, Руссо баланың құбылыстарды өз бетімен зерттеу әдістемесін жасады.
Өздік жұмыс, баланың бақылай білуі, тапқырлыкты дамыту-Руссо дидактикасының қағидалары. Көп көрнекілік қабылдауды жақсартады. Көрнекілік - табиғат, омірде болып жатқа түрлі окиғалар. Оның "нақты білімді кітап емес, табиғат береді" - деген пікірі қате.
Еңбек тәрбиесі. Еркін адам ауыл шаруашылығына, қол өнерге үйрену керек, сонда ғана ол ешкімге тәуелсіз болады. Мамандықсыз өмір жоқ. Сондыктан баланы ең алдымен ұсталық өнерге үйрету керек деген.
Эмильге 16 жасында адамгершілік тәрбиесі беріледі. Оның қайырымдылык, жақсы ой, жақсы ерік-жігерді тәрбиелеу сынды 3 міндеті болады. Накты іс баланың жақсы сезімін тәрбиелейді. Сондықтан ұлы адамдардың өмірбаяны және тарихпен таныстырып отырған дұрыс.
Осы жаста Ж.Ж. Руссо өз тәрбиелеушісінде жыныстық тәрбие беру қажет деп санады. Ол үшін балаға жыныстық қатынас туралы, еңбексіз өмір туралы кітап оқытуға шақырды. Еңбектің, таза ауада көп болудың пайдасын дәлелдеді.
Руссо 1789 жылғы Француз революциясын әзірлеген философ-ағартушылармен катар тұрады. Оның педагогикалық көзқарастарының ішінде қатесі де дұрысы да болды. Дұрысы-балаға деген сүйіспеншілігі.
Руссо баланың жас ерекшеліктерін ескеруді, еңбек тәрбиесін, оқытудың белсенді әдістерін қолдануды, оның өмірімен байланысты болуын дұрыс талап етті.
№ 9 дәріс тақырыбы: Батыс еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие.
Достарыңызбен бөлісу: |