63
Күткен қорытынды:
Қатысушылар жұқпалы АҚТҚ-ң әртүрлі жағдайындағы қатер дәрежесін бағалайды.
Баға:
Бағалау үшін қатысушының алған білімін сұрау, тесттегі өзің белгілеген жоғары сезім
жауаптары арқылы АҚТҚ жұға ма?
Оқытушыға нұсқау:
Тестті өз еркің бойынша өзгертуге болады;
Мүмкіншілік болса бұл жаттығуды тесттен кейін өткізу керек.
3.4 ЖАТТЫҒУ
“Өрмек ойыны”
Уақыт: 30 минут
Өткізу ережесі:
Бұл ойынды өткізу үшін міндетті түрде 1-ден 20-ға (өлшемі 5см х 4 см) дейінгі саны бар кар-
точкалар (егер 20 қатысушы болса) дайындау керек. Барлық қатысушыға номерімен карточ-
калар тарату керек. Тақ нөмірлі карточкаларды қыз балаларға, ал жұп номерлі карточкаларды
ұл балаларға тарату керек.
Қатысушыларға өздерін бос уақыттарында бірге болуды ұнататын жастар ұйымы екендігін
елестетуін өтіну. Жастар тауға үш күндік түнеуге баруды шешті. 1 және 2, 19 және 20-шы номерлі
қатысушылардың ортаға шығуын өтініп, олардың “ғашықтар” жұбы екенін, сонымен қатар олар
уақытты екеуі ғана өткізіп, бір-біріне адал екендігі және түсіндіру осы жұптарға махаббат туралы
өлең шығаруларын немесе бір өлеңді есіне түсірулерін ұсыну 3, 4, 17, 18 номерлі қатысушылар
“натуралистер”, олар бір-бірімен ешқандай жыныстық қатынасқа түспейтін табиғатты сүйетін
адамдар екендігін түсіндіру және оларға табиғат туралы ән немесе өлең шығаруларын, болмаса
естеріне түсіруін өтіну. Қалған қатынасушы бір-бірімен амандасуын ұсыну және амандасқан
қатынасының номерін карточканың келесі бетіне жазуды өтіну.
Осы тапсырма орындалғаннан кейін, қатысушыларға басқа жағдайды, мысалы, жағажайға
серуендеуді ұсыну. Қатысушылар қайтадан бір-бірімен (енді басқа қатысушылармен) аманда-
сады және олардың номерлерін жазып алады. Үшінші серуен саяжай болуы мүмкін, қатысушы-
лар үшінші рет өздері амандаспаған қатысушылармен амандасады және олардың номерлерін
жазып алады.
Оқытушы қатысушының бірімен-бірі амандасқан мүшеқаптың жыныстық қатынасқа түсуі-
мен тең деп елестетуін өтіну. 13-номердегі қатысушы АҚТҚ ауруымен ауырады деп елестетіңіз.
Содан сол оқытушы бірінші серуендегі 13-ші нөмірлі қатысушымен амандасқан қатысушының
орнына тұруын өтіну (мысалы 5,6,7 нөмірлі қатысушымен амандасқан қатысушыларды ортаға
шығару. Осыдан кейін, қатысушыларға 13 номершімен үшінші серуенде амандасқан және 5,6,7
нөмірлі қатысушымен байланыс жасаған, осы нөмірлермен екінші, үшінші серуенде аман-дасқан
қатысушыларға орнына тұруды ұсыну. Қорытындысында 1,2,3,4,17,18,19,20 нөмірлі
қатысушыдан басқаларының барлығы орындарынан тұрады.
Оқытушы жауапты істі талқылауды ұсынады:
! қорғанбаған жыныстық қатынас;
! үнемі жолдастық ауысым;
! ішімдік қабылдап, жыныстық қатынасқа түсу;
! бір мезетте бірнеше адамдардың жыныстық қатынас және қауіпсіз жағдайда;
! жыныстық ұстану (натуралистер);
! адал және ауру емес жолдас (ғашықтар);
! мүшеқапты дұрыс және үнемі қолдану.
Оқытушы талқылаудан кейін міндетті 13 номерлі қатысушыдан кешірім сұрап, бұл тек ойын
екенін түсіндіріп, бірақ ол өзін-өзі тез түсінуге және әр адамның қорқынышты бағалауына
көмектесетінін айтады. Оқытушы міндетті түрде қатысушыларға АҚТҚ ауруы амандасқаннан
жұқпайтынын түсіндіруі керек. Одан кейін қатысушылардың бәрі бір-бірінің қолынан ұстасып,
мына сөздерді айтады: “Бұның бәрі ойын ғана және осы ортада ойын болып қалсын”
Оқытушыға нұсқау:
АҚТҚ/ЖҚТБ
ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Қорытындылай келе, қатысушыларға өзіне жұқтырып алмау қаупін бағалау
үшін анкетаны ұсынуға болады.
