Оқытушыға ұсыныстар:
! АҚТҚ/ЖҚТБ ауруының таралуы жайлы мәліметтерді оқушылардың қабылдау қабілетіне
қарай тарату.
! Қазақстандағы АҚТҚ инфекциясының жастар арасында көп таралғандығына көңіл
аудару.
! АҚТҚ-ның алдын-алу жаттығуларының кең көлемде болуы
! Әр адамға денсаулығы өз қолында екендігін түсіндіру
4.2 ЖАТТЫҒУ
АҚТҚ-ның алдын-алу жолдарын оқушыларға түсіндіру түрі
Уақыты:
2 академиялық сағат
Көрнекілігі: түрлі-түсті қима қағаздар, қаламсаптар, қағаз, тақта, маркерлер
Дайындық: Әр қатысушыға керек заттарын таратып беру. Ойынды бастамас бұрын
қатысу-шыларды үш топқа бөлу.
Тапсырмалар: Берілген жаттығудан кейін қатысушылар (болашақ мұғалімдер) мыналарды
білуі тиіс:
1. АҚТҚ ауруының адам өміріне, оның білім алуына , денсаулығына қалай әсер ететіндігін
түсіндіру.
2. Осы аурулармен қалай күресу керек
3. Әр адам өз түсінігі бойынша қабылдау қажет
Мазмұны:
1. АҚТҚ-ның қоғамға және білім алуға әсері
2. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың рөлі
3. АҚТҚ-ның балалар мен жасөспірімдер арасында кең өріс алуын, өмірдегі жағдайлармен
мысалдар арқылы көрсету.
Өту барысы:
1. “Иммундық жүйе” ойынын жүзеге асыру.
2. Ойын өткізу үшін бөлмені оқушы санына қарай үшке бөлу
3. Әр топқа дискуссия мен презентацияны мына тақырыптар бойынша өткізуді ұйымдас-
тыру.
1-топ, “АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жұмысы , оқу ісіне әсері”
2-топ, “АҚТҚ/ЖҚТБ-ның бүкіл әлемдік қауымдастық пен мемлекетке әсері.
3-топ “ АҚТҚ/ЖҚТБ қоғамға ондағы адамзаттың сезіміне, әлеуметке, мәдениетке өмірлік
экономикаға тигізген әсері
4. Әр топтан бір адамға, дискуссияның барысы жайлы қағазға жазуды тапсыру.
5. Әр топтың қатысушыларына дұрыс ойлану үшін,4.2А және 4.2 Б ресурстық материал-
дарын таратып беру
6. Әр топқа қағаз бен маркер таратып беру
7. 2-3 топқа өздерінің презентациясы кезінде 4.2Б қажетті материалдарын график бойынша,
сызба түсіруді тапсыру.
8. Әр топ өздерінің “ізденістерін” қорғайды.
9. Талқылаудың қорытындысын шығару.
Күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылар АҚТҚ инфекциясының қоғамдағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық қарым-
қатынасқа, мемлекетке, бүкіл әлемдік қауымдастыққа әсер ететінін талқылайды.
2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның білім алуға және қоғамға кері әсерін оқушылар дәлелдейді.
3. АҚТҚ-ның қоғамға кері әсер беретіндігі жайлы әртүрлі алдын алу жұмыстарының
жүргізілетінін растайды.
Қортынды:
Қатысушылар мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1.
АҚТҚ/ЖҚТБ адамдарға, әсіресе жастарға қалай әсер етеді?
2.
Білім беру ұйымдары АҚТҚ-ның алдын-алуға көмегін тигізеді ме?
АҚТҚ/ЖҚТБ
ІНДЕТІ
ЖӘНЕ
ОНЫҢ
ӘСЕРІ
72