Жұқпалы АҚТҚ және ЖЖБИ қаупінен қорғану үшін бағалау сауалнамасы
1. Сіз жыныстық қатынасқа
мүшеқапсыз түстіңіз бе?
Иә
Жоқ
2. Сіз ішімдік немесе есірткі
қабылдап жыныстық қатынасқа түстіңіз бе?
Иә
Жоқ
3. Сіз есірткіні ине арқылы ортақ
шприцпен, инемен, ыдыспен немесе
Иә
Жоқ
“дозамен” қолдандыңыз ба?
Егер сіз ең болмаса бір сұраққа “ИӘ” деп жауап берсеңіз, онда сіз жұқпалы
АҚТҚ/ЖҚТБ ауруына шалдыққаныңыз.
СІЗ ҚАУІПТІ ІСТЕН ҚАША ОТЫРЫП, ЖҚТБ-ҒА ҚАРСЫ
ШЕШУШІ РОЛЬДІ ОЙНАЙСЫЗ.
Егер сіз жұқтырмасаңыз, онда инфекциядан қорғаныңыз.
Егер сіз АҚТҚ-мен ауырсаңыз, онда басқаларға жұқтырудан қорғаныңыз.
1. Адамның сырт жүзінен қарап сіздің жолдасыңызда АҚТҚ ауруы бар екенін байқамайсыз.
Егер ол сіздің үнемі жүрген жолдасыңыз болса, сіз оның сізге дейін жұқтырмағанына сенімдісіз
бе? Қобалжудың керегі жоқ, мүшеқапты қолдануды ұсыныңыз.
2. Ішімдік және анаша АҚТҚ-ны жұқтырмайды, бірақ соның әсерінен адам өз сенімін
жоғалтып жыныстық жол арқылы жұғуы жоғарылайды.
3. Ортақ шприцпен, инемен, “дозаны” дайындайтын ыдыспен қолданғанда АҚТҚ жұғады. Бұл
жол Қазақстанда кең тараған.
Ресурстық материалдар
3.5 ЖАТТЫҒУ
АҚТҚ/ЖҚТБ туралы аңыз
1. АҚТҚ-мен ауырған адамның қасында отырғаннан да жұғуы мүмкін.
2. АҚТҚ инфекция бұл нашақорлармен төсек қатынасында да болғанда жұғуы мүмкін.
3. Егер АҚТҚ ауруымен ауырған анадан іштегі балаға да жұғады.
4. Егер жүкті әйел жақсы емделіп, күшті әсер ететін дәрілер қабылдайтын болса, онда АҚТҚ-
ның балаға берілу қаупі төмендейді.
5. Адамдар арасында АҚТҚ инфекциясы бірге, маса арқылы тарайды.
6. Егер маса АҚТҚ - мен ауыратын адамды шағып, одан кейін сау адамды шағатын болса,
онда АҚТҚ сау адамға жұғады.
7. АҚТҚ жыныстық қатынас арқылы да жұғады.
8. АҚТҚ телефон тұтқасы арқылы да жұғады, егер сіздің алдыңызда АҚТҚ мен ауыратын
адам телефонмен сөйлессе.
9. АҚТҚ түшкіру мен жөтелу арқылы да жұғады.
10. АҚТҚ көпшілік қолданатын дәретхана арқылы жұғады.
11. АҚТҚ ауыратын адам сау адамның маңдайынан сүйсе де жұғады.
12. АҚТҚ мен ауыратын адамның тамақ ішкен ыдыстарынан да сау адам өзіне АҚТҚ
инфекциясын жұқтырады.
13. АҚТҚ мен ауыратын адам сау адаммен жыныстық қатынаста болғанда да жұғады.
14. АҚТҚ мен ЖҚТБ ХХІ ғасырдағы «ОБА» болып есептеледі.
15. АҚТҚ мен емделген адамдар үшін АҚТҚның жыныстық қатынасы арқылы жұғу қаупі
төмендейді.
16. Көп адамдармен жыныстық қатынаста болатын адамдар АҚТҚ-мен ауруы мүмкін.
17. АҚТҚ-мен ауыратын адамның дайындаған тамағынан адамдар АҚТҚ ауруымен
ауырады.
18. Көпшілік қолданатын бассейн немесе душ арқылы АҚТҚ ауруы жұғуы мүмкін.
64
АҚТҚ/ЖҚТБ
ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ
МАҒЛҰМАТТАР
Достарыңызбен бөлісу: |